Ботаника және зоология кафедрасы магистрлік диссертация



бет12/16
Дата18.06.2020
өлшемі373,5 Kb.
#73875
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Гулназ магистр

ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Картоптың тұқым шаруашылығы, элиталы тұқым шаруашылығынан бастап, тұқымдық картоп өндіретін шаруашылықтан аяқталады. Картоп тұқым шаруашылығының практикалық жүйесі елімізде белгілі функциялар атқаратын бірқатар құрама элементтерден тұрады. Министрлер кабинеті бекіткен үш жүзге жуық «элиталы» шаруашылықтар республиканы аудандастырылған элиталы сорттармен толығымен қамтамасыз етіп тұрады.

Белгілі уақыттан кейін тауарлы шаруашылықтар сорт жаңарту жоспары бойынша элита және сорттық тұқымдық картопты алдын-ала питомниктер мен егістік уческелерде көбейтіп, кейіннен тауарлы картоп шаруашылығында қолданады.

Елімізде картопты аудандарында тұқымдық картоп өндірудің үш тізбегі қалыптасқан. Бірінші тізбек элита өндіретін шаруашылық, екіншісі – элитаны көбейтетін, үшіншісі – колхоздар мен совхоздардың тұқымдық егістері. Бірінші екі тізбек мемлекеттің қолында, онда негізі материал алынып, көбейтіледі.

Үшінші тізбек тұқымдық материалды көбейтуді жалғастырып, оны тауарлы егістерге жібереді.

«Цианамид» фирмасы шығарған жаңа фунгициттердің бірі – 69% Акробат МЦ картопты қорғау бағдарламасында қазіргі кезде шетел технологиясында неғұрлым танымал болып табылады. 1994-1999 жылдары жүргізілген бақылауға қарағанда картоптың өнімділігін 38,2 ц/га жоғарылатқан, сақтау кезінде түйіннің бұзылу көрсеткішін 0,8% төмендеткен. (О.Н.Ионова. Р.Ж. 2001ж.)

Шым-күлгін топырақтарда көпфакторлы егістік тәжірибе шартында топыраққа көңмен 20 т/га минералды тыңайтқыштар N40Р60К80 қосып бергенде, үш жылда картоптың орташа өнімділігі 28% көтеріліп, крахмал мөлшері 1,2% төмендеген. (О.Н.Ионова. Р.Ж. 2001ж.)
Сорттық тұқым. Картоппен жүргізілетін үздіксіз селекция жұмыстары нәтижесінде жаңа құнды сорттар шығарып отырады. Селекционерлер шығарған әрбір жаңа будан мемлекеттік сынаққа жіберіледі. Сынақтан өткеннен кейін өндіріске еңгізу үшін аудандастырады. Жаңа сорттар әдетте мол өнім береді.

Тұқым шаруашылығы жүйесінің бірінші мақсаты – жаңа сорттардың сорттық тұқымдық материал элитасын өндіру мен өнімі аз ескі тұқымдық материалды жаңа өнімді көп беретін материалымен тез арада ауыстыру. (Н.С.Баканов. 1959ж.)


Сорт жаңарту. Ғылым мен практиканың көп жылдық мәліметтері бойынша картоп әр түрлі ауруларға шалдығуына байланысты және басқа да себептермен өзінің кейбір бағалы қасиеттерін жоғалта бастайды.

Германияда картоптың 40 сортының ауруларының дамуын және өнімінің төмендеуін зерттегенде орташа төмендегі мәліметтер алынған.

Сорт жаңартуға қажетті тұқымдық картопты колхоздар мен совхоздарды толығымен қамтамасыз ету тұқым шаруашылығының негізгі екінші мақсаты. (Н.Н.Балашов. 1963ж.)

Сорттарды табиғат жағдайына, репродукция барысында тұқымдық қасиеттерінің өзгеруіне байланысты жаңартады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет