Ботаника және зоология кафедрасы магистрлік диссертация



бет13/16
Дата18.06.2020
өлшемі373,5 Kb.
#73875
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Гулназ магистр

ТҰҚЫМДЫ КАРТОП ӨСІРУ

Еліміздің территориясында түрлі топырақ жағдайы әр түрлі, барлық мәдени өсімдіктер сияқты өзіне түрлі табиғат жағдайын қажет етеді. Сорттық ерекшеліктері картоптың бейімделушілік қасиеттерін аса көбейтіп отырған жоқ. Биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолайлы жағдай жасаған жерлерде ғана жоғары сапалы тұқымдық материал алуға болады. (В.Вейленберг. 1960ж.)

Картопты тұқымнан көбейтудегі басты мақсат – аудандастырылған сорттардың жедел көбеюі, республиканың жоғары репродукциялы егіс сорттарына тұтастай көшуі, сорттарды уақытында жаңарту және де сорттарды жылдам ауыстыру. (Гордлеева А.В., Смирнова Т.В.)

Тұқымдық егістерді жері құнарлы, ылғал жеткілікті жерлерде орналастырылады.

Көптеген зерттеушілердің пікірінше тұқымдық картопты торфты топырақта өсірген қолайлы. Бірақ көп жылдар бойы мұндай топыраққа егу талапқа сай келмейді.

Жоғары температуралы және ылғал жетіспейтін аудандарда тұқымдық егіске суармалы жерлер мен лимандар бөлінеді, таулы аудандарда – тау үсті жазықтар пайдаланады. Егістік картоп бір жыл тауда өсірілгенде тұқымдық картопты біраз сауықтандырады.


Егіс жиілігі. Тұқымдық егістерде егістің жиілігі тек өнімге ғана емес, сонымен қатар өнімнің сапасына да әсер етеді. Н.Н.Бапишеваның зерттеулері бойынша оңтүстіктің жағдайында картоптың отырғызылатын жиілігін 40-50 см-ден 20-25 см-ге, жазда 10 см. тереңдікке топырақ температурасын 3-3,5-қа, ал өсімдіктер арасында температураны 1,2-2-қа төмендетеді.

О.Н.Ионова ( Р.Ж. 2001ж.) келтірген дәлелдемелері бойынша картопты түйінінен өсіргенде 60-80% және меристемамен, тұқыммен өсіргенде 25-30% маусымдық фотосинтетикалық қызмет түйіннің көлемінің өсуіне бағытталған. Вегетация дәуірінің бірінші жартысында барлық ассимиляциялық процестер түйіннің ерте үлкеюіне бағытталады. Меристемадан алынған сауықтырылған түйіндерді көп жыл өсіргенде, олардың өнімділігі жоғарыламайтыны байқалған.

Тұқымдық картоп жинаудың екі түрлі ерекшелігі бар. Біріншіден жинау барысында жүргізілетін операциялар түйнекті зақымдамауы қажет. Екіншіден өнімді уақтылы жинап, дәлірек айтсақ, уақытынан ертерек жинау қажет.

Көптеген зерттеулер нәтижесінде жоғары репродукциялы элиталы сорттарды ерте жинағанда жеткілікті дәрежеде көбею коэффицентін қамтамасыз етіп, шаруашылыққа ысырап келтірмейтіндігі дәлелденген. Картопты ерте жинағанда сабақ немотодасы ауруынан сауығады. Картопты жинау мерзімі туралы деректерге қарап неғұрлым ерте картопта аурулар аз кездесетінін көруге болады. (В.М.Карпукова.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет