Ботаника Оқу әдістемелік құралы


тақырып Түзуші ұлпалар. Жабындық ұлпалар



бет6/35
Дата17.02.2017
өлшемі13,44 Mb.
#9670
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

5 тақырып Түзуші ұлпалар. Жабындық ұлпалар

Мақсаты:

  • түзуші ұлпаның өркен және тамыр бой конустарымен танысу

  • жабындық ұлпалардың құрамдарымен, құрылыстық ерекшеліктерімен танысу

Жоспар:

  1. Түзуші ұлпалар

  2. Жабындық ұлпалар

Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулар

  1. Сужапырақ өркенінің бой конусын жас жапырақтардан тазартып (жұлып тастап), одан уақытша препарат дайындау

  2. Осы препараттардан бой конусындағы төбе меристемасы қабаттарының (дерматоген, перибела, плерома) орналасу ерекшеліктерін зерттеу

  3. Зерттеу барысында қабаттардағы клеткалардың көлеміне, орналасу ерекшеліктеріне көңіл аудару

  4. Тамыр промеристемасын бидай немесе пияз тамырларының бой конусынан жасалған дайын препараттардан қарау

  5. Сабақ және тамыр бой конустарының суреттерін салып, тиісті белгілерін жасау

Өркеннің бой конусы. Лабораторияда өсімдік сабағының бой конусын зерттеу үшін сужапырақ (Elodea canadensis) өсімдігін аламыз. Сужапырақ - су өсімдігі. Жыл бойы бөлме жағдайында аквариумдарда өсіріледі. Өсіп түрған сужапырақ өсімдігі өркеннің бой конусынан уақытша препарат жасалады. Сужапырақ өркенінің ұшынан 5-6 мм-ден асырмай кесіп алып, оны таза зат әйнегінің үстіндегі бір тамшы суға салып, әйнекті микроскоптың үстелшесіне ыңғайлап орнатып, клеммамен қысып қояды. Одан соң сол қолға ине, оң қолға үшкір пинцет алады. Инемен сужапырақтың бір шетінен басып тұрып, екінші жағынан пинцетпен жапырақтарды біртіндеп жұлады. Жапырақтары жұлынған сужапырақтың бой конусын су мен шайып, үстін жабық әйнекте ұстап, микроскоптың әуелі кіші объективімен, сонан кейін үлкен объективімен қарайды. Егер сужапырақ жөнді көрінбесе, оны хлоралгидрат ерітіндісіне немесе щавель суының тамшысына салу керек. Сол кезде күңгірттеніп тұрған бөліктері еріп кетеді. Бұдан соң әлгі реактивті жабық шынының бір шетінен сорғызып алып, оның орнына су жіберіп, қайта қараған кезде жақсы көрінеді


Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет