Бозайғыр орта мектебінде 2016 жылдың 2-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану» пәнінен «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің



бет3/3
Дата07.02.2017
өлшемі0,72 Mb.
#8947
1   2   3

Ақпанның 5-і 5-7 сыныптарда музыка пәні мұғалімі Сулименова Н.О.«Ән көңілдің ажары» атты ән сайысын өткізді. Әр сыныптан өнерлі екі оқушыдан шықты. Оқушылар сайыста өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті.



Ақпанның 6-ы 3«Б» сыныбында  Отан М. «Ақыл-жастан, асыл-тастан » атты ашық сабақ өткізді. Оқушылар қызықты тапсырмалар орындады, сахналым қойылым қойды. Мұғалім әр видеоролик корсетті, оқушылар  ой-пікірлерін ортаға салды.

Ақпанның 8-і күні 3 «А» сыныбында Хожабай М «Өнерлі бала - сүйкімді» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ жоғары деңгейде өткізілді. Мұғалім оқушыларға сүйіспеншілік туралы өзін-өзгелерге ортаны сүйе білуге үйретті.




Ақпанның 9-ы 1«А» сыныбында

Сманова А.Ж. «Қамқор болып өсемін» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ақпанның 10-ы күні Сулекеева А.М. 5«А» сыныбында «Сабырлылық пен ұстамдылық» атты ашық сабақ өткізді. Сабақта мұғалім сабырлылыққа, ұстамдылыққа жеке-жеке тоқталып кетті. «Тәубеңе кел» атты видео ролик көрсетіліп, оқушылар өз ойларымен бөлісті. Сабақ өтте тартымды өтті.




Сол күні 0«А» сыныбында Жадикова Ж.О. «Мен ұқыпты баламын» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақта оқушылар ұқыпты болуға келісті. Сабақта ойындар өткізілді. Сабақ өз дәрежесінде өтті.

Закириш Г 2«А» сыныбында «Обал мен сауап» атты ашық сабақ өткізді. Оқушылар сабақтан обал мен сауап жайлы көп мәлімет алды. Сабақта оқушылар өз ойларын ашық айтып талқылады.
Ақпанның 11-і 6-8 сыныптар арасында «Анама рахмет!» атты эссе жазылды. Оқушылар анаға деген құрметтерін өлең жолдарымен жырлаған. Өмірдегі бірінші адам ана екенін, оған деген сүйіспеншілікттерін сөзбен жеткізе алмайтындарын жазған.

Соңғы ақпанның 12-і күні қорытынды «Өзін-өзі тану атты әлемі бар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Пән мұғалімдері «Өзін-өзі тану» сабақтарында оқушылар өздерін еркін сезініп, бір-біріне өздерінің отбасындағы адамдар жөнінде, олардың өздеріне қаншалықты ыстық екендігін жеткізе алады. «Өзін-өзі тану» бұл тек өзі туралы біліп қана қою емес, қоғамдық-қатынастар жүйесіндегі, адамдар арасындағы өз орнын таба білу, өзін тұлға ретінде сезіну. Өзін және қоршаған ортаны тану арқылы баланың жан дүниесін байытып, рухани –адамгершілік білімді халықтық дәстүр арқылы жеткізу. Бала өз елінің, халқының мәдениетін сәби шағынан біліп өсуі маңызды. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік асыл қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеу отбасы мен біздердің ең басты міндетіміз деп өз ойларын айтты.



Онкүндікке белсенді қатысқан оқушыларды грамотамен марапаттады. 

Әдістеме бірлестігінің жетекшіс: Сулекеева А.М.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет