Бронхоэктаз ауруы Орындаған: Мирзасалиева Д. М


Жіктемесі І. Аурудың түрлері: а) жеңіл (бронхиттік); ә) ауырлау



бет2/5
Дата21.11.2022
өлшемі2,4 Mb.
#159109
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бронхоэктаз ауруы

Жіктемесі

  • І. Аурудың түрлері:
  • а) жеңіл (бронхиттік); ә) ауырлау;

    б) ауыр; в) құрғақ қанағыш.

  • ІІ. Эктазияның түрі (бронхография бойынша):
  • а) цилиндрлік; ә) қапшық тәрізді;

    б) ұршық тәрізді; в) аралас.

  • ІІІ. Бір немесе екі жақты.
  • ІV. Орналасу сегменттері (белгілеу қажет).

Жіктемесі

Клиникалық көрінісі.

Ауру 5-25 жас аралығында басталады.

Негізгі белгілері – жөтел‚ ауызды толтыра іріңді қақырық тастау‚ пневмониямен жиі ауыру. Жөтел дене қалпын өзгерткенде күшейеді. Қақырықтың тәуліктік мөлшері өршу кезінде көбейеді‚ әдетте 30-500 мл шамасында.

Әсіресе таңертеңгі уақытта қақырық мол бөлінеді‚ қақырық іште іркілгенде иісі сасық болады.

Клиникалық көрінісі.

Тамырлардың зақымдануынан қақырыққа қан араласуы‚ кейде өкпеден қан кетуі де ықтимал. Тұндырылған қақырық үш немесе екі қабатқа айырылады. Аурудың өршу кезінде кеуденің ауырсынуы мен интоксикацияның белгілері болады: әлсіздік‚ бас ауыруы‚ дене қызуының биіктеуі және қақырық іріңдігінің көбеюі.

Клиникалық көрінісі.

  • Көбіне дене қызуының тербелісі қақырықтың іркілуіне байланысты. Қақырық мол түскен соң дене қызуы да төмендейді. Жүре-бара тері жамылғысы сұрланады‚ қол ұштарында “сағат әйнегі”‚ “дабыл таяқшалары” белгілері болады‚ науқас жүдейді және анемия қосылады.
  • Кеуденің ауырсынуы плевраның зақымдануын дәлелдейді. Аурудың өршу кезінде қақырыққа толы ірі бронхоэктаздардың бетінен тұйық дыбыс шығуы мүмкін.

Клиникалық көрінісі.

  • Аурудың негізгі физикалық белгісіне зақымданған ошақтарда бәсең дыбысты ұсақ көпіршікті‚ ылғал сырылдардың үнемі естілуі жатады. Әдетте‚ жөтелгеннен соң сырылдар азаяды.
  • Бронхоэктаз ауруы көбіне жазғы және күзгі маусымдарда өршиді. Оның өршуіне салқындау‚ грипп‚ өзге респирациялық инфекциялар түрткі болады. Жүре-бара пневмосклероздық өзгерістер мен эмфизема туындайды‚ осыған байланысты алдымен тыныс шамасыздығы‚ кейін созылмалы өкпетекті жүрек дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет