Бұршақтар, қалақайлар, шамшаттар тұқымдастарына сипаттама Құттыбек Айдарбек Тілеубекұлы



бет1/5
Дата12.05.2024
өлшемі4,17 Mb.
#201996
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Айдарбек слайд 7
Арендер. Бензол тақырыбына химия пәнінен презентация, тұрлаусыз мүше, тест 9 кл

Бұршақтар, қалақайлар, шамшаттар тұқымдастарына сипаттама

Құттыбек Айдарбек Тілеубекұлы


ЖОСПАР:
1. Негізгі бұршақ тұқымдасына анықтама беру. 2. Ботаникалық сипаттама. 3. Бұршақ тұқымдастарының тамыр жүйесі. 4. Бұршақ тұқымдасының түйінді тамыры. 5. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің шаруашылық мәні.
6. Қосымша материал: Қалақайлар мен Шамшаттар тұқымдастары

Бұршақ тұқымдастар

Бұршақ тұқымдастар – қосжарнақтылар класына жататын, сырт пішініне қарай ағаш, бұта лиана, шала бұта, көпжылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер болып келеді. Бұл тұқымдастардың шаруашылық мәні зор. Бағалы азық-түлік және жемшөптік дақыл ретінде ең ірі тұқымдастардың бірінен саналады. Жер шарына кең таралған 500 туысы, 12 мыңнан астам түрі бар. Қазақстанда бұршақ тұқымдастардың 42 туысқа жататын 650-ге жуық түрі бар Қазақстанда, егістік және көкөністік мәдени бұршақ тұқымдас өсімдіктерден асбұршақ, үрмебұршақ, соя, жамбасбұршақ өсіріледі. Кейбір бұршақ тұқымдас өсімдіктер әсемдік үшін өсіріледі. Оларға сары қараған, ақ қараған, және жұпар бұршақтарды атауға болады. Бұршақ тұқымдастардың кейбір іріктемелерінен, мысалы соядан, жер жаңғағынан май алынады. Ал кейбір тұқымдастарынан: қызғылт, қызыл және қара ағаштан қымбат үй жиһаздары жасалады. Сондай-ақ мия тамыр, түйежоңышқа, қоянсүйек сияқтылардан әр қилы дәрідәрмектер мен бояулар, илік заттар алынады. Бұл тұқымдастардың бірсыпыра түрлері шалғындықта, тоғай арасында бұта түрінде жабайы да өседі. Бұлар – жоңышқа, түйежоңышқа, егістік беде, т.б. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің бір тобының сабағы мықты емес, жер бауырлап өседі. Ал екінші бір тобының сабағы мықты, тік өседі. Енді бірінің сабағы мұртшаға айналып, өрмелеп өсуге бейімделген.

Ботаникалық сипаттамасы

Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің бір тобының сабағы мықты емес, жер бауырлап өседі. Ал екінші бір тобының сабағы мықты, тік өседі. Енді бірінің сабағы мұртшаға айналып,өрмелеп өсуге бейімделген. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің жапырағы бірнеше кішкене жапырақтардан құралатын қауырсын тәрізді, күрделі жапырақ; қатар салалы, үшқұлақты, саусақ салалы болып келеді. Гүлі дұрыс құрылмаған – зигоморфты,гүл қоршауы, күлтежапырақшасының мөлшері, пішіні де бірдей емес. Гүлсерігі қосарланған, біріккен тостағанша жапырақтардан – 5 тостағанша, күлтежапырақшадан – 5 күлте түзіледі. Күлтежапырақшалардың пішініне қарай аттары бар. Ең ірі жоғарғы күлтежапырақша – желкен, бүйіріндегісі – ескек, төменгі біріккен екі күлте жапырақша – қайықша деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет