«буылтық ҚҰрттар типі. Аз қылтанақтылар класы. Сүліктер класы»



бет7/8
Дата06.12.2022
өлшемі2,24 Mb.
#161433
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Зоология 9-апта
Әріпес сабағына талдау, 35, 21 мс 4 топ гастрит

Көбеюi. Аталық бiр жұп жыныс бездерi бұршақ пiшiндес, екi бүйрегiнiң үстiнде тұрады. Олардың әрқайсысынан тұқым түтiгi (семяпроводы) шығады да клоакаға енедi. Арнайы шағылысу мүшесi болмаса да, ұрықтану аналық құстың iшiнде болады. Бұлар шағылысқанда еркегiнiң (спермасы) тұқымы ұрғашысының клоакасының iшiне құйылады.

  • Көбеюi. Аталық бiр жұп жыныс бездерi бұршақ пiшiндес, екi бүйрегiнiң үстiнде тұрады. Олардың әрқайсысынан тұқым түтiгi (семяпроводы) шығады да клоакаға енедi. Арнайы шағылысу мүшесi болмаса да, ұрықтану аналық құстың iшiнде болады. Бұлар шағылысқанда еркегiнiң (спермасы) тұқымы ұрғашысының клоакасының iшiне құйылады.
  • Аналық жыныс бездерi барлық құстарда да тек қана сол жақ аналық безiнен және сол жақ жұмыртқа жолынан тұрады. Оң жақ аналық безi кейбiр ғана құстарда дамыған (мысалы, күндiзгi жыртқыштарда, үкiлерде, тотыларда т.б.). Оң жақ жыныс бездерiнде жұмыртқа жетiлгенiмен, ол сол жақ жұмыртқа жолы арқылы сыртқа шығады. Аналық жыныс бездерiнiң бiр жағында дамымауы, ол құстардың салмағын жеңiлдету бағытында болуы ықтимал. Жетiлген жұмыртқа клеткасы сары уызбен қоректенiп (оралып) жұмыртқа жолының воронкасына түседi де, оның бойымен қозғалады. Жұмыртқа жолы бiрнеше бөлiмнен тұрады: кең бөлiмi iшкi қабырғасында белокты заттар мен халазы бөлiп шығаратын бездерi болады; ең ұзыны iшкi қабырғасында жұмыртқаның жұқа белокты қабығы бөлiнедi; жақсы дамыған еттi қабаты жатын, онда жұмырқа қабыққа оралады (жатын iшiнде жұмыртқа 12-20 сағат болады). Жұмыртқа жолының соңғы бөлiмi қынап (влагалища), осы жерде дайын жұмыртқа клоакаға түседi. Жұмыртқа клеткасының ұрықтануы жұмыртқа жолының жоғарғы бөлiгiнде өтедi.

Дамуы. Шағылысқаннан кейiнгi ұрықтанған жұмыртқаның дамуы ана-ұрғашы құстың iшiнде басталып, жұмыртқа сыртқа шықаннан кейiн де дами бередi. Барлық құстар жұмыртқа басады, демек денесiнiң жылуымен оларды жылытады. Әдетте жұмыртқаны ұрғашысы басады, кейде екеуi де (еркегi және ұрғашысы) немесе еркегi ғана басады. Эмбриондардың (ұрықтың) даму ұзақтығы әр құстың түрiнде түрлiше. Мысалы, тауықта- 21 күн, құстың үлкенi түйеқұста – 55-60 күн, ал ең кiшкентай құс колибриде – 10-12 күн. Ұсақ торғай тәрiздi құстардың жұмыртқаларының дамып шығару мерзiмi 9-14 күн, қарғалардiкi – 17-20 күнде, бүркiттiкi – 44 күнде, кекiлiктер – 21 күнде, қырғауыл – 21-25 күнде, жабайы үйректер – 28-24 күнде балапан шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет