Сабақтың тақырыбы: «Безу теоремасы. Горнер схемасы»



Дата17.02.2022
өлшемі14,83 Kb.
#132189
түріСабақ
Байланысты:
Әріпес сабағына талдау
Зоология 9-апта, 35, 21 мс 4 топ гастрит

Әріптесім өткізген сабақты талдау
Қаңтар айының 31-і күні группаласым Алдонсагарова Гүлсәнемнің 10«Ә» сыныбына өткізген ашық(сынақ) сабағына қатыстым. Ашық сабақтың тақырыбы: «Безу теоремасы. Горнер схемасы».
Жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын үй тапсырмасы сұралып, өткен тақырыпты еске түсірді. Содан кейін оқушыларға жаңа тақырыпты,яғни Безу теоремасының және Горнер схемасының не керегі бар екенін, тиімді жақтарын айтып түсіндірді. Тақтаға кесте салып, оқушылардың көмегімен бірге толтырып отырды. Сонымен қатар, жаңа тақырыпты түсіндіруде мысалдарды қолданды. Оқушылармен кері байланыс жасау үшін бекіту сұрақтары қойылды. Оқушылар белсенді болып, қойылған сұрақтарға жауап беріп отырды. Оқушылармен топтық, жұптық, жеке жұмыстар жасалды. Гүлсәнем сабақты оқушыларға түсінікті тілде өткізе білді.
Сабақ жоспар бойынша толық орындалды, сабақтың мақсаты жүйелі түрде ашылды. Гүлсәнем өтілген тақырыптарға шолу жасап, зерттеу жұмысын орындады, сыныппен талдау жүргізді. Тақырыпты қорытындылау мақсатында «Kahoot» бағдарламасы бойынша тест тапсырмалары берілді. Тапсырмалар деңгейі «қарапайымнан-күрделіге» принципімен құрылған. Тапсырмаларды орындауға уақыттың тапшылығы кедергі келтірсе де, оқушылардың сабаққа қатысу деңгейі жоғары болды. Оқушылар сыни тұрғыдан ойланып, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білді. Гүлсәнем оқушылардың жауаптарына толықтырулар енгізіп, қосымша мысалдар да келтіріп отырды. Сабақ соңынла рефлексия арқылы оқушылар берілген материалды толық игергендігін және өз білімдерін жетілдіргендігін айтты.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет