Буканова асель кайратовна



бет23/31
Дата18.10.2023
өлшемі7,27 Mb.
#186441
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
Байланысты:
bukanova-a-k-povtor-phd-s-sp
Документ, 9cd341f6cf23de6dffad7129c78c8a93, Dayyn-1, 2 дәріс
2-ші сабақ үлгісі.
Тақырыбы: Қоғамды ақпараттандыру және цифрландыру. Қоғамды ақпараттандыру. Робототехника. STEAM оқыту. Цифрландыру (19-сурет).



Сурет 19 – дәріске берілген презентация




Дәріс 8. Бүгінгі ақпараттандыру заманында қазіргі өмірді ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Ақпараттық революцияның екпінді дамуы нәтижесінде ақпарат мемлекеттік басқарудың басты ресурсына айналды. Тіпті ақпараттық мемлекет деген жаңа термин пайда болды. ҚР Президентінің жарлығымен 2013 жылы 8 қаңтарда «Ақпараттық Қазақстан – 2020» Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
Ақпараттық қоғамда басты ресурс ақпарат болып табылады, дәл осы ақпаратқа ие болу негізінде әр түрлі процестер және құбылыстар туралы кез келген қызметті тиімді және оңтайлы құруға болады. Ақпараттық қоғамды дамытудың негізгі белгілері компьютерлердің болуы, компьютерлік желілерді және сондай-ақ күнделікті қызметте ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдаланатын, ақпараттық салада қамтылған халықтың санын дамыту деңгейі болып табылады.
Ақпараттық қоғам дамыған және қол жетімді инновациялық және ақпараттық технологиялардың және қол жетімді инновациялық және ақпараттық технологиялардың инфрақұрылымы есебінен халықтың хал-ахуалының жоғары деңгейіне жетуге бағытталған.
Қазақстан өз кезегінде жаһандық ақпараттық қоғамның қалыптасу процесіне барынша үлес қосуда. Сол себепті барлық қажетті шарттарды тудыру үшін «Ақпараттық Қазақстан – 2020» Мемлекеттік бағдарламасы әзірленген, олар біздің елдің ақпараттық қоғамға толыққанды ауысуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар қоғамды жаңғыртудың маңызды факторлары адамдардың өмір сүру салтына, экономикалық көрсеткіштерге ықпалы АКТ қазіргі Қазақстан азаматтарының өмірі мен экономикасы үшін АКТ даму маңыздылығын сипаттайды. Соңғы жылдары АКТ секторында Қазақстан маңызды серпін жасады. Почта байланысы, телекоммуникация саласы және интернетке рұқсат белсенді дамып келеді. Халыққа және бизнеске ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» қызметін жақсарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары, виртуалды қабылдау, интернет-конференциялар арқылы халық пен мемлекеттің кері байланысы мен диалогының механизмдері іске асырылды. Бірақ ақпараттық қоғамды құру осымен аяқталмайды, үздіксіз жұмыс жүргізілуде.
Робототехника. Күні кешеге дейін роботтарды пайдалану қатаң қалыпқа бағынатын міндеттерге байланысты жекелеген салалармен ғана шектеліп келген еді. Мəселен, автомобиль жасауда. Бүгінде роботтарды пайдалану жер өңдеуден бастап, сырқат адамды бағып-қағуға дейінгі барлық салалар мен міндеттерді түгелге жуық қамтиды. Робототехниканың жедел дамуының арқасында адам мен машиналардың тығыз қарым-қатынасы көп ұзамай əдепкі жағдайға айналады деп ойлаймын. Оның үстіне, бүгінгі күні конструктивтік жəне функционалдық дизайны күрделі биологиялық құрылым негізінде (биомими-крия процесін дамыту, былайша айтқанда, табиғи үлгілер мен стратегияларға ұқсату) жасалатын технологиялық прогресс роботтардың бейімділігі мен икемділігін арттыра түсуде. Сенсорлар (sensors) саласындағы жетістіктер роботтарды үй шаруашылығындағы тірліктен бастап, аса ауқымды міндеттер атқаруға тарта отырып, олардың қоршаған ортаны жақсы қабылдау мен оған əсер ету қабілетін арттыра түседі. Егер бұрындары роботтар жеке құрылғылар үшін бағдарламаланса, енді олар «бұлт (cloud) технологиялары» арқылы басқа жүйедегi роботтарға қосыла отырып, ақпаратты оқшауланған желіде ала алады. Роботтардың келесі ұрпағы – адамдар мен машиналардың арасындағы қарым-қатынасты күшейту жағына қарай ойыса дамиды.
Робототехника – өндірістен бастап, ауыл шаруашылығына, жеке саудадан қызмет көрсетуге дейінгі көп салаға ықпал етуде. Халықаралық роботтехника федерациясының мəліметтеріне сəйкес, қазіргі таңда əлемде 1,1 млн. робот жұмыс істейді. Автомобиль өндірісіндегі жұмыстың 80%-ын роботтар атқарады. Бизнес саласында болжамды əрі тиімді нəтижелерге қол жеткізу үшін, роботтар жабдықтау жүйесін модернизациялай алады.
Робототехника – білім берудегі әмбебап құрал. STEAM жүйесінің жаңалығы болып табылатын – робототехника аты айтып тұрғандай «роботтармен» байланысты. Робот – бұл механикалық іс-әрекеттерді орындайтын әмбебап құрал. Олардың бірнеше түрі болады: адаптивті роботтар, өндірістік роботтар, жасанды интелектті роботтар. Робототехника – автоматтандырылған жүйелерді, роботтарды құрумен айналысатын қолданбалы ғылым. Ол математика, физика, информатика, механика секілді ғылымдарға сүйенеді. Оны мектеп пәні ретінде, сабақтан тыс іс-шаралар ретінде және қосымша ретінде оқытуға болады. Барлық жастағы адамдарға сәйкес келеді, мектепке дейінгі балалардан бастап кәсіптік білімге дейін. Сонымен қатар, робототехникалық құралдарды пайдалана отырып балаларды оқыту – бұл ойын барысында оқыту және техникалық шығармашылық болып табылады және өздеріне сенімді, өз ісіне қызуғышылықпен және жауапкершілікпен қарайтын тұлғаларды тәрбиелеуге жетелейді. Робототехниканы бастауыш, жалпы орта, кәсіптік және жоғарғы білім беруде және арнайы оқытуда қолдануға болады. STEAM жүйесінің элементі ретіндегі робототехниканың қызықтырарлығы, оқушылар оқу барысында уақыттын көп бөлігін партада емес, өз жобаларын жасау, программалау, тестілеу, жаңарту үстінде болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет