Буканова асель кайратовна



бет24/31
Дата18.10.2023
өлшемі7,27 Mb.
#186441
түріДиссертация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31
Байланысты:
bukanova-a-k-povtor-phd-s-sp
Документ, 9cd341f6cf23de6dffad7129c78c8a93, Dayyn-1, 2 дәріс
STEAM оқыту. Әлемдік білім берудегі негізгі трендтердің бірі – STEAM білім беру, төрт академиялық облысты (science, technology, engineering and mathematics) біріктірген. STEAM білім беру негізінде – пәнаралық және қолданбалы тәсілді қолдана отырып, оқушыларды оқыту идеясы. Әрбір бес пәнді жеке оқытудың орнына, бұл тәсіл оларды оқытудың бірыңғай схемасына біріктіреді. Бұл мектептен тыс мектепте жобалық және оқу-зерттеу қызметін жүзеге асыру бағыттарының бірі.
Жақын болашақта елімізде: IT-мамандар, бағдарламашылар, инженерлер, жоғары технологиялық өндіріс мамандары және т.б. қазір елестету қиын мамандықтар пайда болады, олардың барлығы ғылымдармен түйіскен жерде технологиямен және жоғары технологиялық өндіріспен байланысты болады. Әсіресе био- және нанотехнологиялар мамандары қажет болады. Болашақ мамандарына жаратылыстану ғылымдарының, инженерия мен технологияның әр түрлі білім салалары бойынша жан-жақты дайындық және білім қажет болады. Жалпы білім беретін мектептер жаңартылған білім беру стандарттарына көшті. Білім берудің жаңартылған мазмұнының оқу бағдарламалары білім беру құндылықтарының өзара байланысы мен өзара байланыстылығына және нәтижелердің мектептен нақты пәнді оқыту мақсаттары жүйесімен «шығу» нәтижесімен негізделген тәрбие мен оқытудың бірлігі қағидатын іске асыруды қамтамасыз етеді. Оқу бағдарламаларының ерекшелігі тек пәндік білім мен шеберлікті емес, сондай-ақ кең ауқымдағы дағдыларды қалыптастыруға бағытталуы болып табылады.
Цифрландыру. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары орта мерзімді перспективада Қазақстан Республикасы экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау болған. Осы мақсатқа қол жеткізу дамудың екі бағыты бойынша жүруді білдіреді: «Қазіргі экономиканы цифрландыру» - нақты сектордағы нақты жобалардан тұратын прагматикалық бастауды қамтамасыз ету, экономиканың қазіргі салаларын, мемлекеттік құрылымдарды цифрландыру және оларды технологиялық қайта жабдықтау жобаларын іске қосу және цифрлық инфрақұрылымды дамыту. «Болашақтың цифрлық индустриясын құру» - адами капиталды дамыту деңгейін көтеру, инновациялық даму институттарын құру және жалпы алғанда, цифрлық экожүйені қарқынды дамыту есебінен ұзақ мерзімді орнықтылықты қамтамасыз ету, елдің цифрлық трансформациялауды іске қосу. 2018-2022 жылдар кезеңінде іске асырылатын Бағдарлама еліміздің флагмандық салаларын технологиялық жаңғыртуға қосымша серпін беруді қамтамасыз етті және еңбек өнімділігінің ауқымды және ұзақ мерзімді өсуіне жағдай жасайды.
Экономикалық әсерге қол жеткізуден және бәсекеге қабілеттілікті өсіруден басқа цифрландыру халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік салаларға оң ықпалын тигізу – Бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі болды. Бұндай бастамалар қысқа мерзімді келешекте инвестициялардан тікелей қайтарылымды болжамайды, бірақ олар Бағдарламаның ұзақ мерзімді табысты болуына және елдің дамуына (мысалы, білім беруді дамыту) маңызды, сондай-ақ, мемлекет рөлінің квинтэссенциясы (денсаулық сақтауды, электрондық үкіметті, «ақылды қалаларды» дамыту) ретінде қажет. Осындай бастамалардан келетін жиынтық әсер кейінге қалдыру сипаттамасына ие және тек жылдар өте толығымен белгілі болады. 2022 жылдары білім берудің, денсаулық сақтаудың және инвестициялық орталардың сапалы дамуынан әсердің басталуы күтілді. Бұл әсер Бағдарламаны іске асыру аясында елеусіз, бірақ ұзақ мерзімді перспективада әлемнің топ-30 дамыған елдерімен әлеуметтік-экономикалық дамуда алшақтықты айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді деді. Сонымен қатар, Қазақстанның БҰҰ АКТ даму индексіндегі 30 алдыңғы қатарлы елдердің құрамына кіруі Бағдарламаны іске асырудың маңызды нәтижесі болады – деп болжанды. Бұдан да кең ауқымда цифрландыру бағдарламасын сәтті енгізу елді алғашқы бейнелері енді білініп келе жатқан ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамудың келесі тегеуріндеріне дайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет