Бюджет түсімдері



Дата07.12.2022
өлшемі0,82 Mb.
#161763
Байланысты:
СРС 1-топ

Бюджет түсімдері

Бюджет түсімдері

Кірістер, бюджет кредиттерін өтеу сомалары, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер, қарыздар бюджеттің түсімдері болып табылады.

Салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттік түсімдер бюджет кірістері болып табылады.

Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Салық кодексі белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес белгіленген кедендік баждар, кедендік алымдар салықтық түсімдер болып табылады.

Алдағы кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес енгізілетін аванстық төлемдер де салықтық түсімдерге жатады.


ҚР Бюджет Кодексі 2008 жылғы 4 желтоқсан

Бюджетке:

Бюджетке:

1) мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан;

2) мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сатудан;

3) мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге де тәсілмен өткізуден;

4) мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады.

Қарыздар мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және (немесе) қарыз шарттарын жасасуға байланысты бюджетке ақша түсімдері болып табылады.

ҚР Бюджет Кодексі 2008 жылғы 4 желтоқсанда қабылданған.

Бюджет кодексі 11-бапта бюджет түсімдері (кірістері) туралы қарастырылыған.

Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер заңды тұлғалардың, оның ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге де мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер.

Бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер жөніндегі талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары болып табылады.

Трансферттер түсімдері бюджеттің бір деңгейінен басқасына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері болып табылады.

Орындағандар:

Меңдеш Әсемай

Абдуллаева Ақжан

Турмаганбетова Бақтылы

Алдонғарова Жұмакүл



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет