Чилдибаева асел жумагуловна


G3 – қартайған генеративтік тіршілік күйі Ss



Pdf көрінісі
бет4/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.
Сонғы ми (копия), lyaz
G3
– қартайған генеративтік тіршілік күйі
Ss 
– субсенильдік тіршілік күйі
S
– сенильдік тіршілік күйі
Sc
– қурап қалған тіршілік күйі
MSD
– микропарлы дистилляция (microsteam distillation) 
SPME
– қатты фазалы микроэкстракция (solid-phase microextraction) 
DPPH
– 2,2-дифенил-1-пикрилгидразил (2,2-diphenyl-1-picrylhydrazyl) 
GC/MS
– 
газды 
хроматография/масс 
спектрометрия 
(Gas 
Chromatography/Mass Spectrometry) 
FID 
- жалынды-ионизациялық детектор (flame ionization detector) 
MS
– масс-спектрометрия 
FCR
– Фолин-Чокалтеу фенолды реагенті 
PDA
– сканерлеу диапазоны 
RRI
- ұстап тұрудың салыстырмалы индексі (relative retention index)
UPC2 

ультра тиімді конвергентті (ГХ бірге) хроматография (Ultra 
Performance Convergence Chromatography)
HPLC 
– жоғары эффективті сұйық хроматография (High-performance 
liquid chromatography)
GAE 
– галла қышқылының эквиваленті 



КІРІСПЕ 
 
Жұмыстың жалпы сипаттамасы:
Диссертациялық жұмыс Іле және 
Шарын өзендерінің жайылмаларында сирек кездесетін, таралу аймағы 
шектеулі, эндемдік 
R.iliensis
өсімдігінің популяцияларының қазіргі жағдайын 
экологиялық-биологиялық 
және 
геоботаникалық 
негізде 
зерттеуге 
бағытталған. 
Тақырыптың өзектілігі: 
Қазіргі кезде өсімдіктердің генофондын 
қорғау және тиімді пайдалану, оның ішінде сирек кездесетін, таралу аймағы 
шектеулі, эндемдік және реликт түрлерді зерттеу өзекті мәселелердің бipi 
болып отыр. Өсімдіктер ресурстарын жүйесіз эксплуатациялау - жекелеген 
өсімдіктер бірлестіктерінің және олардың компоненттерінің өзгеріске 
ұшырауына әкеліп соқтыруда, нәтижесінде бірқатар түрлер тіптен жойылуға 
жақын. Бұл тұрғыдан алғанда, әсіресе, сирек кездесетін, эндемдік түрлерге 
ерекше қауіп төніп тұр. Сондықтан да өсімдіктердің биологиялық 
алуантүрлілігін сақтаудың бірден-бір жолы сирек кездесетін, эндемдік 
түрлердің табиғи популяцияларының кездесетін жерлерін тауып, оларды 
геоботаникалық және флоралық тұрғыдан зерттеп, қазіргі кездегі жағдайына 
баға беру аса өзекті мәселенің бірі болып табылады [1]. Оған қол жеткізу 
үшін сирек кездесетін, эндемдік түрлердің табиғи популяцияларын 
зерттеумен қатар, сол популяция деңгейіндегі олардың ценопопуляцияларын 
да зерттеудің қажеттілігі туындайды. Осы бағытта жүргізілген зерттеулердің 
нәтижелері ғана, сирек кездесетін, эндемдік түрлердің популяцияларының 
қазіргі кездегі жағдайына, сонымен бірге олардың өздігінен дамып, тұрақты 
тіршілік етуін қамтамасыз етуіне баға беруге мүмкіндік береді. 
Кейбір деректер бойынша әлемдік деңгейде, жақын болашақта 
маңызды эндемдік түрлердің 10% жойылудың алдында тұр. Белгілі флорист 
В.П.Голоскоковтың (1969) мәліметі бойынша Қазақстан флорасында сирек 
кездесетін, таралу аймағы шектеулі, 760 эндемдік және 116 реликт өсімдік 
түрлері бар [2]. Олардың барлығы жан-жақты зерттеуді және қорғауды қажет 
етеді. Бұл өсімдіктердің көпшілігі аса маңызды пайдалы қасиеттерімен 
ерекшеленеді. Олардың ішінен дәрілік, дәрумендік, техникалық, илік заттар 
алынатын, тағамдық, бал жинайтын және сәндік өсімдіктер бар. Осындай 
сирек кездесетін, эндемдік түрлердің бipi -
R.iliensis
. Осы түрдің Іле және 
Шарын өзендерінің жайылмаларындағы табиғи популяцияларының 
кездесетін жерлері үлкен экологиялық қыспақта тұр. Бip жағынан, Қапшағай 
су электростанциясының салынуына байланысты, Іле өзенінің жоғарғы 
ағысындағы
R.iliensis
өсімдігінің популяцияларының, кездесетін жерлерінің 
негізгі бөлігі жасанды көлдің астында қалып толығымен жойылып кеткен. 
Тек Іле өзенінің Алматы-Қорғас автотрассасы өтетін көпірдің маңайындағы 
жайылмасынан ғана 
R.iliensis
өсімдігін кездестіруге болады. Екінші жағынан, 
Іле өзенінің Қапшағай су электростанциясынан төменгі ағысы аңғарындағы 
популяциялары, бұл жерлерді соңғы 45-50 жылдар аралығында су баспауына 
байланысты, өзен суы мен жер асты суының деңгейі күрт төмендеп кеткен 



[3]. Соның салдарынан
 R.iliensis
өсімдігінің популяцияларының алып жатқан 
жер көлемі қысқарып, көп жерде оның өздігінен қалпына келу мүмкіндігі 
төмендеген. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін 
R.iliensis
өсімдігінің 
популяцияларының 
кездесетін 
жерлерін 
тауып, 
белгілеп, 
оларға 
геоботаникалық және флоралық тұрғыдан зерттеу жүргізіп, қазіргі кездегі 
жағдайына баға беру және осы өсімдікті қорғауға байланысты нақты 
ұсыныстар беру жұмыстың басты өзектілігі болып табылады. 
Біздің зерттеулеріміз осы жоғарыда айтылған мәселелердің барлығын 
қамтиды. Осы жұмысты жүргізу барысында біз 
R.iliensis
өсімдігінің ең үлкен 
популяцияларын тауып, оған геоботаникалық сипаттама беріп, өсімдіктер 
қауымдастығының флоралық құрамына талдау жасадық. Сонымен бірге, осы 
өсімдіктің вегетативтік мүшелерінің (жапырақ, сабақ, тамыр) морфо-
анатомиялық құрылыс ерекшеліктерін қарастырдық және бұл дәрумендік 
өсімдік болғандықтан, оның вегетативтік және генеративтік мүшелеріндегі 
биологиялық белсенді заттарды анықтадық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет