Циклограмма 13. 06



бет4/5
Дата16.10.2022
өлшемі25,52 Kb.
#153319
1   2   3   4   5
Байланысты:
Маусым 3 апта

Серуенге дайындық

Киіну: Серуенге шығу, балаларды біртіндеп киіндіру, киімдерінің дұрыс киілуін қадағалау, қатармен жүруге дағдыландыру.

Серуен

Табиғат әсемдігін

Жазда гүлдерді бақылау.
Мақсаты: Балалар гүл туралы біледі.
Гүл деген не?
Гүл қандай болады? Ол қайда өседі?
Гүлдің қандай түрлерін білесіңдер?
Гүлдің пайдасы бар ма? Сұрақтарға жауап береді. Тақпақты жаттау:
Гүл өсір сен бағыңда, Тұрсын көздің жауын ап. Бүршік жарған шағында, Үзе көрме жұлып ап.


Еркін ойын:
«Тығылмақ» Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Топырақты бақылау. Мақсаты: Балалар топырақ, құм туралы мағлұмат алады.
Топырақ деген не? Топырақтың түсі қандай?
Топырақ қайдан пайда болады?
Құм дегеніміз не? Топырақ болмаса жер болушы ма еді?
Топырақ не үшін қажет?
Құрылымдалған ойын: «Қоян» Мақсаты: Шапшаңдыққа, икемдікке үйрету.

Бұлттарды бақылау. Мақсаты: Балалар бұлт туралы мағлұмат алады. Балалар бұлт дегеніміз не? Бұлт қалай пайда болады? Бұлттың түсі қандай?
Бұлттан не пайда болады? Бұлтты күн сендерге ұнай ма?
Бұлттардың көшуі дегенді қалай түсінесіңдер?

Сергіту сәті:


Бұлттар - бұлттар аусаңшы, Қалаға, далаға.
Бұлттар - бұлттар жаусаңшы
Селдетіп, көлдетіп. Нөсер - нөсер төк - төк, Болсын егін көп - көп.


Еркін ойын: «Мысық пен тышқан»
Мақсаты: Шапшаңдыққа, ептілікке баулу.

Құрт - құмырсқаларды бақылау.
Мақсаты: Құрт - құмырсқалар туралы біледі.
Олардың тіршіліктерін бақылайды.
Сергіту сәті: Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа. Алды допты қолына, Қойды допты жолына Оңға қарады, солға қарады
Тауда ешкім қалмады. Құрылымдалған ойын: «Бояулар» Мақсаты: Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа үйрету. Тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет