Циклограмма LL апта



Дата27.12.2021
өлшемі29,57 Kb.
#128844
Байланысты:
Қантар 1апта 2021ж (1) (копия) (копия)
1539926362, 1539926362, Қантар 1апта 2021ж (1) (копия) (копия), ата аналар жылдык жоспар (копия)

Бекітемін:

«Сартай» бөбекжайының меңгерушіс С.Сарсенбаева________



Циклограмма

ll апта (3.01.-07.01.22)

Ортаңғы «Айгөлек» тобы

Өтпелі тақырып: «Алақай, қыс келді!»



Күн тәртібі

Дүйсенбі 3.01

Сейсенбі 04.01

Сәрсенбі 05.01

Бейсенбі 06.01

Жұма 07.01

Балаларды қабылдау.

Балаларды жақсы көңіл-күймен қабылдау. Балалардың балабақшаға келуге қызығушылығын арттыру. Балабақша туралы жақсы ой қалыптастыру. Балабақша туралы жан-жақты әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру.




Ата-аналармен кеңес, әңгімелесу

Ата-анамен бала денсаулығы туралы әңгімелесу, күн тәртібін сақтау, балабақшаға бейімделу бойынша ата-анаға кеңес беру.




Ойындар

(үстел үсті, саусақ жәнет.б)

Дидактикалық ойын:Жыл мезгілі” Мақсаты: Балалардың мезгілдер туралы түсініктерін қалыптастыру

Дидактикалық ойын: «Ол не?» сұрақ жауап ойыны (сипаттау арқылы заттың не екенін табу ) 

Мақсаты: Балалардың көңілін көтеру,қимылдарын дамыту.


Үстел-үсті ойын:

Суретті құрастыр



Дидактикалық ойын:

Көілді қарындаштар» ойыны.( Балалар көзін жумады, педагог бір қарындашты тығып тастайды.Балалар қандай түсті қарандаш жоқ екенін айтады )


Дидактикалық ойын: «Суреттерді құрастыр»

Таңертеңгі жаттығу

ҚР гимні.


Картотека№2





Таңғы ас

Астарың дәмді болсын! «Ас үстінде өзін дұрыс ұстау» Үстел үстінде дұрыс отыруын, құрал жабдықтарды дұрыс пайдалана білуін қадағалау.




ҰОҚға дайындық




Музыкалық ойын жаттығу «Саусақтар»

Дидактикалық ойын «Сымсыз телефон»

Дидактикалық ойын «Қарап ал да, есіңе сақта»

Дидактикалық ойын «Топтастыр»

Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ҰОҚ

1.Дене шынықтыру

«Біз үлкен болып өсеміз




2.Сөйлеуді дамыту

“Шана тебеміз”


Мақсаты:Сурет бойынша әңгіме, құру.Қыс қызықтарымен таныстыру.

3. Музыка

«Ақ тиін»



Мақсаты: Бірінің артынан бірі жүру барысында би ырғағын, музыканың би сипатын игеруге үйрену. Ересектермен бірге ән салуға дағдылану. (Маман жүргізе)

1.Математика негіздері

«Биік-аласа, сол жақ-оң жақ»
Мақсаты:

Ұғымдармен таныстыру.Ойлау қабілетін арттыру




2.Сурет салу

“Аққала”



1.Дене шынықтыру

Бір,екі,үш,бізбен бірге қайтала!»



Мақсаты: шеңбер құрып берілген белгі бойынша тоқтап, бір қатармен жаяу жүру. Қимылды ойын: «Ең жылдам»

(Маман жүргізеді)

2.Жаратылыстану:

«Түрлі-түсті мұздар»

Мақсаты: Табиғат құбылыстарымен таныстыру.Қыс мезгілінін ерекшеліктері

3.Қоршаған ортамен танысу

«Армысың, қар ұшқыны!»




1. Көркем әдебиет

«Қар қандай?» әңгімесі М.Гай


Мақсаты: Әдеби шығармалардың мазмұнын тыңдау және түсіну. Тақпақтарды, өлеңдерді мағыналы, асықпай және дыбыстарды анық айтуға үйрету.


2.Дене шынықтыру

“Ойыншықтар”

 

Мақсаты:

Сапқа бір қатар болып тұру, сапта бірқатармен жүру және жүгіру.

Тепе-теңдікті сақтап, қуыршақты қолда ұстап, баспалдақпен төбешікке (горка) көтерілу, тұтқаларынан ұстамай, төмен қарай отырып сырғанау. (Маман жүргізеді)



1. Құрастыру

«Пішіндер»



Мақсаты: Әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыра білу. Құрылыс бөліктерін ажырату және атау. Дидактикалық ойын:


2. Музыка

«Көңілді достар»




ІІ таңғы ас




Дәрумендер – жан азығы. Балалардың назарын тағамға аудару.

Серуенге дайындық




Күннің І жартысындағы серуенге дайындық. Сырт киімдерін ауа райына сай киіндіру. Серуенге қызығушылық туғызу; балалармен жеке әңгімелесу; серуенге ойын материалдарын таңдау; серуенде балаларды әрекет етуге ынталандыру; таза ауамен тыныстау, таза ауада қимылды ойындар ойнау

Серуен




6.Кешен

5 Кешен

8 Кешен

9 Кешен

Серуеннен оралу




Серуеннен оралу, сырт киімдерін шкафтарына жинап қою. Қолдарын ағынды суға сабынмен жуу.

Түскі ас



Балалардың назарын тағамға аудару, мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі.

Түскі ұйқы




Балаларды жатын киімдерін ауыстырып киюлерін қадағалау, тәтті ұйқыға жатқызу


«Жеті лақ» ертегісін айтып беру

«Маша мен аю» ертегісін айтып беру

« Мақта қыз бен мысық» ертегісі

« Шалқан» ертегісі

Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтару шаралары




«Оянамыз, оятамыз» Ояну гимнастикасы. Сауықтыру-шынықтыру шаралары:

- төсек үстінде керілу, денені бос ұстап тұруға дайындалу.

-ролик, массажды алаша үстімен жүру.

- гигиеналық шараларды орындау.



Бесін ас




Балалардың назарын тағамға аудару, мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс.

Вариативтік компонент/

Үйірме жұмыстары:

Ойындар, дербес әрекет






Дидактикалық ойын:

«Бұл не?»




Ойын: «Мені кім шақырды?» 



Психологиялық қызмет жұмысы /жеке және топтық жұмыстар маман жоспарына сәйкес/

Вариативтік компонент «Ғажайып бейнелер» «Түрлі-түсті шарлар» (Саусақпен салады) Мақсаты: Сурет салудың бастапқы дағдыларын игерту, дәстүрден тыс сурет салу (саусақтарымен) дағдыларын қалыптастыру.

Логопедтік қызмет жұмысы /жеке және топтық жұмыстар маман жоспарына сәйкес/ Біздің балабақшамыз Мақсаты: балалардың артикуляциялық аппаратын дамыта отырып, дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға үйрету.


Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс




Еркежанды дыбыстарды анық айтуға үйрету.

Мақсаты: Балалардың коммуникативтілік –тілдік дағдыларын арттыру.



Ербатыр, Абзалмен жеке жұмыс жүргізу.

Сюжетті суреттер көрсету.

Мақсаты: Суретке қарап барлық заттарды, олардың белгілері мен сапасын анықтау.


Қасым мен Жасминге жеке жұмыс жүргізу.

Суреттегі заттарды атап қайталату.

Мақсаты: Сөздерді қалай айтылатынын тыңдап, оларды анық айтуға жаттықтыру.


Айарумен жеке жұмыс жүргізу, заттардың атауын айту арқылы дыбыстарды анық айтуға үйрету.

Мақсаты: Балалардың коммуникативтілік –тілдік дағдыларын арттыру.



Серуенге дайындық




Балаларды өз киімдерін тануға, атауға, өз шкафын таңбалауыш арқылы табуға баулу

Серуен




Серуендеуге қызығушылық тудыру. Әр түрлі бағытта жеке жұмыс жүргізу. Балалардың қалауы бойынша әртүрлі ойындарды ұйымдастыру

Балалардың үйге қайтуы








Тәрбиеші: Г.Махатова Ұсыныс берілді: әдіскер О.М.Саутбаева Күні: 31.08.2021 жыл

Күн тәртібін сақтай отырып, мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет