Ciмдiктер физиологиясы мен биотехнологиясы


Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулар



бет34/36
Дата26.08.2020
өлшемі378,5 Kb.
#77027
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
өсімдіктер физиологиясы

Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулар

Теориялық мәлімет. Қоректік ортада апикалды меристемалардан картоптың вируссыз өсімдіктерді алады, оларды вируссыз түйнектерді алу үшін жылыжайларда көбейтуге болады. Материалды жедел көбейту үшін in vitro алынған түйнектер пайдаланады.

Жұмыс барысы 1:

Картоп түйнектерін апта ішінде 4-8оС температурасында сақтайды, одан кейін қараңғыда 20-22оС температурасында өсіріледі. Меристемаларды бөлу жұмыстарды ламинар-бокста жүргізеді. Бөліп алуында қолданылатын құралдарды (пинцеттер, скальпельдер, инелер) әрбір бөлінудің алдында спиртке салып, кейін күйдіртіп, стерилдейді. Әбден жуылған түйнектерден өскіншелерді бөліп, диацидтің 0,1% ерітіндісінде 3-5 мин ішінде стерилдейді, кейін стерилденген Н2О-мен үш рет жуылады. Стерилденген өскіншелерді стерилденген Петри табақшасына салады және құрғатпау үшін автоклавталған судың бірнеше тамшысын қосады. Бөліп алудың алдында өскінше төбешігінен жабынды жапырақшаларын алып тастайды, примордиалды жапырақшалары бар бүйір және төбешілік меристемаларды біртіндеп ашады. Бұл операцияны бинокулярлық лупа астында препараттық инені пайдаланып жүргізеді. Мөлшері 100-250 мкм жапырақ бастамаларынсыз (примордияларсыз) меристеманы ұстатқышта бекіткен кәдімгі жұқа инемен бөледі. Бүйір және төбешілік меристемаларды бөлуге болады. Ине ұшындағы меристеманы пробиркаға қоректік ортаның бетіне ауысады, жанарғы жалынның үстінде тығынмен жауып, штативке салады. Пробиркалармен толғаннан кейін штативті орталар құрғатпас үшін целлофан қалпағымен жауып, жарық камераға қояды. Екі, үш, төрт аптадан кейін меристемадан өркеннің дамуын бақылайды және бұл процесстің кезеңдерін сурет салады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет