Cыныбы Уақыты



Дата28.01.2018
өлшемі0,68 Mb.
#35114

Cыныбы




Уақыты




Іс шараның тақырыбы

«Көктем аруы»

Құзыреттілікке жеткізетін іс шараның мақсат – міндеттері:

А) ақпараттық құзыреттілік

Ә)коммуникативтік құзыреттілік

Б) проблеманы шешу құзыреттілігі

Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.

Әр оқушының бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, тапқырлығын қалыптастыру, дамыту.

Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ қызының қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.


Іс шарада қолданылатын педагогикалық технологиялар

Ынтымақтастық.

Шараның әдісі

Сайыс

Оқыту құралдары

Интерактивті тақта, слайд.

Іс шараның барысы

Мұғалімнің қызметі


Оқушының қызметі


Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі


Оқушылармен амандасу.

Түгендеу, шараға дайындау.




а) Амандасады, танысады.

б) Назарларын аударады.




Іс шараға тиянақты дайындалып келуі.

II. Негізгі бөлімі

Жүргізуші:
Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,
Өнер –білімге икемді болсын деп,
Бәйтеректей бойшаңдансын деп,
Өрен-өршіл өркенді болсын деп,
Жақсы жолды таңдайық.
Жамандық тәлім алмайық,
Дарынды колледж дәстүрін
Жаңалайық, жалғайық,
Ары адал, жаны жаз,
Арулар жолын таңдайық, – деп «Көктем аруы» атты кешімізді бастайық.
Армысыздар қадірменді көрермен қауым! Ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер дейміз.

Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шартарымен таныстырып өтейін.


1-тур. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару өзін-өзі таныстырады.
2-тур. «Білгенге маржан» сұрақ-жауап сайысы.
3-тур. «Шебердің қолы ортақ»
Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді.
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)
ә) картоп ашу
б) Инені сабақтап түйіндеу
4-тур. «Өнер алды қызыл тіл»
Мақал-мәтелдерден, жұмбақтардан жасырылған сөздердің жауабын табу.

5-тур. «Бұрымды қыз» аз уақытта шаш өру керек.

Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,


Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділқазы алқаларын.

1-тур. «Сәлем – сөздің атасы»

Әр ару өзін-өзі өлең шумақтарымен немесе ұран сөздермен таныстырады.



2-тур. «Бәйге»

Ақылдылық қыздарға жарасады,


Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап береді.
Әр топқа 6-сұрақ беріледі
1-ару

1. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам

2. Үш арсызды ата.
3. Ұлттық бас киімді ата.
4. Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше
5. Кестелеуге ине мен жіптің қандай түрін алған жөн?
6. Қандай қолданбалы өнер түрлерін білесіңдер?
2-ару
1. Табиғи жүнді неден алады?
2.Кешке жатарда асты неше сағат бұрын ішу керек?
3.Қамырдың негізгі шикізаты
4.Көкөністен дайындалған салқын тағам.
5. Жұма сайын пісірілуге тиіс мұсылман наны?
6.Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі
3-ару
1. Қолдан тоқылған суретті – кілем
2. Қыздың бұрымы дегеніміз не?
3. 5 мата түрін ата
4. Кестелеу үшін қандай құрал керек?
5. Бисердің қазақша атауы
6. Шашқа тағатын әшекей


3-шарт. «Кім жылдам?»
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр»

ә) Картоп тазалау.


б) Инемен жұмыс




4-шарт. «Тіл өнері»
Ал, қанеки, қыздар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық – дегендей жұмбақ шешіп көрейік.
1. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді.

2. Құрғақ жерде сақтайсың


Онсыз тамақ татпайсың.

3.Екі семсер айқасқан, Оқта-текте шайқасқан.

4. Арық ат қарны қабысқан
Бір көлді ішіп тауысқан.

5. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, Қоныс көркі – там,


Қонақтарды көңілдене сыйлайды.

6. Бір сусын бар жұртымда,


Ішсең уыз ұртыңда.
Бәрі содан шығады,
Ірімшік май құртыңда.

7. Дастарханға шуылдап,


Күніне үш жиылар,
Жарты сағат қимылдап, Шешесін көріп, қызын ал
Жарты сағат жуынар.

8. Қимылдаса қос шебер,


Қыруар-қыруар іс өнер

5-шарт «Бұрымды қыз»

Келесі 5-шартымыз бойынша «Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ» дейді қазақ, енді қыздарымыздың қол икемділігінің тамашалап, бағалайық.



Сынып арасынан қыз бала таңдалып алынады. Аруларды ортаға шақырып, сайысқа дайындалады.

Сайыстың турларымен танысады.



Әр ару өзін-өзі өлең шумақтарымен немесе ұран сөздермен таныстырады.

Әр ару сұрақтарға тез әрі нақты жауап беру керек. Әр сұраққа 1 ұпайдан беріледі.


  1. Құрт

  2. ұйқы, күлкі, тамақ

  3. сәукеле, тақия, бөрік т.б.

  4. түскиіз

  5. жіңішке ине, кесте жіп

  6. кілем тоқу, құрақ құрау, киіз басу, сырмақ сыру




  1. қой, ешкі

  2. 3 сағ

  3. Ұн

  4. Салат

  5. Шелпек

  6. Камзол



  1. Гобелен

  2. өрілген шаш

  3. шыт, жібек, мақпал, левинсон, атлас

  4. кергіш, оймақ, ине

  5. Сумоншақ

  6. Шашбау

Әр қыз түрлі-түсті қағаздан ою ойып беруі керек

Әр ару картопты тез әрі жұқа, әрі үзілмеген етіп аршиды

Иненітез әрі дұрыс сабақтап, түйіндейді.

(Ине) Оқу инемен құдық қазғандай.

(Тұз) Доссыз адам – тұссыз ас.

(Қайшы) Асыл қайшы пішуге сән, Күміс қасық – ішуге сән.

(Қасық) Құрғақ қасық ауыз жыртар.

(Дастархан) Дастархан көркі – нан.

(Сүт) Жылқыда өт жоқ, Құста сүт жоқ.


(ыдыс-аяқ) Ыдысын көріп, асын іш.


(Қол) Көз қорқақ, қол батыр.

Аруларымыз 3минут ішінде шашты сәндеп немесе өреді.


Іс шараға даярлық ұйымдастырылып,оқушылардың зейінін аудару.

Арулардың шараға белсене қатысуы.

Оқушылардың қазақи салт дәстүрді біліп сұрақтарға нақты әрі тез жауап беруі.

Арулардың икемді болуы, бар өнерін ортаға салуы

Арулардың жұмбақтар шешуі, мақалдарды жан-жақта білуі.


III. Қорытынды

Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Ал қазір кімнің ұпайы көп екенін білу үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.
Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз.

Жеңген арулар марапаттау қағазымен марапатталады.

Түйін сөзбен қорытындылауы.

Іс шараның мақсатқа жетуі.





Каталог: uploads -> doc -> 04cd
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
04cd -> 4сынып Қазақ тілі Мәтін 1-нұсқа Тақырып дегеніміз не?
04cd -> Сабақтың тақырыбы: Орхон ескерткіштері. Күлтегін. Сабақтың мақсаты
04cd -> Сабақтың тақырыбы : Сурет салу және бояу, фотомонтаж, фотосуреттерді өңдеу және баспаға даярлау коллаж,әсерлерді пайдалану
04cd -> Амангелді жалпы орта білім беру мектебі Ашық сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет