CөЖ №5 Тақырыбы: Түйсіктердің негізгі түрлерінің жүйелі классификациясы Группа: иф-201 Орындаған



бет5/5
Дата16.09.2023
өлшемі38,81 Kb.
#181224
1   2   3   4   5
Байланысты:
file-1689-2, sro(28807-271211) (4), Силлабус Оқу процесінде АКТ қолдану әдістемесі, Документ Microsoft Word, ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY инкар, НОҒАЙ ОРДАСЫ, file-3909, Мазмұны, БӨЖ 6, Экзаменационные билеты по Цифровой схемотехнике, ҒЗЖ ұйымдастыру, сро филология, file-4790 (17)
IV. Иіс түйсіктері мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабық клеткаларына түрлі химиялық заттардың әсер етуінен пайда болады. Кілегей қабықта иіскеу клеткаларының орналасқан аймағы 5 см2-ден аспайды. Тітіркендіргіштер әсерінен туған қозуды иіскеу рецепторы өзінің бойымен ми жарты шарларының астыңғы жағында орналасқан иіскеу орталығына жеткізеді. Сол кезде талдау басталып, адам иіс түрлерін айырып байқайды.
Иіс түрлерін жіктеп бөлу ғылымда әлі жете зерттелмеген мәселелер қатарына жатады. Сондықтан иіс түрлері иіс шығаратын заттардың атымен аталады. Мысалы, жусан иісі, лимон иісі, алма иісі, бензин иісі, т.б. Иіскеу клеткаларына тітіркендіргіш ретінде әсер ететін, оларда қозу тудыратын — ауада газ немесе бу түрінде ұшып жүрген химиялық заттар. Адам ауаны ішіне тартып тыныс алғанда, ауамен бірге кеңсірікке кірген химиялық элементтер иіскеу клеткаларына келіп ериді. Жануарлар өмірінде иіскеу түйсігінің биологиялық рөлі өте күшті. Көптеген жануарлар өз қорегін исі арқылы тауып алып қоректенеді.
Адам өмірінде иіскеу рецепторының рөлі аса күшті болмағанымен, тіршілік ортасы мен өмір тәжірибесіне сәйкес күшейіп, жетіле түседі. Иіс түйсіктері адамның тұрмыс салтына, қызмет сипатына қарай дамиды. Мәселен, Африкадағы бушмен тайпалары арыстанның, жирафтың, зебрдің ізін иіскеп жүріп-ақ оңай тауып алады. Олар иісті ең жақсы аңшы иттерден артық сезеді. Ал Үндістанда жыланның жатқан жерін иісінен білетін адамдар бар. Сонымен қатар, жылан шаққан малды, оның етін жеген адамдарды (оқ жыланның) исінен ажырата білу казақ халқына да тән қасиет. Иісті нәзік сезіп, ажырата білу соқыр, мылқау, керең адамдарда ерекше жетілген. Олар бөтен адамдарды, түрлі нәрселерді алыстан-ақ иісінен «таниды». Адамның дамуында иіскеу рецепторы өте ерте іске қосылады. Мәселен, жаңа туған бала алғашқы жетіде-ақ анасының емшек сүті мен сиыр сүтін исінен айырады да, емізіктегі сүтті сорғысы келмейді. Жейтін тағамның организмге пайдасы мен зиянын айыру үшін де иіскеу талдағыштарының адам өміріндегі маңызы ерекше.
V. Дәм түйсіктері.Дәмді айыратын мүше - тіліміздегі дәм бүршіктері. Оны тітіркендіретін - белгілі дәмі бар, суға ерігіш түрлі химиялық заттар. Дәм бүршіктері тілдің бетінде, жақтың ішінде, таңдайда, жұтқыншақтың арт жағында орналасқан. Олардың ең көп орналасқан жері - тіл аймағы. Дәмді тәтті, ащы, тұщы, қышқыл деп ажыратады. Тілдің түрлі бөліктері дәмнің жоғарыда аталған төрт түрін түрліше сезеді. Тәтті дәмді тілдің ұшы, ащыны - тілдің түбі, кышқылды - тілдің екі жақ шеті, тұщыны - тілдің ұшы мен екі шеті түйсінеді. Егер әлдебір нәрсені тілдін ортасына салса, адам көпке дейін оның дәмін ажырата алмайды. Өйткені, дәм сезетін бүршіктер тілдің ортасында болмайды. Балада дәм түйсіктері ерте дамиды. Бұлар түрлі тағамдық заттардың касиеттерін айыру жолымен жетіледі. Дәм түйсіктері адам психологиясына түрліше әсер етіп, дәмді тағамдар адамның тәбетін ашады. Тәбет — дәм жүйкелерін қоздыратын психикалық әрекет. Асты көңіл қойып, сүйсіне ішу адамға жағымды әсер етеді. Желінетін тағамның дәмі тек дәм түйсігіне ғана емес, иіскеу түйсігімен де байланысты. Тұмауратқан адамның иіскеу түйсігі нашарлап, ас ішіп отырғанда, иіс түйсігі өз қызметін атқармайды да, дәм түйсігінің тууына себепші болуға жарамайды. Соның салдарынан тағамның дәмін адам түйсіне алмайды. Дәм рецепторының организм сақшысы ретінде күзетшілік маңызы да бар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет