Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет51/122
Дата12.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#67408
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   122
Байланысты:
toymataev
toymataev
Ұйымдасқан  скептицизм.  Бұл  норма  əр  білімге  қатысты  нақты  жəне
объективтік  талдауды  сұраныс  етеді  жəне  сынаудан  өткізбей  қабылдамайды.
Ғылым  үшін  сыншыл  талдаудан  тыс «қасиетті» деп  саналатын  ештеңе  жоқ.
Ғалымдар  үшін  ұйымдастырылған  скептицизм  директивтік  талаптар. Əр
ғалымның еңбегі алғашқы зерттеулердің нəтижесімен құрастырылса қастықпен
немесе  қастықсыз  жағдайда  ақиқаттан  бет  бұру  ғылымның  дамуына  зиян
əкеледі. Осыдан, білімге  аманат  толық  жəне  жанжақты  тексеріссіз  болмайды.
Скептицизм  нормасы  ғалымнан  күмəндануды  сұраныс  жасайды, «жағымсыз
фактілерді» мойындауға  үйрену  қажет, өз  жəне  басқа  ғалымның  жұмысына
ашық  сынаумен  қарау  керек. «Ғалым  өз  көршісіне  міншіл  көңіл  бөледі».
Ұйымдастырылған  скептицизм  императивы  жауапкершілік  атмосферасын,
ғалымдардың кəсіби шындығын институционалды түрде анықтайды.
Мертонның пікірінше, осы нормалардың шеңберінен шықса жəне оларды
бұзу «білім  сапасының» төмендеуіне  алып  жəне «жалған  ғылымға»
(«псевдонаука») əкеледі. Мертон 1942 ж. идеологияға  сатылған «арийлық
ғылымды» қатал түрде сынға алған.
Мертонның  этосына  қосымша  нормалар  кіреді: оригиналдылық,
эмоционалдық бейтараптылық, тəуелсіздік, интеллектуалдық қарапайымдылық
т.б. Басқа жағынан, осы тұжырымдаманың сынау  пікірталасында, эмпириялық
тексерісте  анық  қорытындыға  ие  болдық - ғалымдардың  мінез-құлығы  соңғы
уақытта «амбивалеттікке» айналған, яғни, норма  мен  контрнорма  компромисі
үстемді, партикуляризм, құмарланған  баға  қою, нəтижелерді  тығу, оларды
қолдану  құқығын  қорғау, ұйымдастырылған  догматизм  т.б. Бірақ, жалпы
ғылымда  ауытқу «девианттык», нормадан  тыс  істер  сирек  кездеседі, ғылым
этосы ғылыми іс-əрекеттің тұрақты сипаттамасы болып табылады.
Əлеуметтік  жəне  гуманитарлық  ғылымдардың  өзгешелігі. Білім
бағасының нақты емес жəне қатал емес түрлері (мысалы, эксперимент):
1) табиғаттануға қарағанда норма мен бағаны жариялайтын ғылыми элита
мен  мектептер, яғни, олардың  қызметінің  этикалық  аспектілері  қатал


117
бағаланады;
2) идеологиялық жəне ғылымнан тыс əлеуметтік əсерлердің рөлі үстемді.
ғылым  этикасын  бұзғанда «білім  сапасының» төмендеуі: - макулатура  білімі
(имитация);
3) идеологияға бағынған ғылымдар;
4) бұқаралық  ақпарат  құралдарындағы  ғалымдар («көзге  түскен
ғалымдар»).
Ғылымда  тұлға  мəселесі. Тұлға, кісі, жетілген, кəмелетке  жеткен  адам
(тұлға). Жас нəресте де, бала да - адам. Олардың нақты ерекшеліктері бар. Бірақ
олар кісі болған жоқ, кəмелетке жетпеген. Кісі деп ер жеткен, бұғанасы қатқан,
ақылы толған, өз  ісіне  өзі  жауап  бере  алатын адамды айтады. Ондай  адамның
дүниеге көзқарасы бар. Адам əртүрлі: азамат, тəрбиелі, зиялы адам, маскүнем,
қылмыскер, ел басшысы да болады. Əр кісінің тарихта алар орны əрқилы.
Тұлғаның  қалыптасуына  қандай  факторлар  ықпал  етеді  жəне  тұлғаның
қарапайым адамдардан қандай айырмашылығы бар? Əрине, мұндай факторлар
өте  көп, бірақ  оның  қалыптасуындағы  негізгі  рөл  əлеуметтік  жағдайларға -
тəрбиеге, білімге, қоршаған əлеуметтік ортаға, ата - анаға тиесілі екендігін атап
өту  маңызды. Тəрбиенің  рөлі  адамның  балалық  жəне  жасөспірімдік  кездері
қандай  моральдық, қоғамдық  құндылықтарды  игеруімен  байланысты. Білім
адамға əр алуан ақпаратты жəне ең маңыздысы, өтіп жатқан оқиғаларды талдау
мен бағалау қабілетін беріп ойлауды дамытады.
Қоршаған  əлеуметтік орта - бұл  адамның  мекен ету  əлемі, бұл  тұлғаның
қалыптасуына  тікелей  əсер  ететін  дүниетанымдық, кəсіби, адамгершілік
құндылықтар. Ата  ананың  жеке  абыройы, олардың  бала  тəрбиесіне  қатысы,
қоғамға  жəне  өзі  сияқтыларға  қатынасы - баланың  тұлға  болып
қалыптасуындағы маңызды фактор болып табылады.
Тұлға  бос  кеңістікте  емес, ұжымда, қоғамда  əрекет  ететіндіктен, ол
белгілі дəрежеде оларға тəуелді. Мұндағы қоғамның рөлі тұлға пайда болуына
жəне 
оның 
мүмкіндіктерін 
жүзеге 
асыруға 
қажетті 
алғышарттар
қалыптастырумен  қатар, осы  жолда  кедергілер  жасаумен  де  көрінеді. Тек
əрекетте  ғана  индивид  тұлға  ретінде  орнығады, онсыз  ол «өзіндік  зат» болып
қалар  еді. Адам  өзі  туралы  қаншама  ойларға  беріліп, кез  келген  қиялдар
тудыруы мүмкін, ал өзінің нақты болмысында тек іс арқылы ғана аңғарылады.
Бекерден - бекер  Конфуций  адамдар  сөздерін  тыңдап  қана  қоймай, олардың
істерін  де  көре  білген, сол  сияқты  Аристотель  де  былай  деп  жазған: «Жеңіс
сыйлықтарын  тек  жарысқа  қатысқандар  ғана  алады». Адамның  əлеуметтік-
əрекеттік мəні ең алдымен тұлғаның əлеуметтену негізіне жатады. Əлеуметтену
- бұл  индивидтің  қоғамда  өз  өмір  қамын  дұрыс  тəсілмен  іске  асыруына
мүмкіндік  беретін  білімдердің, нормалар  мен  құндылықтардың  белгілі  бір
жүйесін  игеру  үдерісі  болып  табылады. Ол  адамның  əлеуметтік  тəжірибені
игеру  барысында  жүзеге  асады, тек  ең  алдымен  оның  белгілі  бір  қоғамдық
қатынастарға, əрекет  түріндегі  қарым-қатынас  формасына  түсуі  нəтижесінде
іске  асады. Бұл  жағдайда  əлеуметтену  филогенезде  де (адамның  тектік
қасиеттері  мен  сипаттарының  қалыптасуы), онтогенезде  де  нақты (нақты
тұлғаның қалыптасуы) жүзеге асырылады. Адамның тарихи дамуы тұрғысында


118
да, онтогенезде де тұлға - индивидтің əлеуметтену нəтижесі.
«Тура биде туған жоқ» (Төле би). «Тұлға болып туылмайды, тұлға болып
қалыптасады» (А.Н. Леонтьев).
Əлеуметтену динамикалық сипатта болғандықтан, тұлға - бұл əрқашан да
үдеріс, бұл  үнемі  қалыптасу. Тұлғаның  құлдырауы  индивидтің  өзге  ерікке
толығымен  бағынып  жəне  оның  əрекеті  алдын - бағдарланып  қойылған
жағдайда, яғни  əрекет  пен  таңдау  еркіндігіне  орын  қалмаған  жағдайда  да
кездеседі. Адамды қоғамнан жəне қарым-қатынастан бездіру əрдайым ең қатал
жазалардың  бірі  болып  саналады, өйткені  ұдайы  оқшаулану  мен  жалғыздық
тұлғаның  өз  мəніне  қайшы  келеді. Тұлғаның  тағы  бір  маңызды  сипаттамасы -
оның  адамгершілік - рухани  мəні. Тұлға  мазмұнының  жəне  бағалануының
маңызды компоненті ретінде оның санасының дүниетаным, адамгершілік жəне
жауапкершілік  денгейімен  сипатталатын  тұлғалық  бағдарлары  көрінеді.
Адамның  бойындағы  интеллектуалдық - адамгершілік  жəне  еріктік  қасиеттері
неғұрлым  айшықты  көрінген  сайын, оның  өмірлік  бағдарлары  жалпы
адамзаттық құндылықтармен сəйкес келеді, тұлғаның өзі де маңызы артып, бұл
құндылықтардың орнығуы мен дамуына оң ықпалымен əсер етеді.
Бұл тұрғыда ол өз рухы, еркіндігі, шығармашылығы мен қайырымдылығы
жақтарымен сипатталады. Тұлғаның ерік - жігері мен рухының күштілігі, оның
адамгершілік  қайырымдылығы  мен  тазалығы  тек  нақты  практикалық  əрекетте
жəне  белгілі  бір  əлеуметтік  жағдайларда  ғана  бекіп  іске  асады. Дəл  сондай
жағдайда  ғана, яғни  іс  нақты  қылыққа  жеткенде  ғана  тұлға  болудың, еркін
болудың, адал, принципиалды  болудың  жəне  т.б. қиын  да  ауыр  екендігі
аңғарылады. Өйткені, егер индивид өзін шын тұлға деп есептеп, соған ұмтылса,
ол  өзінің  тек  ақыл - ойында  ғана  емес, ең  алдымен  қылықтарында  да
жауапкершілікті  болуы  тиіс. Тұлғаның  еркіндік  жағынан  сипаттамасы  сөзсіз
қажет. Еркіндік - тұлға атрибуты, бірақ жауапкершіліксіз еркіндік - бұл шектен
тыс  бейберекетсіздік. Сондықтан  жауапкершіліктің  тұлға  атрибуты  ретіндегі
маңызы бір де кем емес, кейде ерікті болғаннан жаупкершілікті болу қиынырақ.
Сонымен, тұлға  болу  қиын. Нағыз  тұлға  еркіндігі  мен  жауапкершілігі
үнемі  шығармашылықты, көніл-күй  сілкінісін, уайым-қайғыны  талап  етеді.
Тұлға  неғұрлым  жоғары  жəне  маңызды  болған  сайын, оның  өзі  мен  өзгелер
алдындағы  жауапкершілік  деңгейі  де  жоғары. Ғылымдағы  тұлға  ретінде
адамның  мəні - оның  əлем  мен  тарихтағы  орны, мəселелеріне  тіреледі. Тұлға
бұл  жерде  адамдар  əрекеті  мен  қарым-қатынастарының, қоғамдық
қатынастардың, қоғамдық  идеалдардың, құндылықтардың  индивидуалдық
көрінісі жəне субъекті ретінде қарастырылады.
Тұлға  белгілі  бір  қоғамдық  қатынастар  тұсында  өмір  сүретін  адамның
негізгі  үш  жағының: биогенетикалық  нышандарының, əлеуметтік  қатынастар
əсерінің жəне психоəлеуметтік қасиеттерінің тұтаса бірігуінің нəтижесі. Қазіргі
кезде  тұлғаның  мəні  жайында  екі  негізгі  тұжырымдамалық  көзқарас  бар:
1) тұлғаның адамның функциялық (атқаратын рөліне қарай) сипаттамасы; жəне
2) тұлғаның əлеуметтік мəніне қарай сипаттамасы.
Бірінші  көзқарас  адамның  əлеуметтік  қызметі (атқаратын  қызметі)
жайындағы ұғымға негізделеді. Тұлға жайындағы ұғымның бұл түсіндірмесінің


119
маңыздылығын (мұның  осы  күнгі  қолданбалы  социологияда  маңызы  ерекше)
мойындай  отырып, онымен  бірге  оның  кемшілігін  де  атап  көрсеткен  жөн:
функциялық сипаттама адамның ішкі рухани дүниесіне терең үңілуге мүмкіндік
бермейді, иек оның сыртқы мінез-құлқын ғана көрсетеді, ал көп жағдайда сырт
мінез адамның ішкі мəнімен сəйкес келе бермейді.
Тұлғаның атқаратын рөліне қарай сипаттамай, мəніне қарай сипаттау бұл
ұғымның мазмұнын тереңірек ашып көрсетіп, адамның өзіндік санасын, мінез-
құлқы  мен  ерік  күшінің  қайнар  көзін, белсенді  іс-əрекеттің  субъектісі  екенін
анықтап  береді. Тұлға - адамның  қоғамдық  қатынастары  мен  қызметінің  жеке
адам  бойында  шоғырлануының  көрінісі, дүниені  танып  білудің  жəне
өзгертудің, құқығы  мен  міндеттерінің, эстетикалық, этикалық  жəне  басқа
əлеуметтік  нормалардың  шоғырланған  бірлігі. Тұлға - əрдайым  əлеуметтік
тұрғыда жетілген адам болып табылады.
Адамды  тұлға  ретінде  көрсететін  айрықша  қасиеттері, сапасы  қандай?
Адамның  бойындағы  ерекшеліктердің  бəрі  бірдей «тұлға» ұғымының
мазмұнына  ене  бермейтінін  жоғарыда  ескерттік. Адамның  биологиялық
қасиеттері (мысалы, бет бейнесі, құлағының мөлшері, көзі мен шашының түсі)
ол  ұғымға  кірмейді. Тұлға - іс-əрекеттің, қарым-қатынастың, сана  мен  өзіндік
сананың, дүниеге  көзқарастың  субъекті. Адам  өзін-өзі  басқара  білу, өзінің
əуесқойлығы  мен  құмарлықтарын  жеңе  білу  қабілеттеріне  ие  болғанда  ғана
тұлға дəрежесіне  көтеріле  алады. Сонымен  бірге, тұлға  өзіндік  ерік  күші  жоқ,
бет  бейнесіз  адам  деңгейіне  дейін  құлдырап  кетуі  де  мүмкін. Адамды  тұлға
жасайтын  ең  алдымен  оның  əлеуметтік-психологиялық  ерекшеліктері: ақылы,
ерік  күші, байқағыштық, өз  пікірін  дəлелдей  білу, əлеуметтік  жағдайы  жəне
сонымен  байланысты  əлеуметтік  қызметі  мен  мақсаты, дүниеге  көзқарасының
сипаты. Қысқарта  айтқанда, тұлға  ұғымы  адамның  əлеуметтік-психологиялық
мəнін білдіреді.
Тұлғаның  айрықша  бір  белгісі - оның  адамгершілігі. Тұлғаның
адамгершіліктік  мəні  көп  жағдайда  іс  жүзінде «тексеріледі». Əлеуметтік
жағдайлар  адам  алдына «былай  жүрсе  өгіз  өледі, былай  жүрсе  арба  сынады»
деген  сияқты шешуі қиын мəселелерді  жиі-жиі  қойып  отырады. Мұндай  кезде
адамның  өзінің  адамгершілік  ар-намысына  қайшы  келетін  шешім  қабылдап,
əлеуметтік  күштердің  қуыршағына  айналып  кететін  жағдайлар  жиі  кездеседі.
Мұндай кезде адам тұлғасының тұтастығына түзелмейтін зиян келеді. Адамдар
өмір  сырына  түрліше  мінез  білдіреді: кейбіреулер  əлеуметтік  соққыға  төтеп
бере  алмай «жүнжіп» кетуі  мүмкін, енді  біреулер  қайтпас-қайсарлық  мінез
көрсетіп, қатая түседі. Тек адамгершілік қасиеттері жоғары ақылды тұлға ғана
өзінің «шарасыздығын» санасымен  сезініп, қорлыққа  амалсыздан  көнгеніне
іштей  күйіп  піседі. Тұлғаның  рухани  бостандығының  өлшемі  оның
адамгершілік  қасиеттерімен  анықталады  жəне  ол  адам  тұлғасының  даму
деңгейінің көрсеткіші болып табылады.
Сонымен, тұлға  дегеніміз  адамның  ішкі  адамдық  қасиеттерінің
тұтастығының көрсеткіші - ішкі тұтастықсыз тұлға жоқ.
Ғылымда басты тұлға - ғалым, зерттеуші.
Ғылымдағы  тұлғаның  тұжырымы  нақты  болуы  қажет. Тек  сонда  ғана


120
ғылым  алдына  қойған  мақсатына  жетеді. Əр  нəрсенің  тек  өзіне  тəн  əдісі  бар.
Ғылым  теорияны  мүлтіксіз  басшылыққа  алып  отыруға, ғылыми  ізденістің
методологиясын  бірлікпен  қолдануға  міндетті. Ғылымда, тарихта  да  негізі
өмірінде де өз ізін қалдыратын тек ғана нағыз тұлға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   122




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет