Д. Жеке адам психологиясы зс. Бақылау сұрақтары: «Жеке адам» ұғымының анықтамасы мен мазмұны. «Индивид», «субъект», «тұлға», «жеке даралық» ұғымдарының арақатынасы. Тұлғаның дамуында биологиялық және


Тұлғаң ретінде адамды әлеуметтік тіршілік иесі деп сипаттайды



бет2/4
Дата08.02.2022
өлшемі37,4 Kb.
#119688
1   2   3   4
Байланысты:
Д.Жеке адам психологиясы
Д.Жеке адам психологиясы, Д.Жеке адам психологиясы, Д. Қарым-қатынас. Ұжым-топтар Бақылау 2 (1), Д.Жеке адам психологиясы
Тұлғаң ретінде адамды әлеуметтік тіршілік иесі деп сипаттайды. Осы ұғымның аясында тұлғаның мынадай психологиялық қасиеттері қарастырылады. Олар: мотивация, темперамент, қабілеттік және мінез.
Адамды тануда Б.Г. Ананьев бөліп қараған тағы бір ұғым ңіс-әрекет субъектісің. Бұл ұғым өзінің мазмұны бойынша ңиндивидң және ңтұлғаң ұғымының ортасында. Іс-әрекет субъектісі адамның биологиялық бастауы және әлеуметтілігін біріктіреді.
Жеке тұлғалылық – бұл нақты адамның өзгешелігі және қайталанбастығы көзқарасынан психикалық, физиологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерінің жиынтығы болып табылады. Адамның жеке тұлғасының қалыптасуындағы алғышарттарына қоғамдық сипаты бар тәрбие процесінде өзгеретін анатомия-физиологиялық бастамалар жатады. Тәрбиелеу жағдайлары мен туа біткен мінездердің әр түрлілігінен жеке тұлғалылықтың көп түрлілігі пайда болады.
Сондықтан, адам – нақыт өмірдің ең күрделі объектісінің бірі деп қортынды шығаруға болады. Адамның құрылымдық ұйымдасуы көп деңгейлі сипаты мен оның табиғи, әлеуметтік мәнінен көрінеді (1.4 сурет). Сол үшін де адам және оның іс-әрекетін зерттейтін көптеген ғылымдардың болуы ғажап емес.Дүниені танудағы рационалды көзқарас бізді қоршаған шынайы өмір санамызға байланыссыз өмір сүретіндіктен, оның тәжірибелік жолмен зерттелуі мүмкіндігіне, ал бақыланатын құбылыстарды ғылыми тұрғыдан толығымен түсіндіруге болатындығына негізделеді. Ғылымның әр түрлі салаларында ғалымдар бірнеше мәрте адам жайлы бүтіндей түсінік қалыптастырғысы келді. Әрине, мұндай ұғым психологияда да бар.

. 3. Тұлғаның дамуында биологиялық және әлеуметтік детерминант мәселелері.
Адамның тұлғалық дамуы мен кəсіби дамуы арақатынасы əрине бар. Ол қоршаған ортаға, адамдарға, материалдық жəне рухани мəдениет заттарына, отбасына жəне өз мамандығына деген жақсы қатынастардан байқалады. Сонымен, кəсіби дамудың негізгі ерекшеліктері - кəсіби байлықтар приоритеті, жұмысқа кірісіп кету, берілу.
Сондықтан да, қазіргі ғылымдағы кəсіпке дайындалу ұғымы, бір жағынан топтардың, таптардың, ұлттардың жалпы əлеуметтік жүйесінің құндылық стандарттарымен, екінші жағынан тұлғаның мотивациялық бағдарлауымен тығыз байланысты. Қоғамдағы маңызды құндылықтар интериоризациясы мінез-құлықтағы əлеуметтік нормативтерді игеру арқылы келеді. Құндылықтық бағдарлау қоғамдық маңызды істерде жəне мінез-құлықтарда пайда болатын сананың, мінез-құлықтың белгілі бір бағыттылығында өзін көрсетеді немесе өзі жөнінде мəлімет береді.
Индивидті, кəсіби жəне тұлғалық даму темптерінің сəйкес болуы дегеніміз адамдардың өзін-өзі еңбекке бейімдеуі жəне оны жүзеге асыруымен сипатталатын қатынас Жалпы айтқанда, адамның индивидті, тұлғалық жəне кəсіби дамуы оның индивидуалды өмірінде өзара əрекеттесіп, кəсіби өмір сценарийінің кең спектірін құрайды. Адамның шыңға жетуі тұлғалық кəсіби қалыптасуының əр кезеңдерінде орналасады.
Кəсіби қалыптасу адам өмірінің ұзақ кезеңін қамтиды (35-40 жыл). Осы уақыт аралығында өмірлік жəне кəсіби жоспарлар өзгереді, əлеуметтік жағдайлар мен жетекші іс-əрекет ауысады, тұлға құрылымының қайта құрылуы жүреді. Осыған байланысты кəсіби қалыптасудың үздіксіз процесінде кезеңдердің бөліну критерийлері туралы сұрақ пайда болады.

4. Тұлғаның құрылымы туралы көзқарастардың дамуы.

  1. Мәдени-тарихи даму концепциясы.

  2. Іс-әрекет теориясы.

  3. Жеке тұлға немесе кісі қасиеттерін көптеген ғылымдар зерттейді: философия, социология, психология, этика, эстетика, педагогика. Олардың әрқайсысы жеке тұлға мәселелерін өзінің зерттеу пәнімен байланысты қарастырады.

Адамның көпаспектілі екенін оны атаудың өзінен көрінеді: «адам», «жеке тұлға», «тірі жан» (индивиуум), «өзіндік адам» (яркая индивидуальность).
Адам деген ұғымды пайдаланғанда – ол биоәлеуметтік қасиеттермен сипатталатын, дискреттік белгілер жүйесін меңгерген, жоғары психикалық функциялары қалыптасқан, құрал-жабдықтарды жасап, оны пайдалана алатын жан деп түсінеміз.
Ал жеке тұлға деп жекелік психикалық қасиеттері дамыған, әлеуметтік ортада өмір сүруге және қарым-қатынас жасауға қабілеті қалыптасқан адамды айтамыз.
Бұл ерекшеліктер жеке адам теорияларында көрсетілген:
1. Мәдени-тарихи даму концепциясы
2. Іс-әрекет теориясы.
3. Ақыл-ой қызметін қалыптастыру теориясы.
4. Үйрету теориясы
5. «Бастапқы адамдандыру» концепциясы.
Жеке тұлға туралы теориялардың ішінде бізді қызықтыратыны баланың нағыз адами қасиеттерді меңгеруін түсіндіретін теориялар. Оларды келесі топтарға бөліп көрсетуге болады:

  1. Л.С.Выготский ұсынған мәдени-тарихи даму концепциясы. Бұл концепция бойынша жеке тұлғаның қалыптасуы өзгелермен қарым-қатынас жасау барысында адамзат тәжірибесінде тарихи қалыптасқан шартты белгілерді пайдаланумен байланысты. Қарым-қатынас барысында меңгерілген шартты белгілер (сөздер) біртіндеп жеке тұлғаның психикалық қызметінің негізі болады.

  2. Іс-әрекет теориясы. Бұл теорияның авторы А.Н.Леонтьев. Леонтьев теориясының негізгі қағидасы – барлық іс-әрекет бірінші кезеңде саналы жасалған әрекет ретінде, сонан соң біртіндеп шапшаң орындайтын міндетті қызметке айналады (жазу, оқу, өзіне-өзі қызмет көрсету, еңбек ету).

5. Тұлғаның дамуының жалпы заңдылықтары. Тұлғаның дамуы мен өмірлік жолы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет