Д. Жеке адам психологиясы зс. Бақылау сұрақтары: «Жеке адам» ұғымының анықтамасы мен мазмұны. «Индивид», «субъект», «тұлға», «жеке даралық» ұғымдарының арақатынасы. Тұлғаның дамуында биологиялық және


Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы



бет3/4
Дата08.02.2022
өлшемі37,4 Kb.
#119688
1   2   3   4
Байланысты:
Д.Жеке адам психологиясы
Д.Жеке адам психологиясы, Д.Жеке адам психологиясы, Д. Қарым-қатынас. Ұжым-топтар Бақылау 2 (1), Д.Жеке адам психологиясы
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы.
Тәрбиенің негізгі мақсаты- қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтіктәжірибені меңгеруі, оның жан- жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдаы жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік фактрлар да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық- педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан .Жеке тұлға бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаның зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың “өзегі” бар деп мойындайды, олар оны “Мен- жүйе” немесе жай ғана “Мен” деп белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым болып табылады.
Жеке тұлғаны қалыптастыру дегеніміз оны мәдениетке үйрету, білім, білік, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту. Ұлттық көркемөнермен, әдебиетпен, ғылыммен айналыстыру, адамгершілік құндылықтар, жүйесін ұғына білуге, сөйтіп жеке бастың тәжірибесін үздіксіз байытып отыруға себін тигізу. Мәдениетке араласу, сайып келгенде, адамның шығармашылық дамуы деуге де болады. Бұл жерде ең басты маңызы бар нәрсе – адам дамуының психикалық және функционалдық заңдылықтарын, сонымен қатар қазақ халқының психологиялық сипаттамасын анықтайтын бірден бір ғылым – ұлттық психологияны меңгеруге байланысты туындайды. Сондықтан да оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту барысында оларды ұлттық мәдениет рухында дамытуға қажетті барлық қолайлы жағдайларды ескеру керек. Ең бастысы – ұстаз өз халқының ұлттық мәдениетінің бай тәжірибесіне ие болуы қажет. Әр мектепте оқу – тәрбие жұмысын сапалы түрде жақсарту және ұлттық мәдениет байлығын әлем мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде қабылдату әр ұстаздың өзіндік әдіс – тәсіліне, шығармашылық қабілетіне байланысты.
6. Тұлғаның бағыт-бағдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет