Дафния, циклоп, креветка, өзен шаяны, краб шаянының құрылысындағы ерекшеліктері. Орындаған: Турлықожа Нартай Илиясұлы



бет1/7
Дата28.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#193796
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Турлықожа Н.И.
Документ Microsoft Word, соп неотложка, су, Тері және оның туындылары

Дафния, циклоп, креветка, өзен шаяны, краб шаянының құрылысындағы ерекшеліктері.

Орындаған: Турлықожа Нартай Илиясұлы


ШАЯНТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ - CRUSTACEA

Шаянтәрізділердің 30000-ға жуық түрі белгілі, негізінен тұщы су қоймаларында, теңіздерде кең тараған. Олардың арасында бен-тосты (су түбінде мекендейтін), планктонды, паразитті және құрлықта тіршілік ететін түрлері бар. Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды жерлерде, дымқыл ортада мекендейді және желбезекпен тыныс алады, осы белгілері оларды суда тіршілік ететін формалардан шыққандығын дәлелдейді.
Денелерінің ұзындығы 1-2 мм-ден 80 см-re дейін. Шаянтәрізділер басқа буынаяқтылардан аса айрықша белгілерімен ерекше. Біріншіден, оларда екі жұп мұртшалары: акронның өсінділері антеннулалары (antennula) және денесінің бірінші сегментінің түрі өзгерген аяқтары антенналары (antenna) болады. Соған орай оларды антенна I және антенна II деп атайды. Екіншіден, тек шаянтәріз-ділерде ғана аяқтарының қарапайым екі бұтақты құрылысы сақтал-ған. Мұндай аяқ екі буыннан протоподит (protopodit) пен базиподит (basipodit) және екі буындалған бұтақтан экзоподит (exopodit) және эндоподиттен (endopodit) тұрады. Сонымен қатар, протоподитте тыныс алу қызметін атқаратын ерекше өсінділері преэпиподиттері (epipodit) бар (99-сурет). Бірақ, эволюция барысында аяқ құрылы-сының мұндай бастапқы типі елеулі өзгерістерге ұшырағандықтан аяқтары көбінесе бір бұтақты.
Құрылысы мен физиологиясы.
Шаянтәрізділердің денесі негізінен бас (серһаіоп), кеуде (thorax) және құрсақ (abdomen) бөлімдерінен тұрады, бірақ бас бөлімі келесі кеуде бөлімімен бірігіп
кетіп баскеуде (cephalothorax) бөліміне айналған. Сондықтан шаянтә-різділердің басым көпшілігінде денесі нақты дифференцияланған екі бөлімнен құралған: баскеуде және құрсақ.
Дене құрамына кіретін сегмент саны, басқа буынаяқтылармен салыстырғанда алуан түрлі: 5-8-ден 50-ге дейін.
Бас бөліміндегі сегменттерінің саны тұрақты, яғни барлық шаянтәрізділердің басы акрон және 4 сегменттен құралған. Акрон болжам бойынша, арғы тегінің (көпқылтанды буылтық құрттардың) простомиум бөлігі, ал оның өсіндісі - антеннулалары немесе I антен-налары пальпилерінің гомологы. Антеннула мұртшалардың бірінші жұбы басының алдыңғы бөлімінде, ауыз тесігінің алдында орнала-сады, бірқатар буындардан тұрады және негізінен бір бұтақты. Тек кейбір жоғарғы сатыдағы шаяндарда олар екіге (мысалы, өзен шаянында), кейде тіптен үшке ажырайды.
А нтеннулалар сезу, әсір есе иіс сезу м үш елері, бірақ кейде ж үзу үш ін д е ж ұм салады .
Жабыны.
Шаянтәрізділердің бүкіл денесі сыртқы қанқа түзетін хитинді кутикуламен қапталған. Кутикуланың астында гиподер-мальды эпителий қабаты және базальды мембрана жатады. Төменгі сатыдағы шаянтәрізділерде хитинді кутикуласы жұмсақ әрі мөлдір, ал жоғарғыларында құрамында СаС03 тұзының көптігінен ол қалың, қатты және мықты. Суда тіршілік ететіндіктен шаянтәрізділерде денеде ылғалды сақтап тұратын кутикуланың ең сыртқы қабаты эпикутикуласы дамымаған. Осы ерекшелігі құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділерде де сақталған. Сондықтан олар ылғалы мол жерлер-де ғана тіршілік етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет