Дамыған орта ғасырлық мемлекеттер (ХІ- хііі ғғ.). Қарахан, Найман, Керей және Қарақытай мемлекеттерінің саяси тарихы мен қоғамдық құрылысы Қимақ және қыпшақтардың саяси тарихы Ортағасырлық ұлы ғұламалар және ғылымның дамуы Орхон-Енисей



бет2/6
Дата20.11.2023
өлшемі88,96 Kb.
#192376
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тарих 4-лекция(2)
ТЖБ№3 5сынып

Қарақытай, Шығыс Қазақстан мен Жетісудағы наймандар мен керейлер. IX ғасырда Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін Орталық Азияның Шығыс бөлігіндегі билікті қидандар басып алды. 1125 жылы Қытайдың біріккен күштері мен оның одақтастары Қидан мемлекетін талқандады. 1128 жылы Баласұғын билеушісі қидандарды бағынбаған тайпаларға қарсы шығуға одақтас ретінде шақырды. Олар одақтас болудың орнына өздері Баласағұн қаласын басып алды. Сол жылы қидандар Жетісуға Қарақытай деген атпен, ордасы Ғұзорда болған өз мемлекетінің негізін қалады. Мемлекеттің негізін қалаушы Елюй Даши 1141 жылы Самарқанға жақын маңда біріккен салжұқ-қарахан әскерін талқандады. Қарақытайлар Бұхараны және бүкіл орталық Мауараннахрды басып алды. Хорезмшахтар мемлекетінің билеушісі жеңіліске ұшырап, қарақытайларға жыл сайын алым-салық төлеуге мәжбүр болды. https://youtu.be/_k3pM42nVu4

  • Қарақытай, Шығыс Қазақстан мен Жетісудағы наймандар мен керейлер. IX ғасырда Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін Орталық Азияның Шығыс бөлігіндегі билікті қидандар басып алды. 1125 жылы Қытайдың біріккен күштері мен оның одақтастары Қидан мемлекетін талқандады. 1128 жылы Баласұғын билеушісі қидандарды бағынбаған тайпаларға қарсы шығуға одақтас ретінде шақырды. Олар одақтас болудың орнына өздері Баласағұн қаласын басып алды. Сол жылы қидандар Жетісуға Қарақытай деген атпен, ордасы Ғұзорда болған өз мемлекетінің негізін қалады. Мемлекеттің негізін қалаушы Елюй Даши 1141 жылы Самарқанға жақын маңда біріккен салжұқ-қарахан әскерін талқандады. Қарақытайлар Бұхараны және бүкіл орталық Мауараннахрды басып алды. Хорезмшахтар мемлекетінің билеушісі жеңіліске ұшырап, қарақытайларға жыл сайын алым-салық төлеуге мәжбүр болды. https://youtu.be/_k3pM42nVu4
  • Мемлекеттің негізін салушы Елюй Даши 1143 жылы қайтыс болып, билік оның жесірінің қолына өтті. Қарақытайларда билікке мүрагерлік ету құқығына ерлер ғана емес, билеуші рудың әйелдері де ие болды. Қатақытай тарихында Елюй Дашидің қызы да билікке ие болғандығы белгілі. 1208 жылы Моңғолиядан Шыңғысхан ығыстырған Күшлік басқарған наймандар Жетісуға келді. Олардың келуімен Жетісудағы жағдай күрт өзгерді. Қарақытайлар Жетісудағы саяси ықпалынан айрылды. Күшлік хан және оның одақтастары қарақытай билеушісін тұтқындады. 1212 жылы Қарақытай мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. Жетісудағы билік найман билеушісі күшлік ханға өтті. Найман мемлекеті. Найман мемлекеті Батыс Монғолия мен Шығыс Қазақстан жерін иеленіп, XII ғасырдың екінші жартысында өзінің гүлденген кезеңіне жетті. Наймандарда қала мәдениеті, егіншілік дамып, көрші мемлекеттермен сауда қатынастары кеңейді. Дәл осы кезеңде барлық сегіз тайпа біртұтас мемлекетке бірікті. Мемлекеттің ордасы Орхон өзені жағасындағы Балықты қаласы болды.
  • Наймандардың батыстағы көршісі Ертістің бас жағын мекендеген қыпшақтар, солтүстік Енисей қырғыздары, шығыста керейлер еді. https://youtu.be/pdlS1VUkrzI
  • Керейлермен бейбіт қатынастар жаугершілік кезеңдермен алмасты. Наймандар Орталық Азиядағы көшпелілерге билік жүргізу үшін керейлермен бақталас болды. Наймандар Керей мемлекетінің тағына өзінің адамдарын бірнеше рет отырғыза алды. Алайда XII ғасырдың соңы – XII ғасырдың басыында Найман хандығының өзі екі бөлікке ыдырап кетті. Осы кезеңде монғол көсемі Темучин (Шыңғысхан) нығая бастады. 1201 жылы наймандар монғолдардың күшеюін тоқтату мақсатында түркі тілдес тайпа өкілдері қатысқан құрылтай ұйымдастырды. Алайда сол жылы наймандар мен олардың одақтастары монғолдардан жеңіліске ұшырады. 1204 жылы монғолдар наймандарды толықтай жеңді. Найманның соңғы билеушісінің ұлы Күшлік қалған әскерді жина, Жетісуға қоныстанды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет