Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ХАЗІРЕТІ АЙШАМЕН НЕКЕЛЕСУІ



Pdf көрінісі
бет135/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі
ПрактикумКаз, Zadaniya s rech kMod1(18.02.13), 6035344306a28 3, альдегидтер мен кетондар, орг.хим. жктелу, 0005c324-0423cfa3, Сапарова Гулшат 308А кунделик 1 кун, Философия конспектілер, Филос 1 Тақырып, 4,5,6,7, Аманқос Г. Арал теңізі, КТЖ АКТ 1 сынып, ТЖБ талдауы ІІ тоқсан, 1 А,Ә, Е кл. 05.05.Русский язык
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ХАЗІРЕТІ АЙШАМЕН НЕКЕЛЕСУІ

 

Хазіреті  Хадишаның  мәңгілік  сапарға  аттануы  Хазіреті  Мұхаммедтің 



(с.а.у.)  отбасылық  өмірінде  қиындықтар  туғызды.  Бұл  жағдайды  сахабалары 

да сезбей қалмады... 




 

159


Бір  күні  Осман  ибн  Мазун  есімді  сахабаның  әйелі  Хаула  ардақты 

Пайғамбарымызға келіп: 

"Уа,  Расулаллаһ!  Үйіңде  Хадишаның  жоқтығы  қатты  білінеді  екен",- 

деді. 


Аллаһ Расулы: 

"Әрине,  ол  -  балаларымның  анасы,  шаңырағымның  шаттығы, 

отауымның тірегі еді ғой", - деп жан қиналысын сездірді. 

Әңгіменің орайы келгенде Хаула: 

"Уа,  Расулаллаһ!  Өлгенмен  бірге  өлмек  жоқ.  Үйленуге  қалай 

қарайсың?", - деп сұрады. 

Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.): 

"Кімге?" - деді. 

"Хазіреті Әбу Бәкірдің қызы Айшаға немесе Зәманың қызы Сәудаға..." 

Ойланып қалған Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Хаулаға: 

"Барып, екеуімен де сөйлесіп көрсең қайтеді?" - деді. 

Хаула  шыққан  бойда  Әбу  Бәкірдің  үйіне  барды.  Үйде  Хазіреті 

Айшаның анасы Үммү Руман бар еді. 

Хаула табалдырықтан аттар-аттамаста: 

"Ей,  Үммү  Руман!  Аллаһтың  сіздерге  керемет  берекетті  нәсіп  еткенін 

білесіңдер ме?" - деді. 

Үммү Руман: 

"Нені айтасың?" 

Хаула: 

"Расулаллаһ қыздарың Айшаны айттыруға мені жолдады." 

Отағасы  Хазіреті  Әбу  Бәкір  болмағандықтан  Үммү  Руман  Хаулаға 

нақты  жауап  айта  алмады.  Хаула  Хазіреті  Әбу  Бәкірдің  келуін  күтті.  Келген 

соң оған да бұйымтайын жеткізді. 

Хазіреті Әбу Бәкір біраз ойланып қалды да: 

"Біз Мұхаммедпен (с.а.у.) бауырмыз ғой. Қыз алысуға болар ма екен?" - 

деп күдігін айтты. 

Хаула Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) Хазіреті Әбу Бәкірдің күмәнді ойын 

жеткізді. 

Расулаллаһ: 

"Әбу  Бәкірге  айта  бар,  біздің  бауырластығымыз  қандас  немесе  бір 

анадан сүт емгенімізге қатысы жоқ. Біз діндес бауырлармыз,  жақындығымыз 

нанымымыздың  ортақтығына  байланысты.  Сондықтан  қыз  алысуға  әбден 

болады", - деді. 

Хаула  Хазіреті  Мұхаммедтің  (с.а.у.)  сәлемін  Хазіреті  Әбу  Бәкірге 

айтқанда,  парасатты  сахаба  бір  сөзге  келместен  ризашылығын  берді.  Сөйтіп 

(ай  календары  бойынша)  шәууал  айында  Хазіреті  Мұхаммед  пен  Хазіреті 

Айшаның некесі қиылып, той кейінге қалдырылды. 

 

 



 

 



 

160




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   380




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет