Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009



бет1/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз
Zadaniya s rech kMod1(18.02.13), 6035344306a28 3, альдегидтер мен кетондар, орг.хим. жктелу, 0005c324-0423cfa3, Сапарова Гулшат 308А кунделик 1 кун, Философия конспектілер, Филос 1 Тақырып, Адамзаттың асыл тәжі, 4,5,6,7, Аманқос Г. Арал теңізі, КТЖ АКТ 1 сынып, ТЖБ талдауы ІІ тоқсан, 1 А,Ә, Е кл. 05.05.Русский язык
әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті



БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ
ХИМИЯ
ПРАКТИКУМЫ
Оқу құралы
Профессор М.М.Бүркітбаев пен доцент Р.Г.Рысқалиеваның редакциялауымен
Алматы 2009

ÓÄÊ 541.0


ÁÁÊ 24 1ÿ 7
Ï81

Авторлар тобы:


М.М.Бүркітбаев, Н.Н.Нұрахметов, К.Б.Бекішев, М.Р.Танашева, Г.С.Куанышева, С.М.Романова, Н.В.Абрамова, Б.Д.Балгышева, Р.Г.Рыскалиева, А.И.Ниязбаева


Пікір жазғандар:
Химия ғылымдарының докторы, профессор М.К.Алдабергенов
Химия ғылымдарының кандидаты, профессор Д.А.Смағұлова
КІРІСПЕ
Жоғарғы оқу орындарында химия курсының негізгі бір бөлігі лабораториялық жұмыстар болып табылады. Ал, лабораториялық жұмыстарсыз студенттерді химия негіздерімен таныстыру мүлдем қиын. Бұл оқу құралы әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде жалпы және бейорганикалық химияны оқытудағы көп жылдық тәжірибиенің қорытындысы болып табылады. Практикумды құрастырғанда Кеңес одағының және шетел авторларының лабораториялық жұмыстарға байланысты еңбектері, журналдарда жарық көрген материалдар, өте жақсы жұмыстар және кафедра қызметкерлерінің еңбектері қолданылған.
Бейорганикалық химия практикумы алғаш рет 1976 жылы Б.А.Бірімжанов пен Л.А.Кадушкинаның редакциялауымен шығарылған болатын.
Оқу құралының бұрынғы басылымдардан айырмашылығы кафедра оқытушылары дайындаған барлық тәжірибелер жартылай микроәдіске жауап беретін реактивтердің аз мөлшерімен жүргізіледі.
Реактивтердің аз мөлшерімен жұмыс істеу өте тиімді және тәжірибе көрсеткендей біраз ерекшеліктері бар:
1.Тәжірибелердің толық қауіпсіздігін және лаборатория ауасының тазалығын қамтамасыз етеді.
2.Реактивтер мен энергия көзін үнемдеуге септігін тигізеді.
3.Уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, себебі реактивтердің аз мөлшерімен жасалатын тәжірибелерді тез жүргізуге болады.
4.Ұқыптылыққа тәрбиелеуге әсерін тигізеді.
5.Студенттер реактивтердің аз мөлшерін қолдана отырып, тәжірибелерді жеке орындауларына болады да, бұл олардың өз бетімен жұмыс істеп үйренуіне мүмкіндік береді.
Жалпы химия курсының мақсаты бакалавр дайындауға оқу жоспарымен қарастырылған басқа химия пәндерін оқуға теориялық негіз салу болып табылады.
Практикум Қазақстан Республикаларының университеттерінің химия факультеттері үшін жалпы және бейорганикалық химия бағдарламасына сәйкес құрастырылған.
Оқу құралының бірінші бөлімінде бейорганикалық химиядан лабораториялық жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері, қарапайым аспаптар мен қондырғыларды жинаудың негізгі қағидалары көрсетілген және керекті зертханалық құрал-жабдықтар мен химиялық ыдыстарға қысқаша сипаттамалар берілген. Практикумның бұл бөлімінің мақсаты-студенттерді заттарды тазалау мен идентификациялаудың негізгі әдістерімен таныстыру, лабораториялық журналды қалай безендіру керектігін көрсету.
Екінші бөлім жалпы химияның типтік жұмыстарына арналған. Оларға бөлім бойынша жасалатын жұмыстың мәнін түсіну үшін керекті қысқаша теориялық кіріспе берілген.
Үшінші бөлім бейметалдар химиясына, ал төртінші бөлім-металдар химиясына арналған. Ыңғайлы болу үшін лабораториялық жұмыстың алдында студенттерге керекті құрал-жабдықтар мен реактивтер келтіріледі. Көптеген ерітінділер үшін олардың концентрациялары көрсетілген.
Оқу құралына қосымша ретінде бейорганикалық химиядан курстық жұмысты орындауға байланысты кейбір нұсқаулар, лабораториялық жұмыстар үшін реактивтер дайындау, ІUPAC бойынша бейорганикалық қосылыстардың номенклатурасының ережесі, керекті анықтамалық материалдар мен жалпы және бейорганикалық химия бойынша әдебиеттер тізімі берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   280




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет