Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Пайғамбарға яһудилердің қастандығы



Pdf көрінісі
бет326/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі
ПрактикумКаз, Zadaniya s rech kMod1(18.02.13), 6035344306a28 3, альдегидтер мен кетондар, орг.хим. жктелу, 0005c324-0423cfa3, Сапарова Гулшат 308А кунделик 1 кун, Философия конспектілер, Филос 1 Тақырып, 4,5,6,7, Аманқос Г. Арал теңізі, КТЖ АКТ 1 сынып, ТЖБ талдауы ІІ тоқсан, 1 А,Ә, Е кл. 05.05.Русский язык
Пайғамбарға яһудилердің қастандығы

 

Хазіреті  Мұхаммедтің  (с.а.у.)  ізгі  ниет,  игі  ілтипатына  қарамастан 



яһудилер Исламға жылы ұшырамақ түгіл, қастандықтан бас тартпады. 

Хайбарды  жаңа  алған  тұс.  Пайғамбарымыз  асхабымен  бірге  тынығып 

отырған.  Ойсырай  жеңіліп,  іштері  күйген  яһудилер  қысастықпен  тағы  бір 

зымиян  айла  ұйымдастырды.  Мақсат  -  Хазіреті  Мұхаммедке  (с.а.у.)  у  беріп 

өлтіру.  "Жауапты"  жұмысты  мәшһүр  яһуди  Сәлам  ибн  Мишкәмның  қызы 

Зейнеп  мойнына  алды.  Алдын  ала  ақылдасқандай,  Зейнеп  жаңа  сойылған 

ешкіні жақсылап қақтап пісірді де, улап тастады. Пайғамбардың тоқпан жілік 

пен жауырын сүйегін жақсы көретінін де біліп алған ол, соларға уды көбірек 

септі. 

Зымиян яһуди әйелі дайын мәзірді әкеліп: 

"Уа,  Қасымның  әкесі!  Саған  сый-табақ  тартқалы  келдім",  -  деп,  буы 

бұрқыраған тағамды ортаға қойып кетіп қалады. 

Пайғамбар  мен  асхабы  былқылдап  піскен  жас  етке  қол  салған. 

Жауырын сүйекті қолына алған Пайғамбарымыз: 

"Тез  қолдарыңды  тартыңдар!  Мына  сүйек  мені  еттің  түгелдей  улы 

екенінен хабардар етті", - деп айтып үлгерді. 




 

350


Сахабалар  тартынып  қалды,  тек  Бишр  ибн  Бәлта  бір  үзім  етті  жұтып 

қойып еді. Отырған жерінде өңі бозарып, қайтыс боп кетеді. 

Пайғамбарларды  өлтірумен  даңқтары  асқан,  әсіресе,  адамды  улап 

өлтіруде  алдарына  жан  салмайтын  яһудилердің  бұл  жолғы  айласы  да  іске 

аспай,  масқаралыққа  ұрынады.  Жабулы  қазанды  жабулы  күйінде  қою 

пайғамбардың әдетінде жоқ, дереу амалды іске асырушы Зейнепті шақырып, 

залымдығының себебін сұрады. Сондағы Зейнептің жауабы: 

"Егер  сенің  пайғамбар  екенің  рас  болса,  саған  хабар  беріліп,  зиян 

шекпесіңді  білдім.  Ал  егер  пайғамбарлығың  жалған  болса,  онда  өзімізді 

басқа халықтардың құрығынан құтқарайын дедім". 

Кейбір  деректерде  пайғамбар  бірде  бір  адамға  жеке  басы  үшін  кек 

сақтамайтындықтан, улап өлтірмек болған Зейнепті кешірген делінеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   380




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет