«Даму психологиясы» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің тест спецификациясы



Дата31.07.2020
өлшемі18,24 Kb.
#75692
Байланысты:
Damu psikhologiyasy
ОШ СОР Английский язык ЕМН 10 класс (1), 4 нұсқа, Месседжи ОСМС-кз, Месседжи ОСМС-кз, Медициналық-және-фармацевтикалық-тауартану

«Даму психологиясы»

пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

(2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)


1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М066 – Психология

Шифр білім беру бағдармалар тобы


3. Тест мазмұны: Тестіге «Даму психологиясы» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.




Тақырыптың мазмұны

Қиындық деңгейі

Тапсыр

малар саны

1

Даму психологиясының пәні, міндеттері және зерттеу әдістері

А

2

2

Психикалық дамудың теориялары

А

2

3

Психикалық дамудың заңдылықтары

А

2

4

Нәресте психологиясы (туылғаннан бір жасқа дейін)

В

2

5

Ерте балалық шақтағы баланың физикалық және психикалық дамуы

В

2

6

Мектепке дейінгі жастағы психикалық дамудың жалпы сипаттамасы

В

2

7

Бастауыш мектеп жасындағы баланың дамуы

В

2

8

Жас өспірімдік кезеңінің психологиялық ерекшеліктері

С

2

9

Ерте жастық шақ психологиясы

С

2

10

Ерте кемелденудің психологиялық ерекшеліктері (20-тан 40 жасқа дейін)

С

2

Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

20


4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Тест тапсырмалары мазмұнында даму психологиясының теория ғылымының негіздері, теориялары, терминологиясы сипатталады.


5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут.

Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:


  • жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);

  • орташа (B) – 8 тапсырма (40%);

  • қиын (C) – 6 тапсырма (30%).


7. Тапсырма формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.


8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Үміткер тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда үміткер 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін үміткерге 0 балл беріледі. Үміткер дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.


9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Жұбаназарова Н.С. Жас ерекшелік психологиясы. Оқулық. «Қазақ университеті» 2014 ж.

  2. Бапаева М.Қ. Даму психологиясы. Оқулық -Алматы. 2014. – 440 б.

  3. Кударова Н.А. Даму психологиясы. Әдістемелік құрал – Павлодар. 2012. – 74 б.

  4. Сатиева Ш.С. Даму психологиясы. Оқулық –Семей. 2007. – 195 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет