«Дария кеуде, тау мүсін » Ізгілік сағаты Дайындағандар: Ажибекова Г. Тәрбиешілер Түркістан, 2022 ж Ізгілік сағаты: «Дария кеуде, тау мүсін »


Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз жырлағандай «Ана» әні сіздерге арналады



бет3/3
Дата01.12.2022
өлшемі154,45 Kb.
#160839
1   2   3
Байланысты:
қарттар күні

Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз жырлағандай «Ана» әні сіздерге арналады.
Жүргізуші:  Төрінен қарт кетпесін деп тілеген халықпыз. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу- біздің ата дәстүріміз. Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіне нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір- қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал еңбегін ақтау- өз болашағыңды сақтау. Ата-анаңа не істесең, алдыңа сол келеді. Дүние алма кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып қағатын болады.
Оқушыларымыздың құттықтау сөздерін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Абырой амандығың арта берсін,
Бақ-даулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм тұзыңды тата берсін.
Жүргізуші: Армысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би;
Сіздер үшін мереке шашулары.
Тыныштық елімізге бере берсін,
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел-жұртымыз аман болып,
Қызығын бейбіт өмірдің көре берсін.
Оқушылардың қарияларымызға деген жыр шумақтарын қабыл алыңыздар. М.Мақатаевтың «Қариялар азайып бара жатыр» өлені
Жүргізуші: «Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып әнмен тіл бердің.
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!», - деп Мұқағали бабамыз айтқандай, міне, балалар, біз өзіміздің ата- әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп, сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Жүргізуші: Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін!
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін!
Тап-таза абыройлы болғаныңды:
Қазіргі ел билеген жастар көрсін!
Кітапханашы:  Құрметті аталар мен ақ жаулықты аналар, ұстаздар мен оқушылар! Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет! Осымен «Дария кеуде, тау мүсін...» атты ізгілікті тәрбие сағаты аяқталды. Сау-саламатта болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет