Јдебиеттер тізімі



бет5/15
Дата28.09.2023
өлшемі1,32 Mb.
#182868
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Лаб 3-6 2023 каз 1-часть для студ
ҚМЖ Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы (8 сынып), Nationalities 1, Ашық сабақ Неке және отбасы ұғымы
Парақтар деректерді ұйымдастыру және талдау үшін пайдаланылады. Бірнеше парақтар бір мезгілде деректерді енгізуге және өзгертуге, сонымен
қоса бірнеше парақтағы мәліметтер негізіндегі есептеулер жүргізуге болады. Диаграмма құрған кезде оны сәйкес мәліметтерімен бірге немесе диаграмманың жеке парағына орналастыруға болады.
Excel-дегі электрондық кесте алғаш ашылғанда үш парақтан тұрады. Кестеге Вставка – Лист командасы арқылы парақтар қосуға болады.
Excel-де кесте ұяшықтарына енгізетін деректердің үш түрі болады. Мәтін, сан және формула немесе ұяшық бос болуы мүмкін. Excel құжаты енгізілген деректер түрін бірінші символ арқылы анықтайды. Егер бірінші символ әріп немесе “ ” апостраф болса – мәтін; цифра болса – сан; = белгі болса, формула немесе сан енгізілді деп есептеледі.
Енгізіліп жатқан деректер сол ұяшықта және формула жолында көрсетіледі. Деректер жадыға тек Enter пернесін немесе курсорды басқа ұяшыққа ауыстырғанда ғана енгізіледі.
Мәтін деп – кез-келген символдар жинтығын айтамыз. Егер мтін цифрадан басталса жазуды енгізуді “ ” символын бастау қажет. Сандарды ұяшыққа =,+, - таңбаларымен немесе таңбасыз енгізуге болады. Егер енгізілетін сандардың ұзындығы ұяшық енінен артық болса, Excel оны экспоненттік түрінде көрсетеді немесе экранда сандар орнына белгілір # # # қояды, бірақ жадына сан толық сақталады.
Санды, мәтінді, уақытты енгізу үшін: деректерді енгізетін ұяшықты белгілеу керек және деректерді теріп жазып, Enter пернесін немесе табуляция пернесін басу керек.
Мерзімді енгізген кезде бөлгіш ретінде нүктені немеес дефисті қолданыңыз, мысалы, 09.05.96 немесе Қаңтар-96.
Формуланы енгізу үшін: Формуланы енгізетін ұяшықты көрсету керек және = (теңдік белгісін) басу керек. Егер Изменить формулу немесе Вставка функции fx батырмасы арқылы басса автоматты түрде теңдік белгісі қойылады. Формуланы енгізіп болғаннан кейін Enter пернесін басу керек.
Егер формулаларды көшіргенде нақты бір ұяшық пен ауданға сілтеме қолдану қажет болса, абсолюттік адрестеуді қолдану керек. Ол үшін жол нөмірі мен бағана аты алдында $ белгісін жазу керек. Мысалы: $В$4 немесе $С$2. Аралас адрестеуде $ белгісі қажетінше бағана әріпінің алдында немесе жол нөмірінің алдында қойылады. Мысалы: $В4 немесе $С4. Салыстырмалы адрестеуде $ белгісі қойылмайды, яғни формуланы көшіргенде бағана әріпі де, жол нөмірі де өзгеріп отырады.
Функциялар есептеулерді жеңілдету үшін қолданылады. Excel функцияларын келесі категорияларға бөлуге болады:

  • Математикалық және тригонометриялық;

  • Статистикалық;

  • Логикалық;

  • Қаржылық;

  • Ақпараттық;

  • Мәтіндік;

  • Уақыт және мерзім функциясы;




  • Деректер қорына арналған функциялар;

  • Сілтемелік функциялар;

Функцияларды формулаларға қою үшін, fx функция мастерін қолдануға болады.
Excel-де сандық қатарлар мен бағаналар сандарын графиктер мен диаграммаларға айналдыруға болады. Диаграммалар – деректерді графикалық түрде бейнелейтін құрал. Диаграммалар өзінің көрнектілігімен деректерді дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Диаграмма ұяшықтарда байқалмай қалған қателерді көруге көмектеседі.


1-тапсырма: Excel-де прайс-парақты дайындау және форматтау

  1. Пуск  Программы  Mіcrosoft Excel программасын жүктеңіз.

  2. Қолданылмаған жұмысшы парақ жарлығында шерту арқылы немесе Вставка  Лист командасымен жаңа парақ құрыңыз. Оған Дерек деген ат беріңіз. Параққа жаңа ат беру үшін парақ жарлығын 2 рет шертіңіз.

  3. А1 ұяшығына Прейскурант текстін енгізіңіз.

  4. А2 ұяшығына Есептеу курсы текстін, В2 ұяшығына 1у.е.= текстін, С2 ұяшығына ағымды есептеу ($) курсын енгізіңіз.

  5. А3 ұяшығына Тауар аттары текстін, В3 ұяшығына Баға(у.е), С3 ұяшығына Баға(теңге) текстін енгізіңіз.

  6. А бағанасының келесі торларына прейскурантқа кіретін тауарлар тізімін енгізіңіз (10).

  7. В бағанасының сәйкес торларына тауарлар бағасын шартты бірліктерде (у.е) енгізіңіз.

  8. С4 ұяшығына =В4*$C$2 формуласын енгізіңіз. Бұл формула шартты бірліктегі бағаны теңге бағасына ауыстырады.

  9. А және В бағаналарының толтырылған ұяшықтарына сәйкес автотолтыру әдісімен 8-бөлімде енгізілген формуланы С бағанасының барлық ұяшықтарына көшіріңіз.

  10. С2 торындағы есептеу курсын өзгертіңіз. Өзгерісті байқаңыз.

  11. А1:С1 диапазонын белгілеңіз де Формат  Ячейки командасын беріңіз. Туралау пунктінде Центр бойынша таңдап, ұяшықтарды біріктіру жалаушасын тағайындаңыз.

  12. Шрифт кірісінде (вкладка) шрифт мөлшерін 14 беріп, начертания тізімінде Жартылай қара нұсқасын таңдаңыз. ОК батырмасын басыңыз.

  13. В2 ұяшығына тышқанның оң жақ батырмасын басып Формат ячеек командасын таңдаңыз. Оң жақ шетке туралауды беріп, ОК басыңыз.

  14. С2 ұяшығына тышқанның оң жақ батырмасын басып Формат ячеек командасын таңдаңыз. Сол жақ шетке туралауды беріп, ОК басыңыз.

  15. В2:С2 диапазонын белгілеңіз. Форматтау панеліндегі Границы батырмасының қасындағы ашылатын батырманы шертіңіз де, осы ұяшықтар үшін жалпақ (широкий) сыртқы жақтауды беріңіз (ашылған палитрада төменгі оң жақ бұрышта).

  16. А және В, В және С, С және D бағаналар аттарының шекараларында 2 рет шертіңіз. А,В және С бағаналар ені қалай өзгергенін байқаңыз.

  17. Алдын ала көру батырмасын шертіп, құжаттың басылымдағы көрінісі қалай болатынын көріп алыңыз.

  18. Жұмыс кітабын Excel.xls деп сақтаңыз.



2 тапсырма: Excel электрондық кесте құралдарымен деректерді өңдеу
- 2.1-кестеде берілгендей толтырыңыз;
- А4:А8 ұяшықтарына сатушылардың аты-жөнін енгізіңіз.
- B4:G8 ұяшықтарына автокөліктердің сатылған санын енгізіңіз.
- Автосумма () пайдаланып БАРЛЫҒЫ Н3:Н8 және ҚОРЫТЫНДЫ В9:Н9 бағаналарын есептеңіз.
- 11 жолда жарты жылда сатылған автокөліктердің жалпы санын пайыз (%) арқылы есептеңіз.
- Диаграмма құрыңыз.

2.1-кесте – Кестені толтыру үлгісі





3. тапсырма: Математикалық функцияларды пайдаланып кестеде есептеулер жүргізу

  • 2.2-кестеге 1-ден 8-ге дейінгі x-тің мәндерін енгізу керек.

  • Келесі бағаналарда сәйкес функциялардың мәндерін есептеңіз.

  • Жуықтауды 0,1 дәлдікке дейін орындаңыз.

2.2-кесте – Математикалық функциялар







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет