¦дебиеттер


Тiстердiң iстен шығу себептерi



бет14/64
Дата18.10.2022
өлшемі5,14 Mb.
#153561
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   64
Байланысты:
лек-3бөлім
1. Электр өрісінің негізгі сипаттамалары, Жазықтықтағы координаталар әдісі. Дидактикалық материалдар. Нұсқа 2. Сабақ 4, NWMOASHFMYQB12112022122700, DOC-20230214-WA0030. ағылшын 7 сын, Дарынды оқушылармен жұмыс жоспары 2021 school 115 (2), Ғылыми жоба Оқушы Оспанова Диляра, №-02-40-2023
2.3.5. Тiстердiң iстен шығу себептерi.
Тісті берілістер көбінесе тістің бұзылуынан істен шығады. Ал тістің бұзылуы төмендегі түрлерге бөлінеді.
Тістің сынуы. Тістің сынуы өте қауіпті. Себебі тіс сынғанда, оның сынған бөлшектері ілінісу аралығына және подшипниктерге еніп, оларды тез істен шығарады. Тістер көбінесе түбінен сынады, себебі сол қимада, біріншіден, иілу моменті көп болса, екіншіден, кернеу шоғырлануы пайда болады.
Тістің негізінен сынуына, мына жағдайлар себепші болады:

  • тісті дөңгелектерді жасау кезінде және жинағанда кеткен қателіктерден және күш кернеуінің бір жерге шоғырлануы;

  • тістердің тозуынан олардың көлденең қимасының беріктігі азайып, динамикалық күштердің артуына байланысты сынады.

Айналу кезінде тісті дөңгелектерді жұмысқа қосқанда сыну қаупі болмауы үшін оларды иілуге есептеу керек.
Тістердің ілінісуіндегі үйкелістен, олардың сыртқы қабаты үгіледі. Бұл жағдайда ең алдымен тістің бетінде өте кішкентай жарықшақ пайда болып, одан кейін ол жерге май кіріп оның үлкеюіне себепші болады.
Тістің үгілуі белгілі бір жағдайда ғана тоқталуы мүмкін. Бұл жағдай көбінесе дөңгелектер жұмсақ материалдан жасалғанда байқалады (немесе қаттылығы НВ<350), себебі жұмсақ материалдан жасалған дөңгелектің тістері жұмыс істеу кезінде белгілі бір уақыт өткеннен кейін бірі-бірімен жақсы жанасатын болады.
Егер дөңгелек қатты материалдан жасалған болса (НВ>350), тістің сынған бөлшектері оның одан әрі бұзылуына әкеп соғады, бұл кезде үгілу одан әрі қарай жалғаса беруі мүмкін.
Абразивтік тозу. Тістердің абразивтік тозуы деп, ілініске қатты басқа кішкене бөлшектер (абразивтер) түсіп, одан тістердің қажалып тозуын айтады. Бұл ластанған жерде жұмыс істейтін ашық және жабық тісті берілістердің істен шығуына себепші болады. Көбінесе кен-тау, құрылыс ауыл шаруашылығы салаларында пайдаланылатын механизмдерде кездеседі.
Жанасу кернеуі әрі түрлі болатындықтан профилін тозуы да әрқилы келеді.
Бірақ жұмыс кезінде қисындық радиусының өзгеруі тозуды бірқалыпқа келтіреді. Тозған тістер үшкірленіп, динамикалық күштерді және пайдасыз дыбыстарды көбейтеді. Бұл тісті әлсіретіп, оның ысуына әкеліп соғады.

Материалдың пластикалық ағуы

Сурет -7
Тістесу. Тістерге көп күш түскенде, өте жоғары жылдамдықпен айналғанда, дөңгелектердің материалдары бірдей болғанда және олар шынықтырылмағанда тістесу жиі кездеседі. Бірақ жоғары температурада әр түрлі материалдан жасалған және шынықтырылған дөңгелектердің де тістесуі мүмкін.


Тістесуді есептеу үшін дөңгелектердің түйіскен жеріндегі температураны анықтап, оны дөңгелектер материалына байланысты олардың тістесу температурасымен салыстыру қажет. Дөңгелектер тістеспеуі үшін тістердің модулін үлкейтіп, сонымен қатар оларды шынықтырып әзірлеу, дәлдік дәрежесін жоғарылатып, арнаулы май қолдану керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет