Дебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері


Басқада дебитролық борыш бойынша аванс түрінде берілген есептің құрлымы



бет14/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,67 Mb.
#87327
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45
Байланысты:
дебиторлық қарыздар

Басқада дебитролық борыш бойынша аванс түрінде берілген есептің құрлымы.

Шот -фактура




Тауар құжаттамасы




Төлем –талап тапсырмасы




Шығыс касса ордері




Өзгеде алынған аванстық құжаттар

↓ ↓ ↓ ↓ ↓
――――――――――――――――――――――――――――――――――――
↓ ↓

Журнал – ордер №8 дебеті бойынша,кретиті шот 1260,1270

Ведомость №8 дебеті бойынша,кредиті шот 1270

Кредиті бойынша салыстыру

Бас кітап



Қаржылық есеп

1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы шоттарына қатысты бухгалтерлік есепте мынадай корреспонденциялар жазылады:
«Шымкент құс» ЖШС сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге 300000 (үш жүз мың) теңгенің дайын өнімдері 500000 (бес жүз мың) теңгеге сатылды (соның ішінде 65000 (алпыс бес мың) теңге ҚҚС сомасы).
Сатылған тауарлардың өзіндік құнына:
Д-т: 7010- Сатылған дайын өнімдердің өзіндік құны 300000 тг.
К-т: 1320-Дайын өнімдер 300000 тг.
Сатылған тауарлардан алынатын сомаға:
Д-т: 1210-Алынуға тиісті қарыздар шоты 435000 тг.
К-т: 6010-Дайын өнімдерді сатудан алынатын табыс шоты 435000 тг.
Сатылған тауарлар үшін есептелген ҚҚС сомасына:
Д-т: 1210-Алынуға тиісті қарыздар шоты 65000 тг.
К-т: 3130-Қосылған құн салығы сомасы 65000 тг.
Сатылган тауарлар үшін алынатын сома келіп түскенде:
Д-т: 1010-Ақшалар шоты 500000 тг.
К-т: 1210- Алынуға тиісті қарыздар шоты 500000 тг.
Жоғарыдағы екі жақты жазудан көріп отырғанымыздай кәсіпорындар мен ұйымдардың сатқан (тиеп жіберген) тауарлары, атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтеріне байланысты қосылған құн салығы есептелгенде "Алынуға тиісті қарыздар" шоты дебиттелініп, "Қосылған құн салығы" шоты кредиттелінеді.
Ал сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар бойынша дебиторлық қарыздардың пайда болуына "Алынуға тиісті қарыздар (шоттар)", "Алынған вексельдер", "Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де қарыздары" деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, оған сәйкес "Материалдық емес активтердің есептен шығарылуынан алынатын кіріс", "Негізгі құралдарың есептен шығарылуынан алынатын кіріс" және "Құнды қағаздардың есептен шығарылуынан алынатын кіріс" деп аталатын шоттардың тиістілері кредиттелінеді.
Сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар бойынша қосьшған құн салығы есептелінгенде "Алынуға тиісті қарыздар", "Алынған вексельдер", "Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де қарыздары" деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, "Қосылған құн салығы" шоты кредиттелінеді.
Шетелдік валютада сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің тиімді баға айырмашылықтарының пайда болуына "Алынуға тиісті қарыздар", "Алынған вексельдер", "Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де қарыздары" деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, "Бағамдық айырмашылықтан алынатын кіріс" шоты кредиттелінеді.
Алынуға тиісті айыппұлдардың, өсімақылардың сомаларына "Алынуға тиісті қарыздар", "Алынған векссльдер", "Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де қарыздары" деп аталатын шоттардың тиістілері, "Негізгі емес қызметтен алынған басқадай кірістер" шоты кредиттелінеді.
Сатып алушылардан оларға сатылған өнім, тауар және атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдер келіп түскенде "Ақшалар" бөлімінің тиісті шоттары дебиттелініп, "Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарыздары" деп аталатын бөлім шоттарының тиістілері кредиттелінеді.
Сатылған тауарлар мен дайын өнімдер әр түрлі себептермен кейін қайтарылған жағдайда "Сатылған тауарлардың қайтарылуы" деп аталатын шот дебиттелініп, "Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарыздары" — деп аталатын бөлім шоттарының тиістілері кредиттелінеді.
Кейін қайтарылған тауарларға жасалған сату және баға шегерімдерінің сомасына "Сату шегерімі" немесе "Баға шегерімі" шоттардың тиістілері дебиттелініп, "Алынуға тиісті қарыздар", "Алынған вексельдер", "Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзгеде қарыздары" деп аталатын шоттардың тиістілері кредиттелінеді.
Қайтарылған тауарлар мен өнімдерге (жұмыстар мен қызметтерге) есептелінген қосылған құн салығы сомасы "Алынуға тиісті қарыздар", "Алынған вексельдер", "Сатып алушьшар мен тапсырыс берушілердің өзге де қарыздары" деп аталатын шоттардың тиістілерінің дебитіне, "Қосылған құн салығы" шоттың кредитіне жазылып сторно етіледі (алып тасталады).
Сатып алушылар және тапсырыс берушілбрмен есеп айырысу операциялары арнаулы тізімдемелерде есептеліп, оңца сатылған айналымнан тыс активтер, қаржылық инвестициялар, тауарлық-материалдық қорлар бойынша шот фактуралары немесе басқадай есеп айырысу құжаттары жинақталып, топтастырылып бөлек көрсетіледі. Тізімдемелердегі жазулар - шоттар, фактуралар немесе олардың орнына қолданылатын басқадай құжаттар негізінде активтердің топтары бойынша жазылады. Тізімдеменің бағандарында (графасында) сатып алушылар (тапсырыс берушілер) бойынша ай басындағы қалдықтар көшіріледі және бұйымдардың аттары немесе топтары бойынша сатылған активтердің сандық мәліметтері көрсетіледі. "Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы" шотының бөлімше шоттарының кредиті бойынша операциялардың есебі үшін №11 Журнал-ордер қолданылады.
Тауарларды сату мен сатып алу кезіндегі барлық қатынастар, жеткізу келісімдері, консигнация жайлы келісімдер мен сату және сатып алу келісімдері, сондай-ақ келісімшарттарымен және тағы да басқа құжаттар құқықтық рәсімделуі қажет. Келісімнің және соған сәйкес есептің басты объектісі "тауар" болып табылады. Сондықтан келісімшартта тауарлардың сипаттамасы толығымен көрсетіліп, оның бағасы мен келісілген жаллы құны аталып өтуі қажет. Келісім бағалары тұрақты, тұрақсыз, және бекітілген (фиксированный) болып көрсетілуі мүмкін. Тұрақты баға келісімшартта көрсетіліп, тауарларды төлеу кезінде қадағаланады және өзгерістерге ұшырамайды. Инфляция жағдайында (ақшаның құнсыздануы), әсіресе келісімшартқа қол қою мен тауарды жеткізу арасындағы уақыт айырмашылығына байланысты сатушы теңгені арадағы есеп айырысуға тұрақты пайдаланған жағдайда теңге құнының (бағамының) өзгеруіне байланысты тиімсіз (қиын) жағдайға тап болуы мүмкін. Сондықтан келісуші жақтар бағаны тұрақты валюта түрінде белгілеуге тырысады. Бұл жағдайда тауардың жалпы валюталық сомасы анықталады және теңгедегі валюталық эквивалентті қайта санау тәртібі мен бағамы белгіленеді. Әр түрлі банктердегі бағамдар әр түрлі болғандықтан, бағам тауардың жеткізілген күніне, болмаса белгілі бір банктегі оның төлемі жүргізілген күніне таңдап алынуы мүмкін. Осындай кезде сатушы үшін тауардың белгілі бір сомасының немесе 100% (пайызы) сомасының төленгендігі тиімді болады.
Тұрақсыз баға келісімшартқа отыру барысында тұрақты бағаны анықтау қиын болған жағдайда белгіленеді.
Бағаға әсер ететін факторлар жиі өзгерген, уақытта (кезде). Бұл жағдайда базистік (бастапқы) бағасы белгіленіп, оны есептеудің әдістері мен жағдайлары қарастырылады. Келісімшартта қосылған құн салығы көрсетілмейді, алайда шот-фактурада салықтың бұл түрінің болуы міндетті. Келісімшарттың басты элементі ретінде қаржылық жағдай саналады. Қаржылық жағдай есептеудің түрлерін, тәсілдері мен нысандарын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет