«Дефектология жјне логопедия негіздері»



бет1/101
Дата07.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#87910
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
Байланысты:
4da0ac04-b6ab-11e6-94b1-35220bd1f96aУМКД Дефектология и логопедия (1)
Лк тарих

ТҮСІНІКТЕМЕ АҚПАРАТ
Бүгінгі таңда қоғамымыздағы және білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту саласына жаңаша қарауды талап етіп отыр. Себебі мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту болашақ жеке тұлғаны дамытудың маңызды шарты ретінде қаралады. Сол себептен болашақ мамандарға дамуында тіл кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін үйреніп, сөйлеу кемістіктерін алдын – ала сақтандыра білуді үйреткен жөн.


Курстың мақсаты:



  • дефектология және логопедия негіздері білім берудің қазіргі заманғы әдістемелеріне сүйене отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың тіл кемістігін түзетудегі оқыту, тәрбиелеу процесін ғылыми – теориялық тұрғыдан меңгерту;

  • тіл мүкістігін түзету жолдары туралы білімін, дағдысын, біліктілігін қалыптастыру;

  • студенттерге сөйлеу тілі бұзылған баланы оқытуды, тәрбиелеуді және қайта тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін үйрету;

  • сөйлеу тілінің кемістіктерін алдын – ала сақтандыру шараларын ғылыми негізде зерттеу жодарымен таныстыру, маңызын қарастыру;

Пәннің бағдарламасы баланы мектепке дайындау барысында олардың тіл мүкістігін зерттеуге, оны түзетудің теориялық және әдістемелік мәселелерінен білім беруге арналады. Курс дефектологияның салалары, оның басқа ғылымдармен байланысы туралы теориялық мағлұматтарды қамтиды. Курс мазмұнында дефектология ғылымының құрамына енетін логопедия саласы, жүйесі талданып, баланың тіл мүкістігінің себебін анықтауды, оны болдырмаудың жолдарын қарастырады. Дефектология, логопедия педагогикалық білім беруді зерттеудегі жаңа жетістіктерді және әдеттегі білім беру ұйымдарындағы оқытуға кедергі болатын, дамуындағы мүмкіндіктері шектелген балаларды түзетіп, оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асыру мәселелері қойылады. Сонымен қатар болашақ мамандардың бала тілінің кемістігі туралы ғылымның даму көздері және қазіргі заманғы жай – күйі туралы тұтас және көлемді ұғым қалыптастырылады, сондай – ақ, логопедия теориясы мен практикасының тарихын және қазіргі жағдайын талдау негізінде олардың одан әрі даму және жетілу бағыттарын болжауды үйретудің көзделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет