деңгей Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері


сұрақ Програмалап оқыту технологиясы



бет42/55
Дата25.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#154790
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   55
Байланысты:
1-де гей 1 аза стан Республикасы Конституциясында ы білім беру
Сауалнама зорлық-зомбылық, 87486, Презентация1, 7d, Õèìèÿëû? ðåàêöèÿëàðäû? ýíåðãåòèêàñû ìåí áà?ûòû 1í?ñ?à, Документ (12), педагог сөж5, инкл. сем4, инкл. сем5, «О айдан иын а» ережесі ай принципке жатады т сініктілік, ана тили 5, ана тили 6, 0b22368cc348d811c7d8f39a13dcc23bde08227fb0da628ae9bdc2b6c6fa52b9 (1)
70 сұрақ Програмалап оқыту технологиясы
Қазіргі кезде Елімізде жаңа білім беру жүйесінің қалыптасуы жүріп жатыр. Осыған орай, алдыңғы қатарлы идеялар мен педагогикалық технологияларды практикалық тұрғыдан жаңарту жəне оларды ғылыми тұрғыда негіздеу бағытындағы жұмыстар жүргізілуде.

Еліміздің əлемдік білім кеңістігіне бағдар алуының басты өзегі – 12 жылдық білім беруге көшу мəселесі көкейкесті тақырыпқа айналуда. Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық жəне рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды жəне жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыруды көздейді. Білім беру үдерісін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, педогогикалық-психологиялық негіздерін, теориясымен тəжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бүгінгі философтар мен педагог ғалымдар білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен əдістерін енгізумен ғана шектелмей, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасау қажеттігін дəлелдеуде.


Програмалап ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Дәстүрлі оқытудың кейбір толымсыз жақтарын бағдарламалап (жоспарлап) оқыту технологиясы толтырады. Бұл технология XX-ғ. 60-шы жылдары педагогика, психология, кибернетика ғылымдарның тоғысында пайда болды. Оның негізіне оқыту туралы үш ұғым- 1)оқыту-басқару үрдісі ретінде;2)ақпараттық үрдісс;3)жекелендірілген үрдісс ретінде алынған.
Програмалап оқытудың негізгі мақсаты – оқыту процесін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу. Бағдарламалы оқытуда жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету (оқыту) машиналары қолданылады. Оқытудың бұл түрі 1960 жылдан бастап Б.Скиннер, Н.Краудер бастамасынан кейін, педагогика, психология және кибернетиканы ұштастырып пайдаланылады.
Програмалап оқытудың ерекшеліктері: оқу материалы жеке логикалы бөлшектерге бөлінеді; әр бөлімді меңгерген соң, оқушы өздігінен тест-сұрақтарға жауап береді; дұрыс жауап берілсе, келесі бөлімге өтеді; жауап қате болса, өзі бөлімді қайталап өтіп, сұрақтарға тағы да жауап береді.
Оқытудың бұл түріне негіз болған оу бағдарламасы оқу материалын, оны меңгеру барысындағы оқушының іс-әрекетін, тексеру түрлерін бір тәртіппен ретке келтіреді.
Програмалап оқытудың үш принципі бар: сызықты, тармақты және аралас. Сызықты бағдарламада оқу материалы бірізділікпен беріледі. Тармақты бағдарламада әр оқушы мақсатқа өз жолымен келеді. Қате жауап берген кезде оқушы керекті тармаққа өтіп, қайтадан оқып, қосымша түсініктеме алып, қатені жойып, негізгі сызыққа қайтып оралады. Мықты оқушылар негізгі сызықпен жүрсе, әлсіз оқушылар тармақтарға кіру арқылы нәтижеге жетеді. Аралас бағдарламада қиын тақырыптар тармақтарға бөлінеді, басқалары сызық бойынша орналасады.
Програмалап оқытудың тиімді жақтары:
1. - Оқу материалының бөлшектелінуі;
2. - Оқушының белсенді өзіндік жұмысы;
3. - Тұрақты тексеру;
4. - Оқыту қарқыны мен оқу материалы көлемінің даралануы;
5. - Техникалық оқыту құралдарын пайдалану;
6. - Бағдарламалап оқытудың кемшіліктері;
7. - Бағдарлама жасауға көп уақыт, күш керектігінен ол өте тиімді;
8. - Мектептегі компьютерлердің саны мен сапасы жеткіліксіз.

* Програмалап оқытудың екі әдісі бар: машина көмегімен және дәстүрлік әдіспен.


* Дәстүрлік әдісті қолданғанда оқыту бағдарламалары, оның құрамындағы блок материалдары мен тест сұрақтары баспа қағаз түрінде беріледі. Кеңес дәуірінде компьютердің әді дами қоймаған кезде соңғы әдіс көп қолданылды.
* Бүгінгі күні бағдарламалап оқыту компьютер көмегімен жүзеге асырылып отыр. Енді осы жүйені қарастыралық.
* Шын мәнісінде бұл оқыту жүйесін компьютермен жүргізу өте тиімді, себебі оның көмегімен оқушының кез-келген сұраққа берген жауабы тез арада өңделіп, нәтижесі электронды түрде басылып шығады. Оқу үрдісінің дидактикалық мүмкіншіліктері де кең ашылады. Қорытынды:Програмалап оқыту технологиясы – ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Бұл мұғалімнен өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Педагогикалық кәсіптің құпиясы тек оқыту ғана емес, не үшін және қалай оқыту. Бұл ретте мұғалімнің біліктілігі, әдіскерлігі үлкен рөл атқарады. Ал кәсіби шеберліктің жоғарғы шегі шығармашылық еңбек, оқу-тәрбие үрдісін жаңашылдықпен, өзгеріспен құра білу, яғни инновациялық қызметті жүзеге асыру. Оның негізгі көрінісі оқыту мен тәрбиелеудің, дамытудың технологияларын, әдіс- тәсілдерін ендіре отырып, жұмысты ұйымдастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет