Деңгейлік тапсырмалар Сейдакпар Еділ жм-907 і-ші деңгей



бет2/7
Дата07.02.2022
өлшемі23,78 Kb.
#97140
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
0 микроб 5 деңгейлік

2. Иммунитетің түрлері.
Табиғи иммунитет адам ауырғанда пайда болады да, сол аурумен екінші рет ауырмайды. Табиғи иммунитеттің ұзақтығы әртүрлі. Кей ауруларға (мысалы, шешек) иммунитет өмір бойы сақталады, ал кейбіреуінің иммунитеті қысқа мерзімдік болады (мысалы, грипп).
Жасанды иммунитет ауырған адамның немесе жануардың қанынан алынған дайын антиденелерді немесе әлсіздендірілген антигендерді егу арқылы жасалынады. Осылай кейбір аурулардың алдын алуға болады.
Иммунитеттің туа және жүре пайда болған түрлері де бар.Мысалы, кейбір жануарлардың аурулары адамға жұқпайды, себебі адам организмінде тұқым қуалаған сол ауруларға қарсы тұру қабілеті болады. Иттің немесе шошқаның обасы адамға жүқпайды. Бұл — туа болатын иммунитет. Ал жүре болатын иммунитетке адам ауырғаннан кейін немесе түрлі екпеден кейін пайда болған жасанды қабілет жатады.Иммунитетті жалпы және жергілікті деп те бөлінеді. Бүкіл организмнің ауруға қарсы тұру қабілеті жалпы иммунитетке, ал жеке бір ұлпалардың немесе мүшелердің қабілеті жергілікті иммунитетке жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет