Дәлелдеу және бекерлеу


Аргументті бекерлеу жолдары



бет9/17
Дата16.05.2022
өлшемі0,71 Mb.
#143528
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
Дәлелдеу және бекерлеу. Дінмұхаммед
Байкенжин Жаза, мнг, тест менедж, a64a953a diab. komy, Фтиз рубеж новый.docx, ИСЛАМ АХЛАҚЫ, А~с~8

Аргументті бекерлеу жолдары


Аргументті бекерлеу бірнеше жолмен жүзеге асырылады:
1) тезисті негіздейтін аргументтің жалгандыгын дәлелдеу арқылы. Бұл аргументті бекерлеудің ұтымды түрі.
2) тезисті негіздейтін аргументтің оны дәлелдеуге жеткіліксіз екендігін көрсету арқылы. Мұндай жагдайда тезис негізделмеген болады. Бұл заңгерлер тәжірибесінде өте жиі кездесетін құбылыс. Мысалы, сот процесінде келтірілген факті — аргументтердің жеткіліксіздігінен, қарастырып отырған қылмыстық істің жаңа фактілер табу үшін кері қайтарылып жіберілуін айтуға болады.
3) аргументтің өзі дәлелденбегендігі негізінде бекерлеу. Басқаша айтқанда, егер аргумент өзін қосымша дәледеуді қажет етсе, онда аргумент бекерленеді деп есептелінеді де, ұсынылган тезистің ақиқаттығы дәлелденбеді деп мойындалады.
4) тезистерді негіздейтін деректердің, фактілердің шығу тегінің күмәнділігін, сапасыздығын, сенімсіздігін айқыңдау арқылы аргументті бекерлеуге болады
4 – ші жолға мысал:

Н. К-ның кабинетіндегі сейфті ашып ондағы қүнды құжаттар мен ақшаларды ұрлауға Б-ны жүмсаған деп айыптады делік.
Сот барысында К. Б-ның берген жауабына қарап, бұл адам менің кабинетімде болмаған деп жариялады. Б-ның К-ның кабинетінде болмағандығына сенімсіздік, күдік тудырған, оның жауабындағы мына сөздер болды: «Мен К-ның кабинетіндегі сейфті ашу үшін соншама күш салып, әзер аштым». Шындығында, К-ның және оның әріптестерінің айтуынша, кабинеттегі сейфтің қүлпы көп уақыттан бері бүзылып тұрғандықтан қылмыстық іс болды деген кезде сейф жабылмай ашық тұрған болатын, сондықтан оны «күш салып әзер аштым» деген куәлік сөздің жалғандығы өзінен-өзі негізделіп түр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет