Дене белсенділігі – денсаулық негізі


Сұрастыру және стандартты әдістері



бет9/9
Дата08.10.2022
өлшемі383,9 Kb.
#152208
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
БЖБ 11 ГУМ,, 5-6-7-8 -9 сынып бжб 4 тоқсан

Сұрастыру және стандартты әдістері

  • Сұрастыру әдісі бұл адамның оған қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы жүргізіледі. Сұрастырудың бірнеше варианттары бар, олардың әрқайсысының өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Ауызша сұрастыру бұл сұрақтарға жауап беретін адамның қимыл әрекеттері мен реакцияларын бақылауда ғана қолданылады. Жазбаша сұрастыру адамдардың көп мөлшерін қамтиды. Кең таралған түрі – анкета. Еркін сұрастыру – ауызша және жазбаша сұрастыруды кезектестіріп қойғанда жүргізіледі, оның алдын ала шектеулері беріледі.
  • Стандартты сұрастыру бұл сұрақтар мен мүмкін болатын жауаптардың алдын ала жасалған шектеулері анықталып, уақыты жағынан үнемді және материальді шығындары еркін сұрастырумен салыстырғанда аз келеді. Тесттер психодиагностикалық зерттеудің сандық әдісі болып табылады. Басқа тесттік зерттеу әдістермен салыстырғанда жинау процедурасы мен мәліметтерді біріншілік өңдеу айқын келеді. Тесттің варианттары: тест-сұрастыру және тест-тапсырма.

Қорытынды

  • Адамдардың денсаулығы неге байланысты болады деген сауалға келетін болсақ, денсаулықты шартсыз түрде 100 пайыз етіп алсақ, оның 20%-і тектік факторларға, 20%-і айналаны қоршаған сыртқы орта жағдайларына, экологиялық факторлардың әсеріне, 10%-і денсаулық сақтау жүйесіне байланысты болатыны анықталып отыр. Денсаулықтың 50%-інің жақсы болуы адамдардың өздеріне байланысты болатынын медицина және биология ғылымдары ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шықты. 
  • Көптеген адамдар олардың ішінде жас жеткіншекгер денсаулықтарын өздері бұзатыны байқалып отыр. Олар: ішімдік ішу, есірткі заттармен айналысу және уытты (токсикалық) уларды иіскеу, немесе денелеріне жағумсн әуестену. Қандай да болмасын, олардың адам өмірін өте қысқартып жіберетіні сөзсіз.Соңғы жылдары елімізде халықтың денсаулығын жақсарту үшін салауатты өмір салтына, әсіресе тұрғындардың спортпен айналысуына көп көңіл бөлінуде. 
  • Қазақ "Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі" деп бекер айтпаса керек. Гүлденген экономиканы дені сау, саналы азаматтар жасайды. Сондықтан Елбасы Жолдауындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Әсіресе жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру - біздің міндетіміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет