Дене мәдениеті тарихы мен олимпиадалық білім пәні бойынша


Иоганн  Генрих  Песталоцци



Pdf көрінісі
бет17/57
Дата20.12.2021
өлшемі0,58 Mb.
#104218
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57
Байланысты:
esmagambetov

Иоганн  Генрих  Песталоцци 

(1746-1827)  Швейцарияда 

дәрігерлер  отбасында  дүниеге  келген.  Оның  халыққа  деген 

сүйіспеншілігі  мен  адамзатқа  деген  адалдығы  ұлы-педагог-

демократ  болуына  себепші  болған.  Песталоций  тәрбие  арқылы 

халықтың жүрегіне үміт отын жағуды армандаған. Ол қарапайым 

халықтың  балаларын  тәрбиелеуге  арнаған.  «Гертруда»,  «Как 

Гертруда  учит  своих  детей»,  «Лебединая  песня»  атты  еңбектері 

жарық  көрген.  Білім  беру  жүйесін  сынай  отырып,  Песталоцци 

қарапайым  халықтың  балаларына  қолжетпейтін  кедейдің  әр 

баласы денесін жетілдіріп және білім алуына болады деп, соған өз 

үлесін  қосқан.  Оның  педагогикалық  жүйесі  балалардың  дене 

тәрбиесі  еңбекпен  ұштасып  отырған.  Песталоцци  балаларға 

арналған  жаттығуларды  құруды  армандаған.  «Азбука  умений» 

атты  кітабы  жай  ғана  жаттығулардан  тұрған.  Осы  «Азбука 

умений»  кітабын  пайдалана  отырып  балалар  ауыр  көтеруді, 

күресу  мен еңбек ережелерін үйренген. Бұл жол  арқылы  өскелең 

ұрпақты еңбекке және әскери қызмет етуге дайындаған.  

1807 жылы Песталоццидің «Элементарная гимнастика» атты 

еңбегі  жарық  көрді.  Бүкіл  дене  тәрбиесі  жаттығулары  оның 

ішінде  тәрбиелеу  жүйесіне  кірген  жаттығулар  2-ге  бөлінген 

болатын,  олар:  жай  жаттығулар  (иық  буыны  мен  бөксе 

қозғалысы)  және  ауыр  жаттығулар  (жүгіру,  секіру  жүзу,  билеу 

және ойындар ойнау). Бұл дене тәрбиесі жаттығулары «Суставная 

гимнастика»  деп  аталған  болатын.  Жүйеге  кірген  жаттығулар 

жасандылығымен  ерешеленген  болатын,  сонда  да  гимнастика 

арқылы балаларды тәрбие жүйесіне өмірге дайындауға болатыны 

анықталды.  

Дене  тәрбиесіне  байланысты  сұрақтар  халықтық  білім  беру 

реформалық жүйесіне көлеңкесін түсірген, саяси партиялар XVІІІ 

ғасырдың  аяғында  Ұлы  Франция  революциясының  жылдарында 



 

36 


қозғаған  болатын.  Азаматтардың  мемлекеттік  және  әскери 

борышына  дайындықты  өкілдер  негізгі  міндеттің  бірі  деп 

есептеген.  Орта  буржуазияның  қызығушылығын  танытқан 

жирондықтар  дене  тәрбиесі  адамның  еңбекке  деген  ынтасын 

арттырады  деген  ойда  болған.  Қаланың  және  ауылдың  кедей  – 

кепшіктерінің өкілдері дене тәрбиесі тек адамның денесін қатайту 

мен  шымырлануына  арналған  деген  екен.  Жиі  болатын  билік 

үшін 


күрестер 

революцияның 

жеңілуімен 

аяқталды, 

Наполеонның  диктатурасы  бұл  реформаларды  өмірде  іске 

асыруға кедергі жасады. 

Педагогикалық  ағартушылардың  идеялары,  яғни,  Локк, 

Руссо,  Песталоццидің  мектептегі  дене  тәрбиесіне  және  мектеп 

жүйесінде  тиісті  орын  тапты.  Гимнастика  және  еңбекке  баулу 

дәстүрлі  бағдарлама  бойынша  оқытылып  отырды.  Жаңа  типтік 

мектептер 

– 

филантропиндер 



(филантроп 

– 

адам, 



қайырымдылықпен  айналысатын  қайраткер).  Мұндай  мектеп 

алғаш  рет  1774  ж  Дессауда  ашылды  (Германия)  филантропта, 

оқыту  ойлау  қабілетімен  дене  тәрбиесі  қоса  жүргізілген. 

Филантропиялық мектепте 3 категориялы оқушылар: академиктер 

(беделді  отбасының  ұлдары)  педагогтар  (орташа  отбасының 

балалары,  болашақ  оқытушылар)  және  фамулянттер  (қарапайым 

халықтың 

балалары, 

малайлыққа 

тағайындалатындар). 

Филантропинде гимнастиканы  оқытқан Герхард  Фит (1765-1836) 

және  Иоганн  Гутс  –  Мутс  (1759-1839).  Олар  дене  тәрбиесінің 

ілімі  мен  тәжрибесіне  зор  үлесін  қосқан  адамдар.  Гутс-Мутс 

«Гимнастика  для  сынов  отечества»  және  де  «Гимнастика  для 

юношества»  деген  кітап  жазған.  Ол  педагогикалық    көзқараспен 

қарағанда  дене  жаттығуларын  3  топқа  бөлген,  жеке 

гимнастикалық  жаттығулар,  қоғамдық  ойындармен  еңбек 

жаттығулары,  ауыр  және  жеңіл,  белсенді  және  енжарлы  деп 

бөлген  болатын.  Көбінесе,  жүзу,  секіру,  жүгіру,  күресу,  тепе-

теңдікті сақтау жаттығуларына аса көңіл бөлген. Ол дене тәрбиесі 

мен айналысқан балаға жеке тәрбие беріп, ынталыларды жарысқа 

қатыстырған. 

Ұлттық  –  буржуазиялық  гимнастиканың  және  спорттық 

ойындар жүйесінің дамуы. 

Белгілі  нысанға  келтіру  процесі  XІX  ғасырдың  басында 

капиталистік 

қоғам, 

экономикалық 

қатынастар, 

саяси 



 

37 


буржуазияның  идеологиясы  және  мәдениеті  ғылым  мен 

техниканың  әскери  жұмыстың  өсуі  жастардың  тәрбиесімен 

біліміне  оң  әсерін  тигізеді.  Жаңа  әскер  тактикасы  буржуазиялық 

адамдардың  резервін  біраз  қинаған  болатын.  Бұған  дәрігерлер 

физиолог және педагогтар жастарға денені тәрбиелеуді ұсынған. 

Гимнастикалық 

жүйе 

Европаның 



континенталды 

мемлекеттерінде Германия, Швеция, Франция және т.б. құрылған. 

Бұл саяси және әскери даму ерекшеліктері болып табылады. XІX 

ғасырдың басында Наполеон әскер қатарына алынғандардаң дене 

дайындығын  талап  еткен.  Гимнастика  жақсы  қозғалумен  сол 

замандағы  күрестің  ережелерін  қиынсынбай  орындауға  және  де 

саптағы  әскери  бұйрықты  әдемі  орындауға  көмектеседі  деген 

ұғымды білдірген.  

Айта кететін жайт «Гимнастика» түсінігі жаңа тарихтың 1-ші 

кезеңінде снарядты және снарядсыз жаттығуларды біріктіріп қана 

қоймай  басқа  да  жаттығуларды  (жүгіру,  секіру,  күресу,  шаңғы 

тебу,  қорғану  және  т.б.)  біріктерген.  Тек  осы  кезеңнің  аяғында 

ғана әр түрлі жаттығуларды, гимнастиканы,  спорт ойындар және 

туризмді жекелеп бөлген.  

Әр түрлі мемлекеттер өзіндік гимнастикалық жүйені құрған.  

XІX  ғасырдың  жүз  жылдығында  неміс  гимнастикасы  кең 

түрде  дамыды.  Ол  уақытта  Германия  бір  Орталық  біріккен 

мемлекет  болған  жоқ.  XІX  ғасырдың  басында  Наполеонның 

әскеріне  қарсы  тұра  алмаған,  Германия  француз  әскерлерінен 

жеңіліс  тапты.  Германияда  өзге  мемлекеттер  сияқты  бостандық 

үшін  қозғалыстар  басталды.  1808  ж.  саяси  құпия  қоғам 

«Тугендбунд»  («Союз  добродетели»)  құрылды,  бірақ  француз 

билігі  қызмет  етуге  тыйым  салды.  Немістер  жаңа  әдіс-тәсілдерді 

іздеп әскери дене дайындағы мен қарсыласу ұйымдарына бірікті. 

1810 жылы гимнастикамен айналысатын бірінші гимнастика 

үйірмесі  ашылды.  Мұнда  Фридрих  Ян  үлкен  рөл  атқарды  (1778-

1852).  Ал  1811  ж  ол  Берлинде  гимнастикалық  алаң  (турнплац) 

орнатуға  үлес  қосты.  Осы  уақыттан  кейін,  турнер  қозғалысы 

дамып,  бүкіл  университет  жастарының  қызығушылығын 

арттырды. Турнер арасында үлкен идеологиялық  саяси жұмыстар 

атқарылды.  Өзінің  қызмет  барысында  Ян  осы  турнер  арқылы 

адамдардың  ұлтшылдық  сезімін  оятып  пруссия  короліне 

берілгендігіне 

мойын  ұсынды 

(бұл  туралы 

«Немецкая 




 

38 


Народность»  деген  кітабында  айтылған,  кітап  1810  ж  жарық 

көрген). 

Наполеонның  жеңілісінен  кейін  кейбір  Турнер  ұйымдары 

феодалдық  реакцияға қарсы тұрып, Германияның  буржуазиялық 

негізде 

бірігуіне 

қарсы 

болды. 


Бұл 

жариялау 

билік 

басындағыларды  және  турнер  ұйымының  үрейін  қашырды.  1819 



ж  олардың  қызметіне  тыйым  салынып,  үйым  әлсірей  бастады, 

бірақ  40 жылдары қайта күшеие түсті. 

Турнер  қозғалысы  Германияда  экономикалық  буржуазия 

және  буржуазиялық  революция  тұрақтанған  кезде  дамыды. 

Буржуазиялық  демократияның    революциясы  кезінде  (1848-49) 

турнферейн  қоғамының  мүшелері  баррикадада  соғысқа  шықты. 

Германиядағы буржуазиялық революцияны басқан сон ұйымдағы 

қоғамдық 

– 

саяси 


қызмет, 

әлсірей 


бастады. 

Неміс 


буржуазиясының  және  біріккен  Германиямен  бірге  турнер 

қозғалысы  дами  бастады.  1860-62  жылдары  жалпы  германдық 

мемлекеттік  мерекесі    өтті,  оған  4500  дейін  адам  қатысты.  Ал 

1868  ж  бүкіл  Турнфрейндер  гимнастикалық  одақ  болып 

біріктірілді.  Турнерлер  неміс  гимнастикасы  туризм  және 

экскурсияға  сонымен  қатар  әскери  –  ойын  жаттығуларына, 

шыдамдылық пен тәртіпке баса назар аударған. 

Неміс  гимнастикасының  әдіс-тәсілдерінде  өзіндік  ғылыми 

негіз  болмаған.  Негізгі  классификациялық  жаттығулар  негізіне 

тек  сыртқы  формасы  ғана  болған.  Анатомо-физиологиялық  және 

педагогикалық  тұрғыдан  қарасақ  неміс  гимнастикасы  белсенді 

түрде  негізделмеген.  Ресейдегі  дене  тәрбиесінің  профессоры  әрі 

ірі  қайраткері  П.Ф.Лесгафт  неміс  гимнастикасын  қатаң  сынаған 

болатын.  Неміс  гимнастикасын  мектептерге  таратуға  негіз 

болмаған.  Бұл  кемшілікті  жоюға  Адольф  Шписс  (1810-53)  үлес 

қосқан.  Ол  мектептегі  гимнастика  сабағының  сызбасын  ойлап 

тауып,  сонымен  қоса  неміс  турнен  жүйесін  аяқтаған.  Ал  1840  ж 

«Учение  о  турненском  искустве»  деген  кітабында  Шписс  өзінің 

жүйесін жазған болатын.  Оның еңбегі Германияда XX ғасырдың 

басына дейін еш өзгеріссіз қолданылды. 

Швед  гимнастикасына  өз  үлесін  қосқан  Пер  Линг  (1776-

1839).  Оның  ұсынысы  бойынша  1813  ж  Стокгольм  қаласында 

гимнастикалық  институт  ашылды,  ол  институт  осы  күнге  дейін 

тіршілік 

етуде. 

Пер 


Лингтің 

қазасынан 

кейін 

Швед 



 

39 


гимнастикасын  жалғастырған  ұлы  Ялмар  Линг.  Бұл  гимнастика, 

үлкендер  мен  балаларға  арналған,  адамдардың  күші  мен 

икемділігін  тәрбиелеп,  денесін  дамытқан.  Бұл  гимнастика 

адамның  бойынан  ойлау  қабілетімен,  батырлық  пен  батылдық 

сезімін тудыруға арналған.  

Швед  гимнастикасында  жаттығулар  мақсатына  және  мәніне 

қарай 4-ке бөлінеді:  

1.  педагогикалық  гимнастика,  мақсаты  –  мектеп  жасынан 

бастап тәрбиелеу; 

2.  әскери  гимнастика,  мақсаты  -  әскери  дене  тәрбиесі 

жаттығулармен дайындау; 

3. дәрігерлік гимнастика, мақсаты  - әр түрлі ауруларға қарсы 

ем қолдану; 

4.  эстетикалық  гимнастика,  мақсаты  –  адам  денесінің  әсемді 

дамуы  мен  жақсыны  сезіну  және  қозғалысының  жұмсақтығын 

тәрбиелеу. 

Анатомикалық және физиологиялық бағытқа сүйене отырып 

Линг  швед  гимнастикасына  ғылыми  негіз  бергісі  келді. 

Физиологиялық  даму  қарқыны  бәсеңдеу  болды.  Сондықтан  да 

классификациялық  гимнастика  анатомиялық  принцип  бойынша 

өткізілді.  Мәселен,  бірінші  сабаққа  арналған  жаттығулардан 

бастап 


бел, 

қол, 


кеуде 

бөліктеріне 

жасалады. 

Швед 


гимнастикасының 

неміс 


гимнастикасынан 

ерешелігі 

– 

жаттығуларда көбінесе бөренеде орындалады. 



Швед  гимнастикасы  көптеген  елдерде  Европа  және 

Америкада кеңінен тараған. 

Скандинавиялық  елдерде  гимнастикадан  басқа  шаңғы, 

қысқы  спорт,  күрес  сияқты  спорт  түрлері  де  дамыған  болатын. 

Жаңа 

тарихтың 



1-ші 

кезеңінің 

аяғында 

скандинавия 

мектептерінде  қысқы  спорт  оның  ішінде  шаңғы  спорты  кең  өріс 

алды. 


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет