Дене мәдениеті тарихы мен олимпиадалық білім пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет14/57
Дата20.12.2021
өлшемі0,58 Mb.
#104218
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57
Байланысты:
esmagambetov

Негізгі  әдебиеттер

[1,2]

 

 

№6  Лекция  тақырыбы:  Орта  ғасырдағы  ауыл 

шаруалары мен қала тұрғындарының дене мәдениеті. 

Лекция жоспары: 

Феодалдық  қоғамдағы  дене  тәрбиесінің  дамуы  мен 

қалыптасуы: 

А) Үндістанда. 

Ә) Қытайда. 

Б) Жапонияда. 

В) Америкада. 

Г) Африка континентінің халықтарында. 

 

Феодализм  кезінде  халық  қатаң  қуғынға  ұшырады,  бірақ 



оның  формалары  өткен  кезеңдегі  қоғамдағыдай  дөрекі  болған 

жоқ. Шаруалар мен іскер шаруалардың жалшыларға қарағанда аз 

да  болса  өздерінің  бос  уақыттары  болған.  Феодалдар  мен 

діншілдер 

халықтың 

дене 


тәрбиесі 

жаттығуларымен 

шұғылдануына  және  ойындар  өткізуіне  қарсылық  білдірген. 

Шаруалар мен қала тұрғындары садақпен атқанда, атқа мінгенде, 

жұдырықпен  төбелестегі  өздерінің  алған  білімдері  мен 

дағдыларын    феодалдық  қоғамдада  өздерінің  әдет-ғұрыптарын 

дене  жаттығуларын  да,  дәстүрлі  ойын  түрлерін  де  дамытып 

жалғастыра білді. Феодализм кезінде де осылайша халықтың дене 

тәрбиесі  арі қарай дами берген, бірақ  ол көп жағдайда ұжымдық 

формалар түрінде қолданылған. Солай  Швецарияда XІV ғасырда 

16-18  жастағы  бозбалалар  үшін  жүгіруден,  секруден,  күрестен, 

найза  лақтырудан  сабақтар  жиі  өткізілген.  Халық  арасындағы 

шайқастарда,  қозғалыстарда  шаруалар  дене  тәрбиесіндегі 

жаттығуларды  өздерінің  сарбаздарын  дайындауға  қолданған. 




 

28 


Осының  ішінде  мысал  ретінде  Чехияның  шаруалар  мен  қала 

тұрғындарының  Рим  католик  шіркеуіне  қарсы  XV  ғасырдағы 

күресін алуға болады. Сол кездегі шайқастарда Яна Жижки (1360-

1424  жж)  дене  тәрбиесіндегі  жаттығуларды  жиі  өткізген.  Олар 

садақ  атуды,  тас  лақтыруды,  күресті,  секіруді,  жүзуді  үйреткен. 

Жерде және аттың үстінде жаттыққан.  

Орта  ғасырдағы  қалалардың  (XІ  XVІІ  ғғ)  өсуімен 

халықарасындағы  дене  тәрбиесінің  әрі  қарай  дамуына  жол 

ашылды.  Қала тұрғындары, әсіресе іскер қолөнершілер өздерінің 

қалаларын  феодалдардан    қорғау  үшін  мылтық  және  садақпен 

атуға  үйрететін  орындар  құрды.  Олар  көбінесе  Францияда, 

Германияда,  Италияда,  Белгияда,  Швейцарияда  кеңінен  таралды. 

Сонымен  бірге  осы  қалаларда  ойын-сауықтарда  көп  өткізілді. 

Англияның  көшелерінде  және  алаңдарында  «Суль»  деген  ойын 

өткізіліп  тұрды,  ол  қазіргі  футбол  ойынына  ұқсас  болды. 

Мерекелерде  қала  көшелерінде  акробаттар,  балуандар  өз 

өнерлерін көрсететін.  

Феодализмнің  соңғы  кезеңдерінде  (XV-  XVІІ  ғ)  қала 

буржуазиясы  жабық  аристократиялық  клубтар  ашты.  Ол  клубта 

мылтық  және  садақпен  атуға  үйренетін  адамдар  қатысып  жүрді. 

Қала  байларының  дене  тәрбиесі  ары  қарай  дами  берді.  Олар 

өздерінің Ойындары мен дене тәрбиесі жаттығулары үшін арнайы 

үйлер  салған.  Мұндай  жаттығуларға  қатысуға  шаруалардың 

жағдайы болмаған.  

Дене  тәрбиесі  орта  ғасырда  Азия,  Америка,  Африка 

халықтарында  өз  ерекшеліктерімен  танылды.  Ол  халықтың 

экономикасына,  мәдениетіне,  салт-дәстүріне  байланысты  болды. 

Бұл  жерлерде  феодалдық  қарым-қатынас  Европаға  қарағанда 

ақырын  дамыған.  Мұнда  дене  мәдениеті  көне  салт-дәстүрлері 

жаңа мазмұнмен толықтырылып отырған.  

Солай  орта  ғасырдағы  Үндістанның  дене  тәрбиесінің  көне 

тәжірибесі  –  садақпен  сту,  күрес,  ат  үстіндегі  ойындар  арқылы 

кеңіген. Ұлттық билермен бірге хатха-иога ойыны қолданылатын 

болды.  Оның ережесіне  адамның денесінің қозғалуы,  жүгіру мен 

ойынға байланысты жаттығулар кірген. 

Орта  ғасырдағы  Қытайда  шаруалардың  «Сары  белбеулілер» 

көтерілісінен кейін бірнеше жыл бойы (ІІІ- Vғ) халық арасындағы 

қару-жарақты  тапсыруға  жарлық  шықты.  Осы  кезде  шаруалар 




 

29 


арасында  және  шіркеулерде  қару-жарақсыз  өзін-өзі  қорғауға 

үйрететін  қоғамдар  құрылды.  VІ  ғ  бастап  гимнастиканың,  У-шу 

атты  гимнастикасының  қолдану  техникасы  дами  бастады.  Оның 

басты  ережесі  –  қару-жарақсыз  қорғану.  Мин  династиясы 

басқарған кезде (XІV- XVІІ ғ) У-шу жоғары даму дәрежесіне. 

Орта ғасырдағы Жапониядағы дене тәрбиесі ер балалар үшін 

самурайлар  институтының    ашылуымен  байланысты. 



Самурайдың  (бусидо)  дене  тәрбиесінің  жүйесі  күрестің  әртүрлі 

түрлерін (Суммо, Джиу-джицу, каратэ), бір немесе екі қылышпен 

қылыштасу  өнерінен  (кендо),  найзаны  қолдану  (кагината),  ат 

үстінде  немесе  жерде  тұрып  садақпен  ату,  әр  түрлі  сайыстардан, 

доп ойындарынан тұратын.  

Американың  ішіндегі  жақсы  дамыған  мемлекеттерге  инка, 

майя,  және  ацтек  жатады    (XІІ-  XV  ғ).  Бұл  халықтарда  дене 

тәрбиесінің  өзіндік  ережелері  қалыптасқан,  оның  ішінде 

отбасылық  және  мемлекеттік  формалары  енген.  Бұл  жүйелердің 

өзіндік  ерекшеліктері  болған.  Ашылған  мектептерде  оқушылар 

ойын  түрлерімен  және  дене  тәрбиесі  жаттығуларын  орындаған. 

Әскери  дайындықта  дене  тәрбиесі  жаттығуларына  көп  көңіл 

бөлген,  өйткені жүгіру  олардың өмірлік  қажеттіліктеріне жатқан. 

Ол  халықтардың  көп  ойындары  мен    жаттығулары    діни  салт-

дәстүрлерімен  байланысты  болған.  Олар  тайпа  арасындағы 

ойындар,  діни  мерекелер  және  атлетикалық  сайыстар    өткізіп 

отырған. 

Америка 


континентінде 

аборигендерінің 

дене 

тәрбиесінің  жүйесі  басты  орын  алған.  Орта  ғасырда  Африканың 



халықтарында  дене  тәрбиесі  еңбекпен,  әскери  іспен,  тұрмыс 

салтпен  белгіленген.  Тәрбие  көбінесе  отбасыларында,  аңшылар 

үйлерінде, 

тайпа 


ішінде 

қолданылған. 

Дене 

тәрбиесі 



жаттығуларын  Африкандықтар  сайыстарда  орындаған.  Мысалы, 

садақпен  ату,  биікке  шығу.  Бимен  бірге  әскери  қозғалыстарға 

байланысты  жаттығулар  жақсы  дамыған.  Тайпа,  ру  ақсақалдары 

өз  үйлерінде  жастарды  әскери  және  дене  тәрбиесі  жағынан  

тексеру  үшін  жиі-жиімерекелер  өткізіп  отырған.  Ол  сайыстар 

жүгіруден,  күрестен,  найза  лақтырудан  өткізіліп  отырған. 

Жігіттер  мен  қыздарды  дайындау  үшін  әр  түрлі  билер,  ойындар 

мен 


акробаттық 

жаттығулар 

пайдаланылған. 

Дәстүрлі 

мерекелерде мықтылықты, күштілікті бидің әдемі қозғалыстарын 

сынақтан  өткізген.  Әр  түрлі  ойындарда  дене  тәрбиесі 




 

30 


жаттығулары  сайыс  түріндегі  Африкадағы  халықтар    мен 

тайпалардың арасындағы бейбітшілік қарым-қатынас орнату үшін 

қолданылған  жалғыз  ғана  тәсіл  болды.  Басқыншылардың 

келуімен  Африкада  ұлттық  мәдениет  оның  ішінде  дене  тәрбиесі 

төменге түскен.  

Дене  тәрбиесі  халықты  жақсы  жағынан  дамытты.  Онда 

еңбек, әскери тәсілдердің элементтері және де тайпалық құрылыс 

уақытындағы салт-дәстүрлер сақталған. 

Орта  ғасыр  қоғамында  мәдениеттің  дамуын  католиктер 

шіркеуі  (бірнеше  жүз  жыл)  қолына  алып  дамытуда  үлкен  рөл 

атқарды.  Христиан  діні  тәрбие  мен  білім  беру  салаларында  өз 

үстемдігін орнатты. Онда аскитизмді дәріптеді, яғни дене туралы 

күнахарлық  жағдайларға  назар  аударды.  Олар  адам  денесі 

«Шайтанның  мекені»  деп  атады  және  жанды  құтқаруға  көңіл 

аудару  о  дүниеге  дайындалу  деп  санады.  Сол  кездегі  шіркеу 

феодалдық  құрылысты  нығайтуға  әсіресе  Рыцарлардың  әскери 

дене  дайындығы  жүйесінде  әртүрлі  ынталандыру  әдістерді 

қолданды.  Бірақ  рыцарлар  дене  еңбегін  қолданбай  өздеріне 

қолайлы  деп  тек  әскери  іспен  шұғылдану  керек  деп  санады. 

Рыцарлар  тәрбиесінде  жеті  жетістіктерді  меңгеруге  көп  көңіл 

аударылды. Олар: 

1. Атпен жүру. 

2. Семсерлесу. 

3. Аң аулау. 

4. Жүзу. 

5. Садақ ату. 

6. Шахмат ойыны. 

7. Тақпақ айту. 

Қазақ  жеріндегі,  мұсылман  еліндегі  «жеті  қазына»:  1.  Әйел, 

2. Дос; 3. Ат; 4. Ит; 5. Сұңқар; 6. Мылтық; 7. Қылыш. 

Ол  кезде  жеті  жастан  он  төрт  жасқа  дейінгі  балалар  атақты 

феодалдар  үйінде  тәрбиеленді.  Он  төрт  жастан  асқандар  қару 

ұстаушылардың  құрамына  кірді.  Қару  ұстаушылар  Рыцарлар 

құрамына 21 жасқа толғандар ғана  алынды.  Осы кезеңде олар әр 

түрлі ойындармен, спортпен шұғылданды.Рыцарлардың айбынды 

құралдарын  толық  меңгеруінде  дене  тәрбиесі  үлкен  маңызды 

орын  алды.  Ойынды  бірнеше  түрге  бөлді:  қозғалмалы  ойындар, 

спорттық ойындар, әскери ойындар. 




 

31 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет