Дене шынықтыру пәнінде белсенді оқу әдістерін қолдану



бет2/3
Дата14.10.2022
өлшемі1,65 Mb.
#152960
1   2   3
Байланысты:
Миология жүйесі
Волейбол және оқыту әдістемесі, Остеология жүйесі, Волейбол және оқыту әдістемесі, Бейімделген дене мәдениеті, Білім берудегі цифрлық технологиялар, Бейімделген дене мәдениеті 1, Джанабаева Р А Тест Дене шынықтыру және спорт педагогикасы

Бұлшықеттердің жіктелуі.

  • Бұлшық еттер дененің кеңістіктегі қозғалысын және тепе-теңдігін сақтаумен қатар, организмдегі тыныс алу, құрсақты қатайту, шайнау, несеп шығару және тағы басқа қызметтерді іс жүзіне асырады. Сондай-ақ, олар қанмен келген органикалық қосылыстар (көмірсулар, майлар, белоктар) құрамындағы химиялық қуаттың (энергияның) 70,0 % -ын жылу энергиясына, тек 30,0 %-ын ғана механикалық жұмысқа айналдырып, дене қызуын реттеуге қатысады. Бұлшық еттер жануарлар массасының жылқыда — 47,4 %-ын, сиырда — 42,0 % -ын, — 47,0 %-ын, ұсақ малдарда - 34,0%, шошқада - 31,0 % -ын құрайды. Бұлшық ет құрамының 75,0 % -ы су, 1,0 % -ы минералдық тұздар және 24,0 %-ы органикалық қосылыстар Органикалық қосылыстар ішінде: белоктар - 20,2 %, майлар - 2,0 %, көмірсулар - 0,6 %, май тәрізді заттар - 0,8 %, азотты экстрактивті заттар - 0,4 %. Бұлшық ет түсінің әр түрлі болуы, оның ет талшықтары саркоплазмасындағы темір молекуласымен байланысқан миоглобин белокты пигментінің мөлшеріне байланысты.

Ал қызметіне қарай

  • Бұлшық еттердің түрлері. Ішкі құрылымына, пішініне, орналасу орнына, басталатын немесе аяқталатын орындарына, атқаратын қызметіне байланысты бұлшық еттер алуан түрге бөлінеді. Ішкі құрылысына байланысты бұлшық еттер: қарапайым және қауырсынды болып екі топқа бөлінеді. Қарапайым бұлшық еттердің ет талшықтары бұлшық еттің ұзын білігіне параллельді орналасады. Бұлар тым күшті жиырылып, көп жұмыс атқарады. Бірақ тез шаршап калады. Бұл топқа негізінен аяқтардың бұлшық еттері жатады. Қауырсынды бұлшық еттердің ет талшықтары бұлшық ет ұзындығына қиғаш орналасады. Ішкі құрылысы жағынан олар: бір, қос және көп қауырсынды бұлшық еттер болып бөлінеді. • Орташа алғанда ерлерде әйелдерге қарағанда дене салмағының бұлшық еттер салмағына қатынасы артық болады.

Бұлшыкеттердің жұмысы.

Бұлшық еттердің көмекші мүшелері. Бұлшық еттердің жиырылып, жұмыс атқаруына жануарлар организмінде көптеген мүшелер көмектеседі. Оларды бұлшық еттердің "көмекші мүшелері" — деп атайды. Бұларға қаңқа сүйектері мен шеміршектері, тиекше сүйектер мен сүйек шығырлары, беткей және терең шандырлар, синовиялы және кілегейлі қапшықтар мен бұлшық ет сіңірлерінің қынаптары жатады. Жануарлар тері жабынының астында, тығыз орналасқан коллаген талшықтарынан құралған дәнекер ұлпалық қабықша денені сыртынан қаптап жатады. Бұл тығыз дәнекер ұлпалық қабықшаны беткей шандыр (fascia superficialis) — деп атайды. Беткей шандыр қаңқа сүйектерімен байланыспайды. Ол өз кезегінде екі: сыртқы және ішкі қабаттардан тұрады. Бұлардың арасында қаңқа сүйектеріне байланыспаған, теріні қозғап сілкіндіретін теріасты бұлшық еттері (musculus cutaneus) орналасады. Терең шандырлар (fascia profunda) жеке бұлшық еттерді немесе бұлшық еттер топтарын сыртынан қаптап, бұлшық еттермен бірге қаңқа сүйектеріне бекиді. Шандырлар бұлшық еттердің бір-біріне жабыспауын қамтамасыз етіп, тіректік қызмет атқарады.


Бұлшық еттер даму тегіне қарай: сомалық (денелік) және висцеральдық (іштік) болып екі топқа бөлінеді. Сомалық бұлшық еттер мезодерманың миотомынан, ал висцеральдық бұлшық еттер ұрықтың желбезек аппаратынан дамып жетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет