Дене шынықтыру сабақтарындағЫ Ұлттық ойындардың МӘНІ



бет2/2
Дата25.08.2017
өлшемі255,39 Kb.
#26605
1   2



Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру ойнату әдісі деп қарамағаны анық. Жас ерекшеліктеріне сай, олардың көзқарастарын, мінез-құлықтарын қалыптастыру құралы деп те ерекше бағалаған. Ежелден-ақ халқымыз ұл-қызына уақыт талабына сай жан-жақты тәлім-тәрбие беруде, ең алдымен, ұлттық әдепке айналған мінез-құлық мәдениетін, өнегелі әдеттер мен дағдыларды, іс-әрекеттерді меңгертуде ұлттық ойындарға айрықша мән беріп, небір керемет халық әдебін бейнелейтін талаптар мен ережелерді жүйелеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе білген.

5-7 сыныптардағы дене шынықтыру сабағы оқушылардың бастауыш сыныптарда алған білімдерінің негізінде өрістетіледі. Олай болса, бұл сыныптардағы дене шынықтыру сабағында қолданылатын ойындарды бастауыш сыныптарда пайдаланылған халық ойындарын күрделендіру арқылы жүргіземіз. Сөзімді түйіндей айтсам, дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындарды қолдануға болады деп есептеймін, ол сабақтың маңызын арттырып, сапасын көтере түседі. Ұлттық ойындар дене шынықтыру сабақтарында оқушыларды өзінше әрекет етуіне мүмкіндік береді, қабылдау мүшелерінің жұмысын арттырады және ойлай білу, мақсатқа жету, өзін-өзі ұстай білуге үйретеді деген пікірдемін. Өзіне-өзі сенуге, белсенділікке тәрбиелейді, ойын тәртібін сақтау оларды ұйымшылдыққа баулиды.

Қазақтың ұлттық ойындарын оқыту үдерісінде қолдану мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. Балаларды демалдыру, сергіту мақсатында ұлттық ойын түрлерін қолдануға да болады. Ойнау, ойнату арқылы баланың ақыл-ойы кеңейеді, тілі дамиды, сөздік қорды байиды, зерек болады және денсаулығы нығаяды. Ойынды сабақта қолдану - оқушының ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын оқушының бойына сіңіріп, ұлтжандылыққа тәрбиелеудің бірден-бір құралы. Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында жоспарға енгізу арқылы өткізу жас буынды тәрбиелеуде теңдесі жоқ әдіс десек те болады. Әр сабақ сайын ұлттық ойынның үш-төрт түрін алып, солардың ойнау тәсілін үйретіп отырса, жетілдіре, қайталау арқылы пысықтап отырса, әрбір бала жадында сақтайды да, оны ойнай біледі. 
Қазіргі жаңа технология заманында оқушыларды қызықтырып, асық, бес тас ойнаңдар деп айту өте қиын іс екені анық. Сондықтан білім берудің жаңа технологиясын пайдаланып, дене тәрбиесі пәнін жаңа технологиялық әдіспен оқушылардың жас ерекшеліктеріне, денсаулықтарына байланысты, ұлттық ойындарды, спорттық ойын түрлерін, сабақтың мазмұнына қарай іріктеп алып, пайдалануға болады. Әрбір баланың санасына ойынды сіңістіріп енгізу үшін біз қызықты да дұрыс әдістерді қолдануымыз керек. Алдымен ұлттық ойындарды мазмұны мен күрделілігіне байланысты және балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, төменгі, орта және жоғарғы сынып оқушылары ойнайтын ойындар деп бөліп алу керек. Мысалы, орта сынып оқушыларына эстафеталық қозғалыс ойындарын ұйымдастыруға болады. Көп қозғалыс пен күшті талап ететін де ұлттық ойын түрлері бар, соларды әр дене шынықтыру пәнінде қолдану балалардың шымыр да ширақ боп өсуіне әсер етеді. 

Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық ойындары - баланың зерек те ақылды, шымыр да ширақ боп өсуінің басты құралы. Оны оқыту процесінде қолдану - тиімді əдіс. 
Каталог: uploads -> doc -> 007c
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
007c -> Сабақ: Ы. Алтынсарин-қазақ балалар әдебиетінің атасы. Мектеп: М.Әуезов атындағы жом сынып : 9
007c -> Сабақтың көрнекілігі: иннтерактивті тақта, мультимедия, үлестірмелі материалдар, оқулық, сөздіктер, көрнекіліктер
007c -> «Тіл болашағы – ұлт болашағы» (өнеге сағаты) Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет