Дене тәрбиесінің амалдары



бет1/6
Дата06.02.2022
өлшемі355,67 Kb.
#80364
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3 апта презентация

Дене тәрбиесінің амалдары

Орындаған: Тұрғанбаева Анар

Тексерген: Амренова Ажар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті
Педагогика, Психология және Мәдениет факультеті
2020-2021 жыл

Дене тәрбиесі жаттығулары

  • Дене тəрбиесі жаттығулары негізгі амал болып табылады, өйткені ол білім беру, тəрбиелеу, сауықтыру секілді дене тəрбиесінің міндеттерін орындайды.Табиғаттың сауықтыру күші мен гигиеналық факторлар дене тəрбиесінің қосымша тəсілдері - бұлар дене жаттығуларымен бірге қолданылады. Арнайы дене тəрбиесі міндеттерін орындауға арналған, көп рет қайталанған адамның қимылын, əрекетін дене тəрбиесі жаттығулары дейміз. Қимылдың бəрі емес, тек дене тəрбиесі міндеттерін шешуге бағытталып, педагогикалық заңдылықтарға бағынған қимыл-қозғалыстар ғана дене тəрбиесі жаттығулары деп аталады. Дене тəрбиесі міндеттері - жаттығуды орындауды үйрену, жетілдіру, күшті, жылдамдықты дамыту т.с.с. Кейбір ұқсастықтары болса да дене тəрбиесі жаттығуларын еңбек, тұрмыс-қозғалыстарынан бөліп қарау керек. Еңбек ету кезіндегі қимыл-қозғалыстар материалдың бағалы заттар шығаруға бағытталған, өнеркəсіп заңдылықтарына бағынады. Кейбір қимыл-қозғалыстар (мысалы, отырып-тұру) дене тəрбиесі жаттығулары емес, оның бір ғана негізгі элементі. Дене тəрбиесі жаттығулары - көп рет қайталанатын күрделі құбылыс. Қазір пайдаланып жүрген дене тəрбиесі жаттығулары өте көп. Олардың мазмұны да əр түрлі. Дене тəрбиесі жаттығуы негізіне қимыл-қозғалыстармен бірге, адам ағзасында жаттығу жасалып жатқан кезде жүретін өзгерістер, жаттығудың адамға қандай əсер еткенін көрсететін үрдістер де кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет