Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, дене тәрбиесі кафедралары меңгерушілерінің мамандармен жұмысы туралы


ДТТ мен ӘО кафедрасы бойынша мамандармен жұмыс жүргізу барысы туралы ақпарат



бет2/8
Дата06.02.2022
өлшемі223,15 Kb.
#38127
1   2   3   4   5   6   7   8
ДТТ мен ӘО кафедрасы бойынша мамандармен жұмыс жүргізу барысы туралы ақпарат

Жоғары дәрежелі, кәсіби білікті мамандарды даярлау жоғарғы оқу орындарындағы дәріс беретін мамандардың сапасына байланысты болғандықтан осы кадр мәселесі маңызды орын алып отыр. Осы мәселеге кафедрада үлкен мән беріледі. Осы бағытта 2008-2009 оқу жылында кафедраға педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т.А. Ботагариев шақыртылды. Ол 2007-2008 жылдары мемлекеттік аттесатциялық комиссия құрамының төрағасы қызметін атқарды.


2008-2009 оқу жылынан бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша арнайы пәндерді тарих ғылымдарының докторы, әскери ғылымдар кандидаты Х.С. Мұханбеткалиев жүргізуде.
2007 жылы Р.Н. Испулова ҚР БҒМ-де Санкт-Петербург (Ресей) қаласында қорғаған кандидаттық диссертациясын қайта аттестациялаудан өтсе, осы 2007 жылы Г.А. Ергалиева педагогика ғылымдарының кандидаты атағына ие болды.
Кафедрада дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша 3 магистр жұмыс жасайды.
2010 оқу жылында оқытушы Б.А. Балыков кандидаттық диссертация қорғауды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда диссертация дайын, кандидаттық минимум емтихандары түгелдей тапсырылды. Аталған оқытушы Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің диссертациялық кеңесінің әдістемелік семинарының өту кезегін күтуде.
Оқытушы Н.К.Байтлесова Санкт-Петербург қаласындағы П.Ф.Лесгафт атындағы мемлекеттік дене тәрбиесі университетінің ізденушісі болып табылады. Сонымен қатар кафедрада ғылыми дәрежесі болмағанмен ЖОО-да 20 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі оқытушылар жұмыс жасайды. Осы орын алған олқылықты жоюдың бірден бір жолы РОӘК-де бекітілген оқу-әдістемелік құралдарын жарыққа шығару жолында тынбай еңбектену болып табылады.
Кафедрада мамандықтар бойынша төмендегідей оқытушылар жұмыс жасайды:
- 2 ғылым докторы- Т.А.Ботагариев, Х.С.Мухамбеткалиев (сондай-ақ әскери ғылымдар кандидаты)
- 5 педагогика ғылымдарының кандидаты – Б.У.Альмуханов, Р.Н.Испулова;
Г. А. Ергалиева, М.О. Даупаев, Т.И.Клименко .
- 1 биология ғылымының кандидаты- В.Л.Мельников
- 1 ЖАҚ доценті , ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы – К.И.Исмагулов
Оқытушылар арасында дене шынықтыру және спорт саласында болашақ мамандарды даярлауда самбо бойынша спорт шебері - К.И.Исмагулов, президенттік көпсайыс бойынша спорт шебері - В.Л.Мельников, самбодан спорт шебері магистр С.А.Бисалиев
Барлық оқытушылардың базалық білімі бар, олардың ішінде ТМД, ҚР алдыңғы қатарлы ЖОО-дан білім алғандары бар. Мысалы: Р.Н. Испулова Мәскеу қаласында, Исмагулов К.И., Ботагариев Т.А., Бобер В.В., Молдагалиев А.М. Алматы қаласының түрлі ЖОО-ын бітірді.
Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асыру бағытында ғылым докторлары жас мамандарға тәлімгер ретінде бекітілді.
Университетті бітіруші түлектер өз білімдерінің деңгейін көтеру бағытында магистратураға түсіп жатыр.

ДТТ мен ӘО кафедрасының меңгерушісі Р.Н. Испулова



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет