Деректер қорының негіздері. Реляциялық деректер қоры: BigData


Ендеше предикаттық есептеу тілі деректер қорындағы қолданыстағы қатынастардан сұранысқа жауап ретінде алынатын жаңа қатынасты анықтау әдісі болып табылады



бет2/5
Дата24.11.2022
өлшемі17,95 Kb.
#159719
1   2   3   4   5
Байланысты:
деректер қоры
Қол жуу , саясаттану, docx1644291109, pril 2
Ендеше предикаттық есептеу тілі деректер қорындағы қолданыстағы қатынастардан сұранысқа жауап ретінде алынатын жаңа қатынасты анықтау әдісі болып табылады.
Реляциялық ДҚБЖ мысалдары: MySql, PostgreSql. Реляциялық модельде шынайы өмір нысандары және нысандар арасындағы байланыс, өзара байланысқан кестелер (қатынастар) көмегімен ұсынылады.
ДҚБЖ функциялары бір немесе бір неше кестеден апарат таңдау үшін пайдаланған жағдайда да (яғни сұраныс жасалғанда) нәтиже кесте түрінде ұсынылады. Сонымен қатар сұранысты басқа сұраныстың нәтижелерін пайдалану арқылы жасауға болады.
Деректер қорының әр кестесі жолдар мен бағандар жиынтығынан тұрады, мұнда жолдар (жазба) – нысан, нақты оқиға немесе құбылыс саны, ал бағандар (өрістер) – нысанның, оқиға немесе құбылыстың атрибутта ры (белгілер, сипатта ма лар, параметрлер).
Деректер қорымен жұмыс жасау барысында пайда болатын ең негізгі мәселе – іздеуді ұйымдастыру. Соны мен қатар деректер қорында әдетте ақпарат көп болғандықтан, программалаушыларға тек іздеуді ғана емес, тиімді іздеуді жүзеге асыру міндеті қойылады, яғни іздеуді салыстырмалы түрде аз уақытта және жеткілікті дәлдікпен ұйымдастыру. Ол үшін (сұраныстардың өнімділігін тиімділеу үшін) кестенің кейбір өрістеріне индекстеу жүргізіледі. Индекстер бір бағанның көрсетілген мәні мен жолдарды жылдам іздеу үшін ыңғайлы. Индекссіз кесте бірінші жазбадан бастап тиісті жолдар табылмайынша, бүкіл кесте бойынша оқылады. Кесте неғұрлым үлкен болса, шығындар да көп болады. Егер кесте де қарастырылатын бағандар бойынша индекс болатын болса, он да деректер қоры деректердің барлығын қарастырмай, деректер файлының ортасынан іздеу үшін позицияны жылдам анықтай алады.
Деректер қоры кестелерінің арасындағы реляциялық байланыс
Шынайы өмір нысандары арасындағы байланыстар, деректер құрылымында көрініс табуы мүмкін немесе формальды емес деңгейде болуы мүмкін. Деректер қорының екі немесе одан да көп кестелерінің арасында бағынышты қатынастар болуы мүмкін. Олар негізгі (ата-ана) кестенің әрбір жазбасы үшін бағынышты (бала) кестенің бір немесе бір неше жазбасы болуы мүмкін. Деректер қоры кестелері нің арасындағы байланыстың 3 түрі бар:
«біреуден – көпке»;
«біреуден – біреуге»;
«көптен – көпке».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет