Дәрілік түрлер технологиясында дозалау жоспар



бет4/7
Дата04.03.2022
өлшемі72,35 Kb.
#134375
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дозалау қатты дәрілік тұр
Эссе на тему ТАБЛЕТКИ
Қабықшалы жабындардың артықшылықтары:

Қабықшалы жабындардың кемшіліктері:

  • ауада органикалық еріткіштер буларының үлкен концентрациялары (оларды ұстау немесе жою қажеттілігі);

  • қабықша түзгіштерді таңдау шектеулі.

Престелген жабындар. Бұл жабындардың түрі, роторлы агрегаты синхронды бергіш әткеншегімен (көлікті ротор) қосарланған болып келетін, екі ретті престеу таблеткалы машинасын қолдану арқасында пайда болды. Ағылшындық "Драйкотор" (фирма "Манести") машина түрінде екі 16 пуансондық роторы болады, ал отандықта РТМ-24 екі 24 ұялы роторлар болады. Машиналардың өнімділігі сағатына 10-60 мың. таблеткаларды құрайды.
Бір роторда ядроларды престейді, кейін оларды көліктік орталық құрылғылары бар әткеншегімен екінші роторға қабықшаны престеу үшін жібереді. Жабынды екі мезгілде формалайды: алдымен матрица ұяларына қабықшаның төменгі бөлігі үшін гранулят түседі; кейін бергіш әткеншегімен онда орталықтандырады және гранулятқа кішкене престелген ядро түседі; содан кейін кеңістікке грануляттың екінші үлесін таблетка үстіне бергеннен кейін жабын жоғарғы және төменгі пуасондармен ақырғы рет престеледі.
Престелген жабындардың артықшылықтары:

  • процестің толық автоматтандырылығы;

  • жағудың тездігі;

  • ядроға температура және еріткіш әсерлерінің жоқтығы.

Престелген жабындардың кемшіліктері:

  • жоғары кеуектілігі, сондықтан төмен ылғалқорғаныштығы;

  • бракты деорталық және жабынның қалыңдығы бойынша регенерациялау қиындығы.

Қабықшалармен жабылған таблеткаларды ары қарай бөлшектеп өлшеуге және орауға жібереді.
7. Тритурациялық таблеткалар деп ылғалданған массаларды арнайы формаға ысқылау, кейін кептіру арқылы формаланатын таблеткалар. Оларды, микротаблеткаларды (диаметр 1-2 мм) алу қажеттілігі кезінде немесе егер престеуде дәрілік заттың өзгеру мүмкін болған жағдайларда дайындайды. Мысалы, нитроглицериннің таблеткаларын тритурациялық түрде алады, бұл нитроглицеринге жоғары қысым әсерінен жарылуды болдырмас үшін жасалады.
Тритурациялық таблеткалар жіңішке ұсақталған дәрілік және қосалқы заттардан алынады. Қоспаны ылғалдандырады және көп саңылаулары бар пластина – матрицаға ысқылайды. Кейін пуансондар көмегімен таблеткалар матрицадан итеріледі және кептіріледі. Басқа әдіс бойынша таблеткаларды кептіру матрицаларда жүргізіледі.
Тритурациялық таблеткалар суда тез және оңай ериді, себебі олардың құрылысы кеуекті және оларда ерімейтін қосалқы заттар болмайды. Сондықтан бұл таблеткалар көз тамшыларын және инъекционды ерітнділерді дайындауда тиімді болып саналады.
Таблеткалардың сапасын сынау. Таблеткалардың кең таралғандығы, басқа дәрілік формалардың алдында артықшылықтар қатарын ие болуына байланысты, көптеген параметрлер бойынша стандартталуды қажет етеді. Таблеткалар сапасының барлық көрсеткіштерін шартты түрде физикалық, химиялық және бактериологиялық деп бөледі.
Таблеткалар сапасының физикалық көрсеткіштеріне жатады:

  • геометриялық (форма, бетінің түрі, жүздің болуы, қалыңдықтың диаметрге арақатынасы және т.б.);

  • физикалық (масса, массаны дозалаудың дәлдігі, беріктілік көрсеткіштері, кеуектілігі, көлемдік тығыздығы);

  • сыртқы түрі (бояулығы, дақтылығы, форманың және бетінің сақталуы, белгілердің және жазулардың болуы, диаметр бойынша сынықтың түрі және құрылысы);

  • механикалық қосылыстардың жоқтығы.

Таблеткалар сапасының химиялық көрсеткіштеріне жатады:

  • химиялық құрамының тұрақтылығы (жазуға мөлшерлік құрамының сәйкестігі, дозалаудың біркелкілігі, сақтау кезде тұрақтылығы, жарамдылық мерзімі);

  • ерігіштігі және ыдыраулығы;

  • дәрілік заттардың активтілігінің фармокологиялық көрсеткіштері (жартылай шығарудың мерзімі, элиминация константасы, биологиялық қол жетімділіктің дәрежесі және т.б.).

Таблеткалар сапасының бактериологиялық көрсеткіштеріне жатады:

  • залалсыздығы (имплантациялар және инъекциялар үшін);

  • ішекті тобының микрофлорасының жоқтығы;

  • сапрофиттермен және саңырауқұлақтармен шектеулі жиналуы.

Көбінесе әлемнің фармакөшірмелерінде таблеткалар сапасына қойылатын негізгі талаптар:

  • сыртқы түрі;

  • жеткілікті беріктілігі;

  • ыдыраулығы және ерігіштігі;

  • микробиологиялық тазалығы.

Сапаның нақты көрсеткіштері нормативтер түрінде ұлттық фармакөшірмелерінің жалпы және жеке басылымдарында көрсетілген.
Жалпы МФ ХІ басылымы нормалайды:

  • таблеткалар формасын (домалақ немес басқа);

  • беттің сипатын (жазық немесе екідөңесті, тегіс және біртекті, жазулармен, белгілермен, суреттермен);

  • сырғанайтын және майлайтын қосымшылардың шекті мөлшері;

  • үйкелуге тұрақтылығы (97% кем емес);

  • ыдыраулығы (қарапайым – 15 мин. дейін, қабықшамен 30 мин. дейін, ішекте еритіндер 1 сағатқа дейін);

  • ерігіштігі (45 мин. ішінде 75% дейін), ОФС «Еру» бойынша – 45 ішінде 70% дейін;

  • масса бойынша дозалаудың дәлдігі (5-10%);

  • дәрілік заттардың құрамы бойынша дозалаудың дәлдігі (5-15%).

Сонымен қатар нақты құрамға көрсетілген жеке басылымдарындағы нормативтерге рұқсат етіледі.
Көптеген көрсеткіштерді анықтау әдістемелері унифицирленген және жалпы басылымдардың қосымшыларында көрсетілген (дозалаудың дәлдігі және біртектілігі, ыдыраулығы және ерігіштігі, сонымен қатар үйкелуге беріктілігі). Кейбір көрсеткіштерді сараптамалық әдістемелер бойынша анықтайды: үйкелуге беріктілігінен басқасы, қысылуға беріктілігі "беріктіліктімерлерде", динамометрлерде немесе "калибровкалы иінтіректерде" анықтайды. Ерігіштікті ресми әдістемелерден "айналатын себет" басқа әдістермен домалақ түпті колбада араластырғышпен ("Диссолютест" құрылғысы), немесе ағынды немесе диализді кюветаларда (жаман еритін заттар және пролонгирлік әсерлі таблеткалар үшін) анықтайды. Таблеткалар сапасына әсер ететін параметрлер, әлі де НҚ нормаланбаған, кеуектілікті белгілеуге болады, оны сараптамалық түрде газауалыөткізгіштігі немесе пикнометрлік бойынша адсорбциялық әдістемелермен анықтайды.
8.Дәрілік форма ретіндегі таблеткалардың көптеген артықшылықтары өндірістің жоғары механикалығы арқасында дәрілік заттарды таблеттеудің жетістіктерін айтарлықтай кеңейті. Таблеттеленетін формаларды жетілдірудің негізгі жолдары келесі бағыттардан тұрады:

  1. Дәрілік заттарды тура престеу.

  2. Таблеттеленетін формалардың түрлерін кеңейту (көпқабатты, каркасматрицалы, тиртурациялық, иониттермен және сорбенттермен, терапевтикалық дәрілік жүйелер және т.б.).

  3. Таблеткаларды бақылауды және өндірісін автоматтау.

Тура престеу дәрілік заттардың оптималды қасиеттерін формалауға бағытталуына (бағытталған кристализация, тасымалдығышта сорбция), "құрғақ байланыстырғыштарды" және сфералық толтырғыштарды қолдануына, сонымен қатар арнайы қоректендіргіш таблеткалы машиналарды (материалды күштеу арқылы беру) және көпсатылы престеуді қолдануына байланысты болады.
Таблеткалар түрлерінің кең таралуы қабықшаларды әр алуан жағу нұсқаларын қамтамасыз етеді (биосұйықтықтарда ерімейтін, бірақ жартылай өткізгішті немесе калибровкалы саңылаулары бар қабықшаларда, лазер сәулесімен өткізілген және т.б.). Қызықты терапевтикалық эффектіге (бағдарламалық босатылу) "осмотическим насосы" бар таблеткалар, каркасты және матрицалы таблеткалар (майлы, бейорганикалық және полимерлі каркасымен), полимерден қатты дисперстік жүйелері бар таблеткалар ие болады.
Соңғы жылдары иониттермен және сорбенттермен таблеткаларды құрастыру ЖКТ бөлімінің реакциялық ортасына тәуелсіз пролонгирлі босатылу мәселесін табысты шешеді. Көпқабатты таблеткалар бір фазада үйлеспейтін заттар қосылысын немесе аналогтық пролонгирлеуді шешуге мүмкіндік береді (екі немесе үш сатылы сіңірілу).
Таблеткаларды престеу кезінде синхронды автоматтандырылған бақылау параметрін енгізу арқылы дайын өнім сапасын және оның әділді стандарттауын комплексті басқару мәселесін шешеді ("Датаконтрол" типті жүйесі – преутеу параметрлерінің – масса және қысымның автоматты ілесуі бар сапасының компьютерлі сертификаты).
9.Қазіргі кезде дәрілік форма ресми емес, бірақ МФ Х бойынша болған.
Драже – қант шәрбатын қолданып, инертті тасымалдағыштың микробөліктеріне активті әсер ететін заттарды қабатпен жағу арқылы алынатын дозаланған қатты дәрілік форма (ОСТ «ДЗ сапа стандарттары» бойынша).
Драже (Dragee)ішке қабылдауға арналған дозаланған қатты дәрілік форма, қант грануласына (крупка) дәрілік және қосалқы заттарды көпретті қабаттандыру арқылы алынады.
Әлі де бұл терминмен драждалған қабықшасы бар таблеткаларды атайды, бұл негізінен әр түрлі дәрілік формалар болып табылады, себебі драженің бүкіл массасы (қалыңдығы) қабаттану арқылы түзілген, ал формасы қатаң түрде шар тәрізді болып келеді.
Дәрілік форманың артықшылықтары (драженің негізгі жағымды қасиеттері):

  1. Қиын таблеттеленетін заттардың дозаланған қатты форма түрінде шығару.

  2. Бір дозада әсер ететін дәрілік заттардың сенімді бөлінуі (қабатталған жағу арқылы).

  3. Жағымсыз дәмді және иісті коррегирлеу.

  4. Дәрілік заттардың тітіркендіргіш әсерінінің төмендеуі.

  5. Жағымсыз сыртқы факторлардан қорғау (оттек, жарық, механикалық әсерлер).

Кемшіліктері:

  1. Дәрілік форманың пайдалы аз сыйымдылығы (0,1дейін дәрілік заттардың максималды массаса 1,0 дейін – қалғандары – қосалқы заттар).

  2. Дозалаудың аз дәлдігі (әсіресе дозалаудың біртектілігі бойынша).

  3. Баяу ыдыраулығы және босатылуы.

  4. Жұтыдың қиындығы, әсіресе балалармен.

  5. Жылулық жәнегидролитикалық ыдыраудың мүмкіндігі (технологиялық).

Жалпы, драже дәрілік форма ретінде, тиімсіз, сондықтан бірлік салмағы және сұрыптамасы басқа дәрілік формалар арасында үлкен емес. Бірақ кейбір заттар үшін бұл форма сәтті болып табылады, негізінен тұрақтылығы әсерінен.
Дражеге негізгі талаптар (олар – стандарттаудың көрсеткіштері болып табылады):

  1. Сыртқы түрі бойынша: дұрыс шар тәрізді, тегіс, түзу бетті формалар.

  2. Орташа массасы 0,1-ден 1,0 г-ға дейін массалар дәлдігі 10%.

  3. «Таблеткалар» жалпы басылымы бойынша «Еру» тесттің қажеттілігі.

  4. 30 минутқа дейін ыдыраулығы.

  5. Дәрілік заттардың құрамы – жеке ФБ бойынша.

  6. Дозалаудың біртектілігі.

Алынудың принциптері (драже технологиясы): дражеқайнатқыш қазанда қант грануласына дәрілік және қосалқы заттар қоспасын қабаттандыру.
Негізгі сатылардың қысқаша сипаттамасы:
І. Дайындау. Қажетті операциялар:
1) қантты гранулаларды (крупкалар) фракционирлеу.
2) ылғалдандыратын ерітінділерді немесе суспензияларды дайындау (шәрбаттарды немесе қаймақ түзгіш суспензияларды дайындайды).
3) себу үшін заттарды ұсақтау және елеу (қант опасы, ұн, магний карбонаты, тальк).
ІІ. Қабаттандыру (үш негізгі операциялардан тұрады, көпретті қайталанады):

  • ылғалдандыру;

  • себу;

  • кептіру.

ІІІ. Глянцовка – балауыз – май қоспасымен домалақтау.
IV. Бөлшектеп өлшеу және орама: автоматтарда – көлемді тарада (шыны және полимерлі) немесе контурлы ұяшықты орамада («блистер»).
Номенклатура: 16- тан астам атаулар.
Аса белгілілер: аскорбин қышқылының дражесі 50 мг, витамин D2 (эргокальциферола 500 МЕ), «Ретинол», «Ундевит», «Гендевит», «Гексавит», «Ревит», «Ренивит» – драже поливитаминді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет