Дәрілік түрлер технологиясында дозалау жоспар



бет6/7
Дата04.03.2022
өлшемі72,35 Kb.
#134375
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дозалау қатты дәрілік тұр
Эссе на тему ТАБЛЕТКИ
Ұнтақтау. Бұл кезеңнің мақсаты - бөлшектердiң мөлшерін кiшiрейтуi және олардың санының үлкейту арқылы бiртекті ұнтақ қоспаны алу. Демек, дәрiлік заттар ұсақтарының артуымен терапевтикалық тиімділіктің жоғарлауы ұнтақталудың әр кезде қабат бетінің үлкеюуі мен еркін бет энегриясының жоғарлауымен түсіндіріледі: F = S , мұндағы F - еркiн бет энергиясының өзгеруі, S - бет ауданының өзгеруi,  - беттiк керiлiс.
Елеу. Елеудiң мақсаты - бөлшектер мөлшерi бiрдей өнiмді алу.
Араластыру. Араластыру кезеңінің мақсаты - бiркелкi ұнтақ қоспасын алуы.
ГФ XI нұсқауына сәйкес барлық ұнтақтар массасына 0,05–тен кіші улы, қатты әсер ететін заттар жазылса, онда олардың тритуациясы, яғни индифференті заттар қоспасын (1:10 немесе 1:100) пайдалану қажет.
Оңай шаңдалатын заттары бар ұнтақтар. Көлемдік массасы аз оңай шаңдалатын заттар үккішкке соңғы уақытта қосылады.
Бояғыш заттары бар ұнтақтар. Бояғыш заттары бар ұнтақтарды дайындау арнайы белгіленген үстелде жүргізіледі, сонымен қоса оларға арнайы үккіштер мен таразылар бөлінеді.
Қиын ұнтақталатын затттары бар ұнтақтар
Қиын ұнтақталатын затттар екі топқа бөлінеді:

  1. Камфора, ментол, тимол, фенилсалицилат, йод.

  2. Бор қышқылы, натрий тетрабораты, салицил қышқылы, стрептоцид.

Экстракциалы ұнтақтар. Өсiмдiк экстрактiлерін құрғақ, қою және сұйық деп ажыратады.
Сұйық препараттары бар ( эфир майлары, тұнырмалар, сұйық экстрактілер) ұнтақтар.
Ұнтақтардың мөлшерлеуi 2 тәсiлмен жүргізіледі: 1 ) масса бойынша; 2 ) көлем бойынша.
Масса бойынша мөлшерлеу – дәлірек және негізгі тәсіл. Қол таразыларының
Ұнтақтарды қаптау және рәсiмдеу. Егер қаптаманың түрі рецептте көрсетiлмесе, онда ұнтақтарды қағаз капсулалар түрінде шығарған жөн.
Зауыт жағдайларындағы ұнтақтар өндiрiсi де, дәріханаларда дайындалатын операциялардан тұрады.

  • Ұнтақталу.

  • Салқындаумен ұнтақталу.

  • Араластыру.

  • Елеу.

ұнтақтардың сипаттамасы және классификациясы, дәріхана жағдайларында дайындаудың технологиялық сызбасы, күрделі ұнтақтарды дайындау тәртібі.
Таблеткалардәрілік заттарды немесе дәрілік және қосалқы заттардың қоспасын престеу немесе формалау арқылы алынатын, ішке немесе сыртқа қолдануға арналған қатты, дозаланған дәрілік форма.
Таблеткалардың классификациясы

  1. Өндіру әдісі бойынша:

  • Престеу

  • Тритурациялық

  1. Қолдану бойынша:

  • Пероральдық

  • Сублингвальдық

  • Имплантациялық

  • Инъекциялық ерітінділерді экстемпоральдық дайындау үшін таблеткалар.

  • Шаю, спринцевалау және басқа ерітінділерді дайындау үшін таблеткалар.

  • Арнайы тағайындалған таблеткалар

Таблеткаларға қойылатын негізгі талаптар:

  • Дозалау дәлдігі

  • Беріктілік

  • Ыдырау

  • Ерігіштігі

Бұл талаптарға таблеткалардың сәйкес болуы үшін таблеттеленетін ұнтақтар (грануляттар) белгілі технологиялық қасиеттерге ие болуы керек.

  1. Фракциялық (гранулометрлік) құрамы.

  2. Себілмелі тығыздығы (масса). Ұнтақ көлемінің бірлік массасы. Килограммның кубтық метрге қатынасымен сипатталады (кг/м3). Ол технологиялық көрсеткіштердің қатарын есептеу үшін қолданылады.

а) Вибрациялық тығыздалудың коэффиценті(Кv)
б) Салыстырмалы тығыздықты себілмелі тығыздығының материалдың тығыздығына (нағыз) қатынасымен пайызбен есептейді.

  1. Сусылмалылығы (ақыштығы) – комплекстік параметр, үздіксіз тұрақты ағынды түзе отырып, материалдың сыйымдылықтан, өзінің ауырлық күші әсерінен себілу қабілеттілігін сипаттайды.

Сусылмалылықты негізінен 2 параметр сипаттайды: себілу жылдамдығы және құламаның бұрышы.

  1. Ылғалқұрамдылық (ылғалдылық) – ұнтақта (гранулятта) ылғалдың проценттік құрамы.

  2. Ұнтақтардың престелуі – бұл қысым астында өзара тартылу және тіркеу қабілеттілігі.

  3. Матрицадан таблеткаларды итеру күші.

Дәрілік ұнтақты материалдарды престеу әдісі қатты фазада материалдарды қосу процесіне жатады ("суық сварка"). Престеудің барлық процестерін схемалық түрде 3 стадияға бөлуге болады. Бұл стадиялар өзарабайланысты, бірақ әрбіреуінде бір – бірінен өзгешеленетін механикалық процестер өтеді.
Бірінші стадияда бос орындарды толтыру арқасында деформациясыз бөлшектердің жақындауы және тығыздалуы жүреді. Екінші стадияда ұнтақ бөлшектерінің серпімді, пластикалық және морттық деформациясы пайда болады, олардың өзара сырғанауы және тұтастық (компактты) дененің түзілуі жүреді, бұл дене механикалық берікті болады. Үшінші стадияда түзілген тұтастық дененің көлемдік сығылуы жүреді.
Таблеткалау үшін арналған қосалқы заттардың негізгі топтары
Барлық қосалқы заттарды тағайындалуы бойынша бірнеше топтарға бөлінеді:

  1. Толтырғыштар (сұйылтқыштар)

  2. Байланыстырғыш заттар

  3. Қопсытқыштар

  4. Сырғанатын және майлайтын (антифрикциялық және антиадегезиялық) заттар

  5. Бояғыштар

  6. Корригенттер

Таблеткалар алудың үш технологиялық схемасы кең таралған: ылғалды, құрғақ гранулдауды және тура престеуді қолдану арқылы.
Технологиялық процесс келесі сатылардан тұрады:

  1. Дәрілік және қосалқы заттарды дайындау.

  • салмағын өлшеу;

  • ұсақтау;

  • елеу;

  1. Ұнтақтарды араластыру.

  2. Гранулдау (тура престеу кезінде сатысы болмайды).

  3. Престеу.

  4. Таблеткаларды қабықшамен жабу (саты болмау мүмкін).

  5. Сапаны сынау.

  6. Орама, маркировка.

Таблеткалар жабыны (қабықшасы) дәрілік форманың құрылымдық элементі болып екі негізгі функцияны атқарады: қорғаныш және терапевтикалық.
Биологиялық сұйықтықтарда ерігіштігіне байланысты таблеткалардың жабынын төрт топқа бөледі: суда еритіндер, асқазанда еритіндер, ішекте еритіндер және ерімейтіндер. Әр түрлі жабынды таблеткалардан заттардың босатылу құрамы және механизмі оқу құралдарында сипатталған.
Құрылыс және жағу әдісі бойынша таблеткалы жабындарды үш топтарға бөледі:

  • Драждалған (қантты);

  • Қабықшалы;

  • Престелген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет