Дәріс № Қазақ жазуының тарихы. Қарастырылатын сұрақтар


-1940 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ҚАЗАҚ ЖАЗУЫ



бет3/4
Дата05.10.2023
өлшемі83,5 Kb.
#183851
1   2   3   4
Байланысты:
316625209989 №4 дәріс

1929-1940 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ҚАЗАҚ ЖАЗУЫ


Қазақ графикасы - қоғамдағы түрлі тарихи-әлеуметтік өзгерістерге сәйкес бірнеше жазу нұсқаларына (араб, латын, кирил жазулары) бағындырылған қазақтың дыбыстық жазуы. Қазақ тілінің жазу тарихында әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келген-ді. 1929-1940 жылдар аралығында латын графикасына негізделген қазақ жазуы жүйеге енгізілді.
Кеңестер Одағында араб жазуын пайдаланып жүрген халықтар 1920 жылдары біртіндеп латын әрпіне көшуді қолға ала бастады. 1926 жылы 26 ақпанда Бакуде ашылған І Жалпыодақтық түркітану съезіне Қазақстан мен Орталық Азияның, Солтүстік Кавказдың, Сібірдің, Якутияның, Татарстанның ғылыми және қоғамдық ұйымдарының атынан 111 өкіл, сондай-ақ арнайы шақырту бойынша Германиядан, Австриядан, Ираннан, Түркиядан, Венгриядан, КСРО және Украина ғылым академияларынан, Шығыстану ғылыми ассоциациясынан келген 20 ғалым қатынасты. Съездің жұмысына тіл мамандарымен қатар, партия және кеңес органдарының, өнер, әдебиет, ағарту ісі мен білім беру саласының қызметкерлері белсене араласты. Бұл құрылтайға Қазақстаннан Е.Омаров, Б.Сүлеев, Т.Шонанұлы, Ә.Байсейітов, Н.Төреқұлов, А.Байтұрсынов қатысты. Съездің күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бастысы – түркі тілдес халықтардың жазуларын латын графикасына көшіру мүмкіндігін қарастыру еді. Бұл мәселе төңірегінде делегаттар арасында қызу пікірталастар орын алды. Съезде қазақ және татар зиялы қауым өкілдері бірлесе отырып, түркітілдес халықтарға латын қарпіне көшудің және ортақ әліпбидің енгізудің қажеті жоқ деген ұстанымда болды. Жиында қазақ «латыншылары» мен «арабшылары», ең алдымен, Н.Төреқұлов пен А.Байтұрсынов арасындағы талас-тартыс өз жалғасын тапты.
Бүкілодақтық құрылтайда сөйлегендердің дені латын жазуының техникалық артықшылығын, бас әріптің қызметін, қолға ыңғайлығын, көздің көруі, араб жазуының кемшілігін, әріптердің танылмауын, бас әріптің жоқтығын, баспада қиындық тудыратынын, оңнан солға қарай жазылуын, реформаланған араб жазуының түпнұсқасынан ауытқуын сөз етеді. Жазу, емле мәселелері бойынша Н.Яковлев, Л.Жирков араб жазуының қызметінің азайғандығын, жаңа тілдерді меңгеру үшін, жаңа прогресс, техника үшін латын графикасының керектігін айтса, Л.Щерба әр халық өз тұрғысынан шешім қабылдауын дұрыс көріп, бейтарап ұстанымда болды. А.Байтұрсынұлы төл жазудың аяқсыз жетілмей қалғанына басқа елдің жауап беруі дұрыс еместігін, әр халықтың өз жазуының деңгейі мен жолы бар екендігін атап айтты. Орыс графикасын пайдаланып келген халықтардың латынға көшуіне күмәнмен қарады. А.Байтұрсынұлынан басқа да сөз сөйлеген Ғ.Шараф, Г.Алпаровтар әзірбайжан халқы латын графикасының түгелдей әріп, таңбаларын қолданып отырмағандығын, 47-56 %-ын ғана пайдаланып жүргендігін айтып, ол дегеніміз латын жазуы емес, өзгертілген латын жазуы, бұл жазудың ғұмыры қысқа болатындығын алға тартты. Қазақ және Татар республикасы өкілдерінің қарсылығына қарамастан, съезге қатынасқан 131 делегаттың ішінен 101-і жаңа емлені қабылдау қажет деп дауыс берді.
Латын графикасын қабылдайтын түркі тілдеріне ортақ емле-ережелер де осы құрылтай қарарында бекітіліп қабылданды. Олар:
- орыс графикасының әріптерін алмау,
- бірдей дыбыстарға әріп алмау,
- диакритикалық таңба алмау,
- созылыңқы дауыссыздарды белгілемеу,
- қосар әріп алмау,
- жіңішке дауыстыға таңба алмау,
- дұрыс айту нормасын қалыптастыру,
- морфологиялық принципті ярпақ-япрақ, торпақ-топрақ деген сияқты сөздердің әдеби вариантын табу үшін пайдалану,
- кірме сөздерді түпнұсқа тілдегі айтылуы бойынша алу (волкан, вулкан емес)
- кірме сөздерді айтылуы бойынша игеру (орыстар буын жазуы бойынша игерген еді, енді айтылуы бойынша игереді),
- кірме сөздерді үндесім заңына бағындыру,
- кірме сөздер үшін әріп алмау (мысалы, орыс тілінде ғ, һ, ө, ь болмағандықтан Неіne – Гейне, Hьgo – Гюго болып жазылдады),
- халықаралық сөздердің соңындағы дауыстыны қысқарту: вакансия -ваканс, пианино - пианин, фортепиано - фортепиан,
- кірме сөздерде о әрпі тұрса, [о] дыбысы етіп айту. 
Бакуде съезд аяқталғаннан кейін Қазақстанда латын қарпіне өту мәселесін баспасөзде талқылау қайта жанданды. Бұл талқылауға қазақ қайраткерлерімен қоса орыс тілді қызметкерлер де тартыла бастады. Орталық баспасөзде тіл және латын әліпбиі мәселесі жөнінде Н.Феоктистовтың, П.Михеевтің және тағы басқалардың мақалалары жарық көрді. Латындандыру мәселесінде кенже қалып қойған Қазақстанда 1926 жылы «Қазақ латын әліпбиінің қоғамы» құрылып, оның басшылығына Т.Шонанов тағайындалды. Соған қарамастан латын қарпіне өту ісінде айтарлықтай ілгерілеу байқалмады. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Е.Омаров жетекшілігендегі «арабшылар» тобы бұрынғысынша араб графикасының негізіндегі қазақ әліпбиін қорғап, баспасөз беттерінде латын қарпіне өтудің қажетсіздігін дәлелдеуді жалғастырды. Бұл уақытта Орталықта жауапты қызметтерде болған қазақ қайраткерлері латын графикасының негізіндегі жаңа түркі әліпбиіне көшу ісіне бел шеше араласады. Олардың қатарында Н.Төреқұловпен қатар, С.Асфендиаров, Т.Рысқұлов, кейіннен Ә.Досов болды.
1928 жылдары «Еңбекші қазақ», «Лениншіл жас», «Тілші» газеттерінде латын әліпбиінің жобасы, сол графикамен басылған тақырыптар жариялана бастады. Алғаш жарияланған әліпби жобасында 24 әріп, 1 дәйекше болды (яғни төте жазудың жүйесінен ажырамады). Олар: а, b, c, d, e, h, g, j, і, k, l, m, n, o, p, q, r, s, t, u, v, y, z және (Тілші, 17.09.27). Осында берілген h - «ғ» - фонемасын таңбалады. Кейінгі бір жобада (Лениншіл жас, 30.11.28) «ғ» - q; «ы», «і» - ъ етіп берген. Z таңбасы сызықсыз жазылып, дәйекшені ^ таңбасымен ауыстырған. 1927 жылдың 4 сәуірінде Мәскеуде болған Қазақстандық студент жастардың жиналысында Н.Төреқұлов баяндама жасап, жазуды ауыстыруға тым ерте, әлі он жылдай уақыт керектігін айтқанымен өзінің авторлық әліпби жобасын жасап ұсынады. Н.Төреқұловтың әліпбиінде 28 әріп, 1 дәйекше болды: «а»-а, «е»-е, «і»-ы, і, «о»-о,ө, «u»-ұ, ү, «р»-п, «в»-б, «m»-м, «f»-ф, «w»-у, «t»-т, «р»-ғ, «d»-д, «s»-с, «z»-з, «c»-ш, «j»-ж, «n»-н, «l»-л, «r»-р, «у»-й, «k»-к, «g»-г, «q»-қ, «х»-х, «ћ»-ћ, «ŋ»-ң, «ә»-ә,«‘». Әліпбиде ф, х, ћ, қ, ғ, к, г дыбыстарының әрпі бар. Н.Төреқұловтан кейін Х.Досмұхамедұлы өзінің латын әліпбиінің жобасын құрады.
Жалпы Орта Азия түркі халықтарында, соның ішінде татарлар мен қазақ жерінде латын жазуына көшу тегістей қолдау таппады. Бұл үдеріс өте жай, баяу өрбіді. Осыған орай Қазанда 1928 жылы желтоқсанда жаңа түркі әліпбиінің бүкілодақтық пленумы шақырылды. Қазақстанның атынан О.Жандосов, Нұрмақов, Асфендияров, Тоғжанов, Т.Рысқұлов сынды зиялы қауым өкілдері қатысты. Бүкілодақтық пленумда көтерілген мәселелердің көпшілігі латын графикасына көшудің баяулығы, бас әріп мәселесі, емле қағидаттары, фонетикалық және морфологиялық ұстанымдарды қатар ұстау, әзірбайжан жазуы қабылдаған әліпби негізінде өзге халықтар әліпбиін бірдейлестіру сынды сұрақтар төңірегінде болды. Қазақстандық О.Жандосов біздің еліміз латын әліпбиіне көшуді кешіктіріп отырғанымен, бірлестіру жағынан әзірбайжандықтардан алда тұрғанын айтып, әліпбиді бірлестіру негізіне бір жазуды алу бұрыс екенін, әр халықтың өз жазуының дұрыстығын дәлелдеп сөзін қортындылайды.
1928 жылы 19 желтоқсанда «Жаңа қазақ әліпбиін енгізу туралы заң» қабылданып, латын графикасының негізінде құрылған жаңа әліпбиді мемлекеттік әліпби ретінде жариялайды. Бұл заң Қазақстанда латын әліпбиін жаппай енгізу науқанына жол ашқан болатын. Көп ұзамай, 1929 жылы тамызда «КСРО араб жазуы халықтарының жаңа латындандырылған әліпбиі туралы» қаулыға қол қойылып, бүкіл Одақ көлемінде жаңа әліпбиге өтудің негізін қалады. Осы қаулыға сәйкес түркі тілдес халықтар жаңа әліпбиге қысқа мерзімде, дәлірек айтқанда 1-2 жыл ішінде толықтай көшулері тиіс еді. Бүкілодақтық маңызы бар мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар араб жазуындағы басылымдарды тоқтатып, латын қарпін қолдануға міндеттелінді. 1929 жылы Қазақстанда барлық оқулықтар мен методикалық құралдар тек жаңа әліпбиде ғана басылып шығатын болды. 1930 жылдың қазанынан бастап араб әліпбиінде қандайда бір басылымдарды шығару толықтай тоқтатылды.
1929 жылы қазақ жазуының латын графикасына түпкілікті ауыстырылғаны туралы хабар беретін әліпби бекітілді. Жаңа әліпби 29 әріптен құрастырылды: а (a), ә (ә), ь (ы), о (о), u (ұ), е (е), і (і), ө (ө), у (ү), p (п), t (т), к (к), q (қ), s (c), c (ш), в (б), d (д), g (г), Ƣ (ғ), z (з), ç (ж), һ (һ), m (м), n (н), ŋ (ң), v (y), l (л), r (р), j (й). Бұл әліпбиде бас әріптің таңбасы болмады. 1930 жылдың ортасына дейін бас әріптің жазылуы: oŋ tystik qazaqьstan, аla tau (Оңтүстік, Алатау) болса, 1930 жылғы қаулыдан кейін Oŋ Tystik - Оң түстік, Аla Tau-Ala tau деп жазылды.
Әліпбиде қазақ тілінің өзіне тән 9 дауысты және 20 дауыссыз фонема болды. Қазақтың төл қ, ғ, к, г дыбыстарының жеке таңбасы болды, ь - ы таңбасы орыс әліпбиінен алынып, ƣ-ғ, č-ж, ŋ-ң таңбалары болды. Одағайларда ғана қолданылатын шығыстың кірме сөздерінде қолданылатын һ - һ дыбысының әрпін енгізді. Әліпбиде осыдан басқа кірме сөздерде кездесетін әріп қатары болмады.
Э әрпі бар сөздер экран – ekran, эксперимент – eksperijment, элемент – element, электр – elektir, экономика – ekonomijke, экватор – ekvator, коэффициент – koepijsijent деп берілді.
Орыс тіліндегі Я дыбысының жазылуы Е берілді: физиология – pizijologije+ler (пизійологійе), фамилия – pәmelije+ler (пәмелійелер).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет