Дәріс № Қазақ жазуының тарихы. Қарастырылатын сұрақтар



бет1/4
Дата05.10.2023
өлшемі83,5 Kb.
#183851
  1   2   3   4
Байланысты:
316625209989 №4 дәріс


Дәріс № 4. Қазақ жазуының тарихы.


Қарастырылатын сұрақтар:
1.Латын әліпбиінің тарихы.
2.1929-1940 жылдардағы латын графикасы негізіндегі жазу.


Латын әліпбиінің тарихы. Латын тілінің пайда болуы.
Латын тілі- Лацияның ежелгі мекендеушілері, Орталық Италияның шағын аумағын мекендеген латын тайпаларының тілі,. Лация мен Этрурия шекарасында Тибр өзенінің төменгі ағысы бойында аңыз бойынша б.з.д. 753р-да негізделген Рим(Roma) орналасқан. Римнің бой көтеруімен бірге оның айналасында біріккен итальян тайпалары латын тілін қабылдап, римдіктер аталына бастады. Соның салдарынан латын тілі Рим империясының едəуір бөлігіне таралды. Рим империясы Грекияны, Галлияны, Пиреней түбегінің бір бөлігін, Солтүстік Африканы, Кіші Азияны, Египетті және басқа да жерлерді жаулап алған. Грек тілі империяның екінші тілі болды.
Латын тілі Апеннин түбегінің шегінен шығып, Батыс Еуропада тарады.
Б. з. б. III - II ғғ-дың. екінші жартысы-бұл архаикалық латын деп аталатын әдеби латын тілін орнату кезеңі болып есептеледі.
Әдеби тіл б. з. б.. – бұл классикалық латын тілі ("алтын латын")-ғылыми-философиялық, саяси және техникалық терминологияға бай. Осы кезең латын тілінің дамуының ең жоғары деңгейі болып есептеледі. Бұны біз Гая Юлия Цезарь (б. з. д. 100-44 жж.), Марк Туллий Цицерон (б. з. д. 106-43 жж.) шығармаларынан байқай аламыз.
Антикалық қоғамның, Рим империясының құлдырауымен және жаңа халықтардың пайда болуымен латын халық ауызекі сөйлеу тілі романдық тілдердің: итальян, француз, испан, португал, румын және т. б. қалыптасуына түрткі болады.
Латын тілі қандай да бір халықтың қарым-қатынасының құралы болудан қалса да, ғылымның, әдебиет пен ресми актілердің жазбаша тілі ретінде сақталуын жалғастырды.
Қайта өрлеу дәуірінде (XIV - XVI ғғ.) Латын тілі ғылым мен дипломатияның халықаралық тіліне, ал мектептерде оқыту пәніне айналады.
ХVIII ғ. дейін барлық ғылыми жұмыстар латын тілінде жазылған.
Көптеген ғасырлар бойы латын тілі ғылым мен дипломатия, мектептер мен шіркеулер, Юриспруденция және т.б. тіл болып қалды. Және де медицинаның халықаралық тілі болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет