Дәріс 1 Цитология және гистология ғылымдарының мазмұны. Онтогенезде ұлпалар қалыптасуының кейбір жалпы заңдылықтары. Цитология мен гистологиядағы зерттеу тәсілдері


Дәріс 5 Клеткалық цикл. Соматикалық және жыныс клеткаларының бөлінуі



бет12/29
Дата25.05.2020
өлшемі173 Kb.
#71014
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29
Байланысты:
Дәріс 1-15. Цитология және гистология 2019-2020

Дәріс 5
Клеткалық цикл. Соматикалық және жыныс клеткаларының бөлінуі.
Көбею тірі организмдерге тән қасиет. Прокариот клеткалары күрделі аппарат құрмай-ақ тең бөлінеді. Эукариот клеткалары митоз және амитоз жолдары арқылы көбейеді. Клетканың екі бөліну аралығын клетка циклы деп атайды. Клетка циклы төрт кезеңнен тұрады: митоз (М), синтездің алды (G1), синтез (S), синтездің соңы (G2), G1, S, G2 кезеңдерін интерфаза деп атаймыз. Әр түрлі организмдерде клетка циклының ұзақтығы әр түрлі болып келеді. Мысалы тышқанның ішек эпителиясындағы клетка циклы, 18 сағат болса, ал қасаң қабықша эпителиясында 72 сағат. Митоз 4 фазаға бөлінеді: профаза, анафаза, телофаза, метафаза.

Профаза хромосомдар спиральданып, жуандап қысқарады. Бұл жағдайда хромосомдар микроскоп арқылы жақсы көріне бастайды. Ядрошық жойылады. Центриольдер екі еселеніп қарама-қарсы клетка полюстарына қарай қозғалады. Екі полюстегі центриольдердің аралығында бөліну үршігі түзіледі. Ядро қабығы жойылады.

Метафаза - хромосомдар клетканың экватор аймағына келіп бір жазықтыққа орналасып метафаза пластинкасын құрады. Әр хромосомның центромер аймағында бір ұршық жіпшесі жапсырылып (бекітіліп) тұрады. Метафазаның соңында сіңлілі хромосомдар (интерфаза кезінде ДНҚ-лары екі еселеніп пайда болған хроматидтер) бір-бірінен ажыратыла бастайды. Хроматидтер бір-бірімен тек центромер аймағында байланысып тұрады.

Анафаза – митоздың ең қысқа кезеңі. Бұл кезеңде сіңлілі хромосомдар бір-бірінен түгел айырылып қарама-қарсы полюстерге жылжиды. Хромосомдардың полюске жылжуына центромер бөлімі ықпал етеді.

Телофаза - телофазаның бастапқы кезеңінде хромосомдар полюстерге толық жетіп, олардың жылжуы тоқталады. Хромосомдар бастапқы дұрыс пішінін жоғалтып, ширатылып барып ұзын жіпшелерге айналады. Сонымен хромосомдар интерфаза хромосомдарының қалпына келе бастайды. Телофазада ядрошық және ядро қабықшасы пайда болады. Бұл кезеңде клеткада ядрошық аймағында РНҚ және белоктардың мөлшері көбейеді. Митоз ұршығы жойылып, клетка денесі бөлінеді. Митоз өсімдік және жануарлар клеткаларында ұқсас өтеді. Бірақ бірнеше айырмашылығы бар: 1) өсімдіктерде центриоль болмайды; 2) клетка денесінің бөлінуі (цитотомия) өсімдіктерде экватор аймағында қалыптасатын жаңа қабат арқылы болады, ал жануарлар клеткасы үзбе арқылы бөлінеді.

Көбінесе митоздың ұзақтылығы өсімдіктерде 2-3 сағат, жануарларда 30-60 минут болады. Митоз фазаларының ұзақтылығы:

профаза 2-270 мин.

метафаза 0,3-175 мин.

анафаза 0,3-122 мин.

телофаза 1,5-400 мин.



Амитоз амитоз жай, тура бөліну. Күрделі митозбен салыстырғанда амитозда ахроматин ұршығы және хромосом қалыптаспайды. Аналық клетка ұзарып, ортасында жіңішкеріп үзбе арқылы бөлінеді. Амитоз жолында кейде ядро бөлініп цитоплазма бөлінбейді. Сол жағдайда екі және көп ядролы клетка пайда болады. Амитоз жолымен пайда болған клеткалар кәдімгі мейоз жолымен бөліне алмайды да, соңында өледі. Амитозды сүтқоректілердің уақытша пайда болатын ұрық қабықшаларында кездестіруге болады. Ал, инфузорияның макронуклеусының бөлінуі сырттан қарағанда амитозға ұқсаса да, бір ерекше бөліну түрі болып саналады. Қазіргі көзқарас бойынша ол митоздың өгеруінен пайда болған клетка бөліну түрі (26-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет