Дәріс 1 Цитология және гистология ғылымдарының мазмұны. Онтогенезде ұлпалар қалыптасуының кейбір жалпы заңдылықтары. Цитология мен гистологиядағы зерттеу тәсілдері


Нейро-эффекторлы мүшелі синапстар



бет29/29
Дата25.05.2020
өлшемі173 Kb.
#71014
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Дәріс 1-15. Цитология және гистология 2019-2020

Нейро-эффекторлы мүшелі синапстар

Синапс арқылы екі нейрон жалғасса, оны нейрон арасындағы синапс дейміз. Ал кейде аксон басқа ұлпалармен жалғасып эфферентті синапс жасайды.

Қозғалтқыш немесе моторлы синапстар бұлшық етпен жалғастырады. Миелинді нерв талшығы бұлшық етпен түйісетін жерде миелинсізге айналады да бірнеше бұтаққа бөлініп, бұлшық ет талшығына батып тұрады. Медиатор ацетилхолин синапс көпіршіктерінде жиналып синапс саңылауына шығады. Мұнда постсинаптикалық мембаран бұлшық етті талшығының сарколеммасы болады. Қозу бұлшық етке жетеді де бұлшық ет қысқарады, немесе созылады да қимыл пайда болады.
Рецепторлар

Морфология жағынан рецепторлар бос және бос емес болып бөлінеді. Бос рецепторлар ұлпаларыдң клеткаларының арасында жатады. Ал бос емес рецепторларды глиоциттер қоршап жатады.



Бос емес рецепторлардың сыртында кейде дәнекер ұлпалы капсула болады. Ол рецепторларды капсулалы деп атайды. Капсуласы болмаса – капсуласыз деп атайды. Капсуласыз рецепторлар дәнекер ұлпаның ішінде кездеседі. Ал капсулалы рецепторлар механорецепторлар Мейскер рецепторы, Фатер-Пагини рецепторлары және Краузе колбалары (терморецепторлар).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет