Дәріс. №1. Кіріспе Дәрістік сабақтардың конспектілері



бет4/11
Дата19.12.2019
өлшемі1,02 Mb.
#53809
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Lesson 60
Anyqtalgan Integral , Достык туралы накыл создер, Computer-Grafica-system , Сетевая модель OSI

NetBIOS/SMB стегі

Microsoft және IBM фирмалары дербес компьютерлерге арналған желілік құралдарды жасауда бірлесіп жұмыс істеді, сондықтан NetBIOS/SMB хаттамаларының стегі олардың бірлескен еңбегінің нәтижесі болып табылады. NetBIOS/SMB құралдары 1984 жылы желілік сервистерді іске асыру үшін SMB (Service Message Block) хаттамасын қолданбалы деңгейде қолданған (2.11 сурет) IBM фирмасының PC NetWork желілік бағдарламасына арналған IBM PC базалық енгізу/шығару жүйесінің (BIOS) стандарттық функцияларын желілік кеңейту ретінде пайда болды.

NetBIOS хаттамасы ашық жүйелердің: желілік, көліктік және сеанстық жүйелердің өзара әрекеттесу үлгісінің үш деңгейінде жұмыс істейді. NetBIOS IPX және SPX хаттамаларына қарағанда жоғарырақ деңгейдегі сервисті қамтамасыз ете алады, дегенмен, маршруттау қабілеті жоқ. Осылайша, NetBIOS осы сөздің қатаң мағынасында желілік хаттама болып табылмайды. NetBIOS-те желілік, көліктік және сессиялық деңгейге жатқызуға болатын көптеген пайдалы желілік функциялар бар, дегенмен оның көмегімен дестелерді маршруттау мүмкін емес, өйткені NetBIOS кадрлармен алмасу хаттамасында желі сияқты түсінік енгізілмеген. Бұл NetBIOS хаттамасын ішкі желілерге бөлінбеген жергілікті желілердің қолдануын шектейді, бұл оның құрамдас желілерде қолданылуын мүмкін емес етеді. NetBIOS дейтаграммалық алмасуды да, қосылыстарды орнататын алмасуды да қолдайды.

             

SMB

           



 NetBIOS 4                    

2.11. сурет. NetBIOS/SMB стегі.

OSI үлгісінің қолданбалы өкілдік деңгейлеріне сәйкес келетін SMB хаттамасы жұмысшы станцияның сервермен өзара әрекетін реттейді. SMB функциясына келесі операциялар кіреді:

· Сессияны басқару. Жұмысшы станция мен файлдық сервердің желілік ресурстарының арасындағы логикалық арнаны жасау және үзу.

· Файлдық қолжеткізу. Жұмысшы станция файл-серверге каталогтарды жасауға және өшіруге, файлдарды жасауға, ашуға және жабуға, файлдарға оқуға және жазуға, файлдардың атын өзгертуге және өшіруге, файлдарды іздеуге, файл атрибуттарын алуға және орнатуға, жазбаларды бұғаттауға сұраныспен жүгіне алады.

· Баспа сервисі. Жұмысшы станция файлдарды басып шығару үшін серверде кезекке қоя алады және баспа кезегі туралы ақпаратты ала алады.

· Хабарламалар сервисі. SMB келесі функциялары бар қарапайым хабарламаларды беруді қолдайды: қарапайым хабарлама жіберу, кеңхабарлау хабарламасын жіберу, хабарлама блогының басын жіберу, хабарлама блогының мәтінін жіберу, хабарлама блогының соңын жііберу, қолданушының атауын жіберу, жіберуден бас тарту, машинаның атын жазу.

NetBIOS ұсынған API функциялары қолданатын қомысшалардың саны көп болғандықтан, көптеген ОЖ-де бұл функциялар өздерінің көліктік хаттамаларына интерфейс түрінде іске асырылған. NetWare-де IPX хаттамасының негізінде NetBIOS-тың фукнцияларын эмуляциялайтын бағдарлама бар. Windows NT және TCP/IP стегіне арналған NetBIOS бағдарламалық эмуляторлар бар.

SNA стегі. DECnet стегі. OSI үлгісінің деңгейлеріне коммуникациялық жабдықтардың түрлерінің функционалдық сәйкестігі.



SNA стегі

SNA (Systems Network Architecture) – бұл үлгіні IBM мейнфреймдері базасында жасалған желілерге арнап IBM жасап шығарған және желінің барлық элементтерінің: компьютерлердің, терминалдардың, концентраторлардың, жүйелік және қолданбалы бағдарламалардың арасындағы өзара әрекеттесуді стандарттайды. SNA хаттамалары желілік хаттамаларға қойылатын негізгі заманауи талаптарды қанағаттандырады: маршруттау құралдарының болуы, сервистің әртүрлі деңгейі, берілетін деректердің түрлері мен тәуелсіздік, басқа желілік сәулеттермен өзара әрекеттесу мүмкіндігі. Корпоративтік желілердің саны көптеп өсуі жергілікті желілерді мейнфрейм желілерімен біріктіру сұрақтарын өзекті еткендіктен, SNA стегі жақын уақытта бұдан да кең таралуға ие болатындығын күтуге болады.

Бұл үлгі OSI үлгісіне өте ұқсас: ол да атаулары ұқсас жеті деңгейден тұрады:

1. физиклық деңгей (Physical Layer) – физикалық қосылысты қамтамасыз етеді.

2. Деректер байланысын басқару жүйесі (Data Link Control) деректерді түйіндердің арасында береді. Бұл деңгейде деректерді беру үшін SDLC хаттамасы қолданылады – OSI хаттамалары стегінің HDLC хаттамасының (OSI үлгісінің арналық деңгейіне сәйкес келеді) ішкі жиынтығы болып таблатын, деректерді синхронды беру хаттамалары.

3. Маршрутты басқару (Path Control) – деректердің дестелерін бастауы мен жету түйіні арасында маршруттайды (OSI үлгісінің желілік деңгейіне сәйкес келеді). Бұл хаттамада маршруттаудың дейтаграммалық принципі қолданылады - әрбір хабарлама – бұл тәуелсіз дейтаграмма. Жол көрсетудің екі әдісі қолданылады: анық және виртуалдық. Анық жол кезінде әрбір түйінде осы жолдардың сипаттамасы бар маршруттар кестесі жасалады. Анық жолдар динамикалық өзгере алмайды. Виртуалдық жол (логикалық қосылыс) анық жолдың үстіне салынған қосмша болып табылады және жұп түрінде болады – анық жол және беру басымдығы (ол сервистің сапасын анықтайды). Әртүрлі виртуалдық жолдарға бір анық жол сәйкес келе алады.

4. Беруді басқару (transmission Control) – деректерді алмасу жылдамдығын келістіреді (OSI үлгісінің көліктік деңгейіне сәйкес келеді)

5. Деректер ағынын басқару (Data Flow Control) – деректерді алмасуды синхрондайды (OSI үлгісінің көліктік деңгейіне сәйкес келеді)

6. Көрсету қызметі (Presentation Services) – деректерді форматтайды (OSI үлгісінің өкілдік деңгейіне сәйкес келеді)

7. Транзакция қызметі (Transaction Services) - құжаттарды алмасуды және таратылған деректер қорына қол жеткізуді басқарады (OSI үлгісінің сессиялық деңгейіне сәйкес келеді)

SNA желісінде логиклық құрылғылардың арасында өзара әрекеттесу жүреді (Logical Unit - LU): логикалық құрылғылар соңғы қолданушыларды (бұл жағдайда олар IBM 3270 терминалымен көрсетілген) немесе қолданбалы бағлардамаларды көрсете алады. Соңғы қолданушылар арасындағы байланыс LU-LU сеансы деп аталатын сәйкес логикалық құрылғылар арасындағы логикалық байланыс арқылы іске асады. Желі арқылы өзара әрекеттесуді LU-LU сеансы орнағаннан кейін ғана, және өзара әрекеттесуге қатысатын логикалық құрылғылардың типі анықтайтын хаттамалар бойынша ғана іске аса алады. Мысалы, LU1 құрылғысы арқылы қолданбалы бағдарламадан қарапайым принтерге және жазу машинкасы түріндегі терминал пернетақтасына, LU2 және LU3 құрылғылары арқылы – дисплейлерге және сәйкесінше IBM 3270 деректер ағыны бар дисплейлік кешендердің принтеріне қол жеткізуге болады. LU 6.2. түріндегі логикалық құрылғылар арқылы қолданбалы бағдарламалар арасындағы өзара әрекеттесу жүреді.

SNA стегінде Logical Unit Type 6.2 Advanced Program-to-Program Communications (APPC немесе SNA LU 6.2) деп аталатын LU 6.2 түріндегі екі құрылғылардың арасындағы өзара әрекеттесу хатамасы OSI үлгісінің желілік деңгейінің хаттамасының ролін атқарады – ол гетерогендік желілерде деректерді беруді ұйымдастырады.

АРРС хаттамасы Subarea SNA деп аталатын IBM компаниясының желілік сәулетінің бірінші буынына жатады. Ол туралы 1974 жылы жарияланған болатын. Subarea SNA сәулетіне сәйкес, желінің негізгі концентраты мейнфрейм болған, онда Virtual Telecommunications Access Method (VTAM) бағдарламалық қамтамасыздауы жұмыс істеген. Мейнфрейм желідегі барлық коммуникациялардың орнатылуы үшін жауап берген. SNA желілік сәулетінің екінші буыны болып APPN – Advanced Peer to Peer Networking сәулеті табылады, ол IBM компаниясының желі аралық өзара әрекеттесуінің стратегиясының негізгі компоненті болып табылады.

APPN сәулеті SNA-ны оларда орта кластағы компьютерлер бір рангтік әрекет етуді қажет ететін мейнфреймдері жоқ есептеу орталарына арнап кеңейту үшін жасалған.

APPN-нің қосылыстары бір рангтік болып табылады және кез-келген соңғы қолданушыға, осы процеске мейнфреймді қоспай кез-келген екінші соңғы қолданушымен жалғасуды бастауға мүмкіндік береді.

APPN желілік әкімшілеуді анықтамалық және маршруттық ақпаратты динамикалық жасаудың есебінен жеңілдетеді. APPN SNA сессиясының трафигіне басымдық беруді қамтамасыз ететін қызмет ету класын (Class of Service, COS) енгізеді, ол сервистің қазіргі кезде бар кластарын олрдың соңғы түйіндердің деңгейін дейін кеңейту жолымен және бөлешектеудің үлкен дәрежесін қамтамасыз ету жолымен жақсартады.

APPN желісі арқылы Dependent LU Requester (DLUR) көмегімен SNA –трафикті беруге болады. APPN-ді келесі жағдайларда қолдану ұсынылады:

- соңғы қолданушы басымдық беру ретін жеткіліксіз бөлшектеп анықтаған жағдайда, мысалы ол басымдығы төмен қосымшаларды да, басымдығы жоғары қосымшаларды да орындағанда;

- SNA-трафик трафиктің негізгі бөлігін құрағанда, ал желінің инфрақұрылымы және қызмет көрсетуші қызметкерлердің тәжірибесі негізінен SNA сәулетіне сәйкес келгенде;

- AS/400 немесе OS/2 сияқты таратылған платформаларға арналған клиент-сервер сәулетінде LU6.2 қосымшалары көп болғанда;

- Мейнфрейм арқылы өтпейтін, SNA-трафиктің бір рангтік маршрутталуы қажет болғанда.

SNA трафигі мен NetBIOS–ты TCP/IP (RFC-1434) және frame relay (RFC-1490) дестелеріне инкапсуляциялау әдістерін анықтайтын екі стандарттар бар. SNA-ны TCP/IP-ге инкапсуляциялау әдісі Data

Link Switching (DLSw) деп аталады. Бұл хаттамалардың көмегімен SNA трафигі корпоративтік желінің магистралдарының бойымен ауыса алады.




DECnet стегі

Digital Equipment корпорациясы хаттамалардың меншік стегін – DECnet-ті қолдайды, ол физикалықтан бастап қолданбалыға дейінгі барлық деңгейлердің сервисінен тұрады. DECnet хаттамасының стегінің бес фазасы (Phases) немесе нұсқалары бар. Корпоративтік желілерде қолдану үшін ең қолайлы болып Phase IV және Phase V нұсқалары табылады.

DECnet Phase IV стегін Digital Equipment корпорациясы 1982 жылы OSI стандарттық үлгісіне сәйкес келмеген меншік көпдеңгейлі тәсілді қолданып жасап шығарған. Барлық жерде қолданылатын Ethernet типіндегі хаттаманы төменгі деңгейде қолдай отырып, бұл стек негізінен меншік, фирмалық хаттамалардан тұрған және көбінесе VAX компьютерлерінде қолдануға бағытталған.

1987 жылы Digital корпорациясы Phase V стегін жариялады және оны Advantage – Networks деп атады (стектің алғашқы өнімдері тек 1991 жылы пайда болды). Оны жариялау кезінде қолданушыларға көпхаттамалы желіні жасауға және оны басқаруға көмектесуге ұмтылу ерекше атап өтілді. Бұл стектің ерекшелігі болып, оның Phase IV-те іске асырылған DECnet меншік стегімен қатар, TCP/IP және OSI стектерінің хаттамаларын біруақытта қолдануға мүмкіндік беретіндігі табылады.

Phase V стегі қосымша стандартты хаттамаларды қосудың есебінен Phase IV стегін дамыту ғана болып табылмайды. Ол OSI үлгісіне сәйкес толығымен қайта жазылған, сондықтан хаттамалар модульді жұмыс істей алады. TCP/IP және OSI хаттамаларымен өзара әрекеттесуден басқа, ол сондай-ақ атаулардың таратылған қызметін және желіні таратылған басқаруды қоса алғанда, корпоративтік желіде өте қажет дамыған сервистерді ұсынады.

Дәріс. 3. Тақырып. Компьютерлік тораптардың аппараттық құралдары

1. Коммуникациялық құралдардың қазіргі компьютерлік тораптардағы ролі.

2. Коммуникациялық құралдардың негізгі түрлерінің функциональды аттары, байланыс желілері, тораптық адаптерлер, қайталағыштар мен конденсаторлар, көпірлер мен конденсаторлар, маршрутизаторлар, шлюздар.

3. Коммуникациялық құралдардың OSI модель деңгейіне функциональды сай келуі.

Желілік адаптерлердің, қайталаушылардың, көпірлер мен маршруттаушылардың арасындағы айырмашылықты түсінудің ең жақсы әдісі болып, олардың жұмысын OSI үлгісінің терминлерінде қарастыру табылады. Бұл құрылғылардың фукнциялары мен OSI үлгісінің деңгейлерінің арасындағы арақатыс 3.1 суретте көрсетілген.

Сигналдарды регенерациялаушы, және соның есебінен желінің ұзындығын көбейтуге мүмкіндік беретін қайталаушы, тек қана физикалық деңгейде жұмыс істейді.

Желілік адаптер физикалық және арналық деңгейде жұмыс істейді. Физикалық деңгейге байланыс линиясы бойымен сигналдарды қабылдау және беруге байланысты адаптер функциясының бөлігі жатады, ал берудің бөлінетін ортасына рұқсат алу, компьютердің МАС-адресін тану – бұл арналық деңгейдің функциясы.

Көпірлер арналық деңгейде өз жұмысының көп бөлігін орындайды. Олар үшін желі құрылғылардың МАС-адрестерінің жинағымен көрсетіледі. Олар арналық деңгейде дестелерге қосылған тақырыптардан осы адрестерді алып шығады және оларды қандай-да бір дестені қандай портқа жіберу керектігі туралы шешім қабылдау үшін дестелерді өңдеу кезінде қолданады. Жоғарырақ деңгейге қатысты желі адрестері туралы ақпаратқа көпірлерде рұқсат жоқ. Сондықтан олар желі бойымен дестелерді жылжытудың мүмкін жолдары немесе маршруттары туралы шешім қабылдауда шектелген.

Маршруттаушылар OSI үлгісінің желілік деңгейінде жұмыс істейді. Маршруттаушылар үшін желі – бұл құрылғылардың желілік адрестерінің жинағы және желілік жолдардың жиынтығы. Маршруттаушылар желінің кез-келген екі түйіндерінің арасындағы барлық болуы мүмкін жолдарды сараптайды және олардың ішінен ең қысқасын таңдайды. Таңдау кезінде назарға басқа факторлар да алынуы мүмкін, мысалы, аралық түйіндер мен байланыс линияларының жағдайлары, линияның өткізгіштік қабілеті немесе деректерді берудің бағасы.

OSI үлгісінің деңгейлері



сеанстық

Көліктік

Желілік

арналық

физикалық


 

 

 

 

 

 

 

 

Шлюз

 

 

 

 

 

 

 

 

 




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




 




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




 




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




 

 

 

 

 

 

 

Маршрутизатор

 

 

 

 

 

 

 




 

 

 




 

 

 

көпір/коммутатор/желілік адаптер

 




 

 

 



















 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 










 

 

 




 

 

 

қайталаушы

 

 

 




 

 

 




 

 

 




 

 

 




 




 

 

 




 

 

 







 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 













 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет