Дәріс №1 Кіріспе және негізгі түсініктемелерге анықтаулар


биосферадағы көміртегінің айналымы



бет11/45
Дата28.06.2022
өлшемі365,41 Kb.
#147147
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45
Байланысты:
Д ріс №1 Кіріспе ж не негізгі т сініктемелерге аны таулар
шпоры механика, 13 UkM, Строки в python, Каталогг Июля 2022, 1587446007
биосферадағы көміртегінің айналымы
Органикалық заттар көміртегі атомдарының негізінде құрылған. Көміртегі атомдары негізгі арнайы ерекшеліктерімен бір–бірімен ұзын тізбектерді және мөлшері бойынша әртүрлі циклдарды, жай және қос байланыстармен пайда болу қабілеттілігі бойынша өмір сүру процесі үшін ең маңызды болып саналады. Көміртегі айналымы эволюция барысында пайда болған 2 фундаментальды процестердің 1) фотосинтез, 2) жасушалы тыныс алу, әрекет ету механизмдері арқылы пайда болады. Химиялық тұрғыдан фотосинтез өте күрделі процесс. Ол жасушаларында хлорофилл молекулалары бар ағзаларда өтеді. Фотосинтез процесінде күннің электромагнитті энергиясы органикалық заттардың, біріншіден, көмірсулардың, химиялық байланысына ауысады. Жыл сайын планетада фотосинтез нәтижесінде биомассаның өсуі шамамен 200 млрд. тоннаға тең болады. Ал жасушалы демалу – бұл фотосинтезге қарама–қарсы жүретін процесс. Синтезделген немесе түзілген органикалық көмірсулар қайтадан СО2 және Н2О–ға ыдырайды. Бұл процестің мақсаты – көмірсулар молекулаларының тотығу жолымен энергияны шығаруы, ол энергияның аденазинүшфосфат формасына (АТФ) айналуы және жасушаның әртүрлі энергиялық қажеттілігіне пайдалану.
Бағалау бойынша СО2 – нің орташа жылдық айналымының өнімділігі 6∙109 тонна (1 грамм топыраққа). Көміртегі оксидінің атмосферада болу уақыты 53 жыл.
Көміртегі айналамын жалпы түрде мына сызбанұсқа арқылы беруге болады:
СО2
↓↑
Н2О ↔ Н2СО3 ↔ Н+ + НСО3- ↔ Н+ + СО32-
+ Са2+

СаСО3
Биосферада көміртегінің ғаламдық жылжымалылығы 2 үлкен масса алмасу циклмен анықталады: 1) СО2 ассимиляциясымен (синтез) және органикалық заттың фотосинтез жолымен, Н2О ыдырауымен және осы процестердің керісінше жүруімен. 2) СО2 газы табиғи сулармен химиялық әрекеттесіп карбонат, гидрокарбонаттар жүйесін түзеді және сіңіру, шығару процестерімен СО2 – нің айналымын қамтамасыз етеді.
Бұл екі айналым тірі зат әрекетімен тікелей байланысты. Бірақ көміртегінің масса алмасу құрылысында анықталған өзгерістерді адамзат әрекеті әкеледі: жер жырту, қала және жол салу, ормандарды кесі, т.б. әрекеттер арқылы. Көміртегінің ең көп мөлшері литосферада минералды тау жыныстары және қазынды отын (торф, көмір, мұнай) түрінде байланысқан. Екінші орында Әлем мұхиты құрамында көміртегінің мөлшері ерігіш минералды қосылыстар және жүзгіндер құрамында болады. Үшінші орында топырақтың органикалық заты, төртінші орында өсімдіктердің фитомассасында болады.
Сонымен, ғаламдық көзқарастан көміртегінің айналымы – планетаны мекендейтін барлық тіршілік организмдерінің өмір сүру процесін бірыңғай бірлестіретін күрделі биосфералық процесс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет